Қытай философиясы - Қытай халқының дәстүрлі философиялық білімдер жүйесі. Қытай философиясының пайда болу тарихы б.з.б. 1-мыңжылдықтан бастау алады. Қытай философиясы діннен гөрі дәстүр аясында дамыды. Ежелгі Қытайда Чжау әулеті тұсында аспан (Тянь) жоғарғы бастама болып, аспан-жер қатынасы құндылық тұрғысынан қарастырылды. Осыдан келіп ел, мемлекет мағынасын білдіретін «Аспан асты» («Тянь ся») ұғымы қалыптасты.
Мо Дидің философиялық идеялары?
Моизм мектебінің негізін салушы Мо Дидің (б.ж.с.д. 479-391 ж.) баса көңіл аударған негізгі мәселесі әлеуметтік ахлақ болып табылады. Бұл мектептің ілімі Конфуцийге мүлдем қайшы келетін. Өйткені, оның негізінде дерексізденген жалпы сүйіспеншілік жататын. Теориялық іспен айналысу - бос уақыт өткізумен бірдей. Адамдарға керегі нақтылы дене еңбегі, оның пайдалы нәтижесін, өмір үйлесімділігін көкке тән жігер реттеп тұрады-мыс. Кейіннен Мо Дидің ізбасарлары таным мәселелеріне көңіл бөліп, ұстаздарының қош көрмеген онтологиялық сұрақтарға жауап іздеген көрінеді.
Легистердің саяси-этикалық ілімі?
Легизм – (латынша заң дегенді білдіреді) – фацзя мектебінің заң туралы ілімі, ерте қытайдағы саяси-этикалық ілім, адамды, қоғамды және мемлекетті басқару туралы көзқарастар. Легизм Чжоу династиясының билігі ыдырай бастағанда қалыптасады. Легизмнің көрнекті өкілдері – Гуань Чжун (б.д.д. 645), Шан Ян (б.д.д. 390-338), Хань Фэй цзы (280-233 шамасы). Легистер байырғы рулық қатынастарды, оның тірегі – ақсүйектік тұқым қуалаушылықты сынады. Олар елді басқарудың рулық дәстүрі мен рәсімдерін қабылдамады. Осыған орай бастапқы Конфуций ілімімен тай-таласта қалыптасты. Конфуцийдың этикалық талаптарын «ойын» сөзге жатқызды.
Легизм (Фа цзя-заңгерлер мектебі) негізін салған Шан Ян (б.д.д. 390-338ж.ж.), өкілі Хань Фэй (б.д.д. 288-233ж.ж.). Негізгі еңбегі «Книга господина из Шан». Легистердің мектебі қоғамды басқару мәселесіне байланысты қалыптасты. Қоғамды басқаруда заңдар ойлап тауып,мемлекетті заңға сүйеніп басқару керек дейді.