Сұрақтары: Трансактілі талдау топтық және тұлғалық өсудің психотерапевтік әдісі



бет6/8
Дата31.12.2021
өлшемі20,38 Kb.
#23207
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Трансактілік анализ

Уақытты құрылымдауАдамдардың кездесу кезінде өзінің уақытын өткізудің алты тәсілі бар. Эрик Берн бұл алты тәсілдерге келесідей сипаттама берді: кету, рәсімдер,уақытты өткізу, іс-әрекет, ойын, интимділік. Кету. Адам кеткен кезде оның тәні топпен бірге қалуы мүмкін, бірақ топтың басқа адамдарымен өзара әрекетке түспейді. Рәсімдер – бұл кәдімгі әлеуемметтік өзара әрекет ету формасы, ол алдын ала ойластырылған сценари арқылы жүреді. Уақытты өткізу – таныс бағытта жылжиды, бірақ ритуалдағыдай нақты сценариі болмайды. Іс-әрекет. Бұл жағдайда топ мүшелерінің арасындағы қарым –қатынасы тек талқылауға емес, сондай-ақ мақсатқа жетуге бағытталған. Ойындар. Анда-санда бәрімізде ойын ойнаймыз. Барлық ойындар бала стратегиясын ойнауға бағытталған, бірақ бұл ересекке тән емес қылық. Сондықтан ойындар негативті тұрғыдан ойналады: негативті бейімделген бала, негативті қадағалаушы ата-ана немесе негативті тәрбиелеуші ата-ана. Ойындар ересектік тұрғыдан ойнала алмайды. Интимділік. Мұнда әлеуеметтік және психологиялық деңгей бір-біріне сай болған кезде ойындар мен интимділіктің арасындағы айқын айырмашылық көрінеді. Мұндағы «интимділік» терминін арнайы техникалық термин ретіндеи ұғу керек.

Өмір сценариі. Сценарий туралы теорияны алғаш Эрик Берн,өзінің әріптестерімен, әсіресе Клод Стайнермен жасалған болатын. Контрсценарийде бес ұғым аса маңыздырақ атқарады: « Бәрінен артық бол», «Мықты бол», «Ұмтыл», «Басқаларды қуант», «Қадам жаса». Бұлжолдаулар драйверлер деп аталады.

Сценарийдың шығуы. 1)сценари шешімдері баланың бұл дүниеде аман қалу мақсаты қойылған ең жақсы сценариі түрінде көрсетіледі. Бұл әлем балаға қатерлі, қорқынышты болып көрінеді. 2) сценари туралы шешімдер баланың эмоциясына, оның шындықты бағалауына сәйкес қабылданады.

Мазмұнына байланысты сценарилер үшке бөлінеді:



Жеңімпаз сценариі. Берн мұнда жеңімпаз деп қойған мақсатарына оңай жететінді айтады. Жеңілгеннің сценариі. Мұнда өзінің қойған мақсаттарына жетепегенді айтамыз. Жеңімпаз еместің сценариі. Бұл жеңімпаз бен жеңілгеннің орта тұсы. Ол кейде жеңеді, кейде жеңіледі. Ең бастысы кез келген сценариді өзгертуге болатынын түсіну керек. Ересектік шақта біз балалық шақта жасалған сценари бойынша келе жатқанымызды кейде түсінеміз, кейде түсінбейміз. Көптеген мәселелер осыдан туындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет