8. Бірнеше шарттың тізбегі қалай орындалады? - Программада кейде екіден көп түрлі жағдайды тексеру қажет болады. Барлық шарттар тексеріліп, шындық нәтиже анықталғанша орындалады. Осыдан кейін орындалған шарттан кейінгі код орындалады. Ал қалғандары
қарастырылмайды.
9. Python тілінде сөздіктер не үшін қолданылады? Деректер құрылымының бір түрі – сөздіктер туралы мәліметтер. Сөздіктер бір бірімен байланыстағы ақпараттарды біріктіруге арналған құрылым. Дәрісте сөздіктерде сақталынатын ақпараттарға қол жеткізу, оларға қолданылатын амалдармен танысу және оларды іс жүзінде пайдалануға байланысты жұмыстарды орындауға қажетті құралдарды игеру.
10. Сөздік құрамында қандай ақпараттар сақталынады? Сөздіктің құрамында біріктірілетін ақпараттар өте көп болуы мүмкін. Ондағы ақпаратты алу және өгерту, сөздікті тізім түрінде бейнелеу, сөздікке енгізілген басқа сөздіктерді пайдалану программа құрастыруда жеңілдіктерге келтіретін мүмкіншіліктері бар. Сөздікке қолданылатын амалдарды орындау арқылы әртүрлі объектілерді модельдеуге болады.
11. Сөздікке жаңа жұп енгізу үшін қандай амалдар орындалады? Сөздікке кез келген уақытта жаңа «кілт-мән» жұптарын қосуға болады. Ол үшін сөздік аты мен квадрат жақшалардың ішіне жаңа жұп жазылады. {}
12. get() әдісі не үшін қолданылады? Сөздіктер үшін get() әдісін пайдаланып, мәнді алуға болатын мүмкіншілік бар.
13. items() әдісі не үшін қолданылады? items() әдісі «кілт-мән» жұбын қайтаруды қамтамасыз етеді.
14. Қандай жағдайда keys() әдісі қолданылады? Бұл программаның орындалу барысында сөздіктен барлық кілттерді алып, айнымалыда сақтайды.
15. Қандай жағдайда values() әдісі қолданылады? Cөздіктегі мәндерді шығару үшін values() әдісі қолданылады.
16. Сөздіктер тізімі қалай құрастырылады? - сөздіктердің жиынын бір тізімге енгізу; - тізімді сөздіктің элементі ретінде сақтау; - сөздік басқа сөздіктің элемеенті ретінде сақтау.