Сұрақтары: Трансактілі талдау топтық және тұлғалық өсудің психотерапевтік әдісі



бет5/8
Дата31.12.2021
өлшемі20,38 Kb.
#23207
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Трансактілік анализ

Қылық-әрекеттік диагнозда адамның қылық- әрекетін бақылау арқылы біз оның қандай эго – қалпында тұрғаны туралы қорытынды жасаймыз. Бақылау кезінде сөздерді, дауыс ырғағын, қимылдарды, дене тұрысын, бет әлпетін естіп-көре аламыз.

Әлеуеметтік диагнозда мен өзімнің қандай эго – қалпында тұрғанымды басқа адамның қандай эго – қалпында тұрып менімен байланыс жасап тұрғаны арқылы біле аламын.

Тарихи диагнозда біз адамның бала кезнде қандай болғаны туралы сұрақ қоямыз. Біз оның ата-анасы және парентальді тұлғалар жайлы сұраймыз.

Осы барлық төрт диагноз түрінде қолдану керек. Кейде эго – қалыптарды қате қабылдауымыз мүмкін: бала эго – қалпын ата-ана эго – қалпы деп, ата-ана эго – қалпын ересек деп т.с.с. бұл жағдайды контоминдалған («ластанған») дейді. Берн бойынша адамдар бірнеше эго – қалыптарын қоса алады.



Трансакциялар. Коммуникация болғанда трансакцияда болады. Коммуникацияның бастамасын стимул, ал жауапты – реакция. Берн бойынша, трансакция «әлеуеметтік өзара әрекет етудің негізгі бірлігі». Параллельді (толықтырушы) трансакциялар – трансакционды векторлар бір-біріне параллель, ал олар реакция көзі болып табылатын эго – қалпына бағытталғанды білдіреді. Коммуникацияның бірінші заңы. Параллельдітрансакцияда күту элементі бар.кез келген әңгіменің соңы бар. Бірақта трансакция параллельді болып қалғанға шейін комммуникация процессінде стимул және реакция кезегі бітпейді. Коммуникацияның екінші ережесі бойынша қиылысатын трансакциялар кезінде коммуниказияның үзілуі болады, оны қалпына келтіру үшін біреуіне немесе екеуіне де өзінің эго – қалпын өзгерту керек.Коммуникацияның үшінші ережесі бойынша жасырылған трансакцияның қылық-әрекеттік нәтижесі әлеуемметтік емес, психологиялық деңгейде анықталады.

«Сипалау»- Олар әр түрлі болады. Позитивті және негативті сипалау. Позитивті сипалау дегеніміз – оны қабылдап алушының жақсы сезімге бөленген кездегіні айтамыз, ал негативті сипалау керісінше ауыр қабылданады. Шартты сипалау сіздің не істеп жатқаныңызбен байланысты, ал шарттсыз өзіңізді білдіреді.Сипалаудың фильтрі белгілі бір қабылдаушының бұл ұнамаса немесе оны керек етпесе, онда ол бұны көрмеуге тырысады немесе оның маңыздылығын кішірейтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет