Срс факультет: ом группа: 107 б тексерген: Исаева З. К орындаған: Дәулет Ө Жоспар Кіріспе



бет2/6
Дата05.03.2023
өлшемі1,93 Mb.
#71660
1   2   3   4   5   6
Эмбриогенез сатылары:
1. Ұрықтану.
2. Бөлшектену.
3. Гаструляция.
4. Ұрық жапырақшаларының дифференциялануы.
5. Гистогенез, органогенез.
  • Сперматозоид пен жұмыртқа жасушасы қосылуы нәтижесінде,жаңа организмге дамуға қабілетті диплоидты зигота,яғни бір жасушалы ұрықтың пайда болуы.
  • Ұрықтану бір мезеттік емес-ол үш кезең бойы өтетін процесс:

  • 1)гаметалардың дистанттық (лат. distantia-алыстан)әрекеттесуі және жақындасуы;
    2)Олардың контакттық (лат. contactus-жанасу) әрекеттесуі және овоциттің активтендірілуі (белсенділігінің қоздырылуы);
    3)Сперматозоидтың аналық жыныс жасушаға енуі және кейін-онымен бірігуі,яғни сингамия.

Ұрықтану
Зигота
  • Аталық және аналық гаметалардың қосылуы нәтижесінде пайда болған,хромосомдардың диплоидтық жиынтығына ие жасуша;жаңа буынның әзірше бір жасушалы организмі,жаңа организм дамуының бастапқы сатысы.Әрбір гамета хромосомдарының гаплоидты жиынтығының құрамындағы генетикалық материал геном деп аталады.

Эмбриогенез
  • Эмбриондық даму-зиготаның бірінші бөлінуінен бастап,нәресте дүниеге келуіне дейінгі процестерді қамтитын онтогенездің бастапқы кезеңі.Ананың құрсағында эмбриондық даму орта есеппен 280тәулік өтеді.Акушерлік бөлімде осы мезгілді үш кезеңге бөледі:бастапқы(ұрықтанудан кейінгі бір апта),ұрықтық(2-8 апталар),нәрестелік(9-аптадан бастап,туылғанға дейін).Өзіндік эмбриондық немесе ерте кездік эмбриогенез деп аталатын алғашқы екі кезеңде,тіндер мен мүшелер құрылысының негізін қалау процестері басым болады.
  • Өзіндік эмбриогенездің (1-8 апталар)үш негізгі сатыларын ажыратады:бөлшектену, гаструляция, гисто- және органогенез.

Бөлшектену
  • Көп жасушалы бір қабатты қалыптасуымен аяқталатын,зиготаның және одан пайда болған бластомерлердің,бір ізді митоздық бөлінулер қатары.

  • Бөлшектену кезінде бластоциста қалыптасады.Бластоциста-ішкі жасушалық масса мен бластоцельден және оларды қоршаған трофобласттан құрылған.
    Трофобласт(гр.tropheo-қоректену)-тығыз контакттармен байланысқан ұсақ ақшыл жасушалардан тұратын ұрық кешенінің жамылғысы.Ішкі жасушалық масса-саңылаулы контакттар арқылы байланысқан, ұрық түйіншегі түрде бластоцельге қарай шығып тұратын ірі қоңыр түсті жасушалардың жиынтығы.Болашақта ішкі жасушалық массадан өзіндік эмбрион дамиды.Сондықтан, оны эмбриобласт деп те атайды.

Гаметалардың байланысуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет