84. Х жұп ми нерві, ядролары, топографиясы, тармақтары, нервтендіруаймақтары.92%
Х-шы жұп: кезбе нерв n.vagus– аралас нерв яғни қозғалтқыш, сезімталдық, дәм сезу және вегетативтік нерв талшықтарынан тұрады және үш ядросы болады ягни 1-қозғалқыш, 2-сезім, 3-вегетативтік:
-ядроларына келсек :
а) қосарланған ядро – nucleusambiguus – қозғалтқыш, ол сопақша мида ІХ-шы және ХІ-ші жұп ми нервтерінің қозғалтқыш ядроларымен қосарланып бірге орналасады;
б) дара жол ядросы – nucleustractussolitarii – сезімтал, басқа да ми нервтерінің (ІХ, VІІ ж.т.б.) сезімтал ядроларының жалғасы есебінде сопақша мида орналасқан;
в)кезбе нервтің дорсалді ядросы nucleusdorsalisn.vagi – вегетативтік парасимпатикалық ядро, олда сопақша мида жатады, яғни ромб тәрізді шұңқырдың төменгі үшбұрышындағы кезбе нерв үшбұрышында trigonum n. vagi-да проекцияланады;
-n.vagus-тыңмида орналасатын жері:
-n.vagus сопақша мидан артқы латералді жүлге sulcusposterolateralis арқылы шығады, n.glossopharyngeus-тен төмен жатады және 10-15 түбіршік түрінде шығып, жуан сабау түзеді;
-n.vagus-тыңбассүйектегі орны:
-бас сүйектен мойындырық тесік ягни foramenjugulare арқылы шығады;
- бұл жерде бір ескеретін жағдай олforamenjugulareарқылы n.vagus-пен бірге ІХ-шы, ХІ-ші жұп ми нервтерінің және ішкі мойындырықтық вена жүреді
-n.vagus-тың жүретін жолының топографиясы,тармақтары және нервтендіретін ағзалары:
- n.vagus-тың сезімтал нерв таршықтарыforamenjugulare-ден шығарда жоғарғы түйін (ganglionsuperius) және шыққан соң төменгі түйін (ganglioninferius) түзеді; екі түйінде жалған униполярлы нейрондармен құралған, яғни униполярлы нейронның (1-ші нейронның) шеткі өсінділері (аксондары)n.vagus-тың құрамымен және оның тармақтарымен ағзаға жетіп рецепторлармен қосылады, ал орталық өсінділеріn.vagus-тың құрамында миға бағытталып, оның сопақша мидағы сезімтал дара жол ядросына (nucleustractussolitarii) барады (2-ші нейрон), әрі қарай сезім импульстары сезімнің қыртысасты орталығы таламусқа (3-ші нейронға) беріледі, одан сезім талшықтары қыртыс орталығы орталықартқы қатпарға gyruspostcentralis-ке барады;
-бассүйек қуысынан foramenjugulare арқылы шыққаннан соң, n.vagusалдымен v.jugularisinternaжәнеa.carotiscommunis арасында, тамырлардың артында, олармен бір қынапта орналасып, төмен бағытталады;
-әрі қарайn.vagusкеуде қуысының жоғарғы тесігі арқылы кеуде қуысына өтіп, онда оңжақ кезбе нерв бұғана асты a.subclavia-ның алдында, ал солжақтағысы – аорта доғасының алдыңғы жағында орналасады;
-оң ж/е солжак кезбе нервтің екеуіде төмен қарай бағытталады және, өкпе түбірін арткы жагынан айналып өтіп, өңешпен косарлана журіп, оның қабырғасында – сол жақ кезбе нерв алдыңғы бетінде, оңжақ нерв – артқы бетінде өрімдер түзеді;
-кезбе нервтің екеуіде өңешпен бірге көкеттің өңеш саңылауы – hiatusesophageus арқылы іш қуысына өтіп, асқазанның алдыңғы және артқы қабырғасында өрімдер түзеді;
-ескеретін жағдай, асқазаның алдыңғы қабырғасында солжақ кезбе нерв, ал артқы қабырғасында оңжақ кезбе нерв тармақталып өрім түзеді; n.vagus-тың бұлай орналасуы, асқазанның даму барысында солжақтан оңға қарай бұрылыс жасауының нәтижесінде болады, яғни асқазан онтогенездің бастапқы кезеңінде сагиталді жазықтықта орналасады, оң және солжақ беттері болады (кезбе нервтер де асқазанның сәйкес оң және солжақ беттерінде жатады), кейіннен асқазан солжақтан оңға қарай бұрылыс жасап, фронталді жазықтыққа ауысады, осы кезде солжақтағыn.vagusасқазанның алдыңғы бетіне, ал оңжақтағыn.vagus асқазанның артқы бетіне өтіп орналасады.
жоғарыда атап өткендей, жүретін жолына сәйкес, n.vagus төрт бөліктен тұрады: бас, мойын, кеуде және іш бөліктері:
А) Бас бөлігінің тармақтарыn.vagus-тың мидан басталатын жерінен, оның төменгі түйініне дейінгі аралық:
1.Ми қабықтық тармақ - r.meningeus сезімтал нерв – бассүйек қуысының арткы шұңқырының аймагындағы мидың катты қабығын нервтендіредi
2.Құлақтық тармақ - r.auricularis, сезімтал нерв – сырткы есту жолының арткы кабырғасы мен құлак қалканы терісінің бір бөлігін нервтендереді; ескеретін жағдай, бұл тармақ ми нервтерінің ішіндегі ушкіл нервке жатпайтын жалгыз терілік тармақ; соған сәйкес, яғни терілік тармақ ретінде инемен емдеуде осы сезімтал нерв r.auricularis-ті қоздыру арқылы кезбе нервтің барлық нервтендіретін ағзаларына әсер етуге болады .
Б) Мойын бөлімінің тармақтары:
1.Жұтқыншақтық тармақ - r.pharyngei аралас нерв, яғни кұрамында қоғалтқыш, сезімтал, дәм сезу ж/е вегетативтік парасимпатикалық секреттік талшықтар болады:
-r.pharyngeiтіл-жұтқыншақ нерві - n.glossopharyngeus ж/е симпатикалык сабау тармактарымен бірге жұтқыншақ өрімін plexuspharyngeusтүзеді;
-r.pharyngei-дың қозғалтқыш нерв талшықтары жұтқыншақтың тарылтқыштарын ж/е жұмсақ таңдайдың бұлшықеттерін - m.tensorvelipalatini-ден басқасын нервтендіреді; сонымен қатар, жалпы сезім және дәм сезу талшықтары сезім импульстарын жұтқыншақтан және жұмсақ таңдай аймағынан n.vagus-тың сезімтал ядроларына өткізеді, ал секреттікимпульстар кезбе нервтің дорсалді ядросынан – nucleusdorsalisn.vagi- ден келеді ж/е жұтқыншақтың және жұмсақ таңдай аймағының қан тамырларын кеңейтеді және сілемейлі бездерінің секрециясын күшейтеді;
2. Көмейдің жоғарғы нерві - n.laryngeussuperior аралас нерв болып табылады.
-n.laryngeussuperior-дың сезімтал нерв талшықтары көмейді, оның дауыс саңылауынан жоғары жатқан бөлімін, тіл түбірінің аймағын және көмей қақпашығының сілемейлі қабығын нервтендіреді, ал қозғалтқыш талшықтары көмейдің бұлшықеттерінің бір бөлігін және жұтқыншақтың төменгі тарылтқышын иннервациялайды; секреттікимпульстар кезбе нервтің дорсалді ядросынан (nucleusdorsalisn.vagi-ден) келеді (көмейдің, тіл түбірінің және көмей қақпашығының қан тамырларын кеңейтеді және сілемейлі бездерінің секрециясын күшейтеді;
3.Жүректің жоғарғы және төменгі тармақтары ramicardiacicervicalissuperiorеsetinferiores аралас нерв болып саналады себебі, құрамында барлық қозғалтқыш, сезімтал, парасимпатикалық талшықтар болады; бұл талшықтар жүрек өрімін түзеді; ескеретін жағдай, жүректің төменгі тармақтарының бір бөлігі n.laryngeussuperior-дың құрамынан шығатындығы;
В) Кеуде бөлігінің тармақтары:
1. Көмейдің кайтарма нерві - n. laryngeusrecurrens аралас нерв болып саналады:
-солжақn.laryngeusrecurrens– солжақ кезбе нервтің аорта догасының алдынан өткен жерінде басталады;
-оңжақn.laryngeusrecurrens – оңжақ кезбе нервтің бұғана асты артерияның - a.subclavia-ның алдымен өткен жерінен басталады
-n. laryngeusrecurrens-тыңекеуіде өздерінің басталатын жерлерінде, яғни солжақn. laryngeusrecurrens аорта доғасын, ал оңжақn. laryngeusrecurrens бұғана асты артерияны - a.subclavia-ны астынан артына карай айналып өтіп, содан кейін өңеш пен кеңірдек арасындағы жүлгемен жоғары көтеріледі және оларға көптеген тармактар береді; оның ішінде соңғы тармағы n.laryngeusinferior көмейдің бұлшыкеттерінің бір бөлігін, көмейдің дауыс байламдарынан төмендегі сілемейлі қабығын, тіл түбірінің көмей қақпашығының жанындағы сілемейлі қабығының бір бөлігін, сонымен қатар кеңірдек, жұтқыншак, қалканша ж/е айырша бездерін, мойынның лимфа түйіндерін, жүрек пен көкірекаралыктыиннервациялайды;
2.Жүректің кеуделік тармақтары – ramicardiacithoracici, аралас нерв болып саналады– көмейдің қайтарма нервісінен - n. laryngeusrecurrens ж/е n.vagus-тың кеуде бөлігінен басталып, жүрек өрімін түзуге қатынасады
