Трансактілік анализ
Сұрақтары:
1. Трансактілі талдау топтық және тұлғалық өсудің психотерапевтік әдісі
2. ТА негізгі мақсаты мен бағыты
3. Коммуникацияның ережелері
Теория. Трансактілік анализ – Эрик Берн жасаған топтық және тұлғалық өсудің психотерапевтік әдіс. Берннің теориясы тұлға құрылымын талдауына негізделіп жасалған. ТА басты мақсаты тұлғалық өзгерістерге бағытталған. Бірақ жеке адамды түсіну мәселесі қарастырылмайды. Керісінше,ұғыну жеке адамның өзгеруіне негіз болды. өзгеру басқаша шешімдер қабылдап, оларды белсенді жүзеге асыруға бағытталған. ТА ілімінде терапия ұзақ болмауы керек және қысқа мерзімді терапияда жалғыз шешім емес. Сондықтан мәселенің негізін шешумерзімі, уақыты ТА теориясына сай жүргізіледі. Негізгі мақсат: адамның мінез-құлқы, ойлары мен сезімдерінің арасындағы байланыстылықты анықтау. ТА теориясының негізінде бірнеше басты ойлар жатыр.
«Эго» – қалпы моделі. ТА негізі эго – қалпы модельі болып табылады. «Эго» – қалпы – бұл қазіргі уақыттағы біздің тұлғамыздың көріну тәсілі, ал бұл тәсіл қылық-әрекеттің, ойлардың, сезімдердің тәсілдерінің бір-бірімен байланысып бірігуі. Бұл модель үш әртүрлі эго – қалпын сипаттайды. Егер мен «қазір және осында» деген принцип ұстансам, бүкіл ересек адам потенциялын қолдансам, онда мен Ересек эго – қалпында болғаным. Кейде мен өзімді ата-анамды немесе ата-анамдай қабылдайтын басқа адамдар тәрізді ұстаймын, ойлаймын. Бұл жағдайда мен Ата-ана эго – қалпында боламын. Кейде мен балалық шақтағы сезімдерге, ойларға, қылық-әрекеттке ораламын. Бұл жағдайда мен Бала эго – қалпында боламын. Осылай біз тұлғаның үшмүшелі эго – қалпын аламыз. Бұл модель тұлғаның қылық-әрекеттің, ойлардың, сезімдердің арасындағы нақты байланысты анықтауға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |