Шарт жасасу. Берн бйынша, контракт екі жақты нақты әрекет ету жоспары.
Контракқа кретіні: қатысушы жақтар; олар бірге не істемекші; бұл қанша уақыт алады; бұл процесстің мақсаты немесе нәтижесі қандай болмақ; олар мақсатқа жеткенін қалай біледі; клиентке қаншалықты пайдалы және ұнамды болады Ашық коммуникация. Эрик Берн клиентте, терапевтте істеліп жатқан жұмыс жайлы толық мәліметке ие болғанын қалады. Терапевт пен клиент жеңіл, түсінікті тілде сөйлесулері керек. Автономдылық. Эрик Берн бойынша идеал автономдылықта деген, бірақ оған нақты анықтама бермеді. Бірақ ол «үш адамның қасиетінің босауы мен толықтырылумен сипатталады: санамен ұғу, аяқ асты ой, интимділік». Санамен ұғу – бұл жаңа туған нәрестедей сезіп, естіп, көріп, сезіну қабілеттері. Мұндай адам өзінің сезімдерін түсіндірмейді, ата-ана тұрғысынан сипаттамайды. Аяқ асты ой – қылық-әрекет, ойлар, сезімдердің алуан түрлілігінің ішінен таңдау қабілеті. Интимділік - өзінің және басқа бір адам арасындағы ашық, айқын сезімдерінің көріністерімен көрсетіледі.