3.Бронхтық ж/е кеңірдектік тармақтар – ramibronchialesettrachealisаралас нерв – симпатикалык сабау тармактарымен бірге бронх кабырғаларында өкпе өрімін - plexuspulmonalis түзеді бұл өрім тармақтары бронхтар мен кеңірдектің бұлшыкеттері мен бездерін нервтендіреді, сонымен катар бұл тармақтардың құрамында кеңірдектен, бронхтардан және өкпелерден жалпы сезімталдықты өткізетін нерв талшыктары болады;
4. Өңештік тармактар – ramiesophagei – өңешті нервтендіреді;
Г) Іш бөлігінің тармактары:
-өңештің қабырғасындағы түзілген кезбе нервтің өрімі асқазанға да жалғасып, онда алдыңгы ж/е арткы сабауларды truncivagales-ті түзеді;
-ескеретін жағдай, truncivagales-тің әрқайсысының құрамында, 2-кезбе нервтің парасимпатикалық талшықтарымен бірге, симпатикалык ж/е афференттіканималық нерв талшықтарының болатындығы;
-өңештің алдыңгы қабырғасынан асқазанның алдыңгы жағына қарай төмен бағытталған солжақ кезбе нервтің жалғасы негізінен асқазанның кіші иінінің бойында орналасатын асқазанның алдыңғы өрімін түзеді – plexusgastricusanteriorтүзеді, ал одан симпатикалық тармақтармен араласа асқазанның алдыңғы қабырғасына (бұлшықеттерге, бездерге, сілемейлі қабыққа) асқазанның алдыңғы тармақтары – ramigastricianteriores беріледі; сонымен қатар plexusgastricusanterior-дың кейбір талшықтары кіші шарбы арқылы бауырға да баратындығын ескерген жөн;
-оңжақn.vagusасқазанның артқы қабырғасында, негізінен асқазанның кіші иіні аймағында асқазанның артқы өрімін plexusgastricusposterior түзеді, ал одан асқазанның артқы тармақтары ramigastriciposteriors тармақталады;
-сонымен қатар, plexusgastricusposterior талшықтарының көп бөлігі құрсақтық тармақтарға – ramicoeliaci-ге жалғасады да, асқазанның солжақ артериясының - a.gastricasinistra бойымен ganglioncoeliacum-ге барады;
-ganglioncoeliacum-нен басталатын тармақтар, қан тамырларының тармақтарын бойлай отырып, симпатикалық талшықтармен ягни өріммен бірге бауыр, ұйқыбез, көкбауыр, бүйрек, жіңішке ішек және жуан ішектің сигма тәрізді бөлігіне дейін тармақталады;
Қорыта айтқанда, n.vagusбарлық ішкі ағзаларды сигма тәрізді ішекке дейін иннервациялайды.
Кезбе нервтің n.vagusфункциясына токтала кетсем:
-афференттік жалпы сезімталдықты өткізетін ағзалары олар: бассүйек қуысының арткы шұңқырындағы мидың катты қабығы, сырткы есту жолы мен құлак қалқанының терісі, жұмсак таңдай, жұтқыншак, кеңірдек, өңеш, асқазан, бауыр өт жолдарымен, ұйқы безі, бүйректер, несепағардың құрсақтық бөлігі, көкбауыр, жіңішке ішек және жуан ішектің сигматәрізді ішекке дейін; сонымен қатар жұмсақ таңдай және көмей үстілік шеміршек аймағынан дәм сезу импульстарын өткізеді
-қозғалтқыш талшықтарының нервтендіретін ағзалары олар: жұмсақ таңдай, жұтқыншақ, кеңірдек, бронхтар өкпелер, жүрек перикардымен, айырша без, өңеш, асқазан, бауыр өт жолдарымен, ұйқы безі, бүйректер, несепағардың құрсақтық бөлігі, көкбауыр, жіңішке ішек және жуан ішек сигматәрізді ішекке дейін; аталған ағзалардың жазық немесе бір салалы бұлшықеттерін жиырылтады өт қапшығының, несепағардың, асқазан мен ішектердің перистальтикасы күшейеді ж/е олардың сфинктерлерін босатады, яғни қуысты ағзалар ішіндегі заттардан босайды.
Бул жерде бір ескеретін жағдайn.vagus бронхтар мен брохиоллалардыжиырылтыпброхспазмға әкеледі, жүректің соғысын бәсеңдетеді сонымен катар оның тәждік артерияларын тарылтады
Ал n.vagus-тың ұзақ уақыт әсер етуі нәтижесінде брадикардияға, жүректің инфарктына және өкпелерден ауаның сыртқа шығуының қиындауына әкелуі мүмкін.
-парасимпатикалық секреттік әсері: n.vagus-тың нервтендіретін жоғарыда аталған барлық ағзаларының қан тамырларын кеңейтеді ж/е бездерінің сілемейлі, асқазан мен ішектердің сөлін бөлетін секрециясын күшейтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |