Срс факультет: ом группа: 107 б тексерген: Исаева З. К орындаған: Дәулет Ө Жоспар Кіріспе



бет6/6
Дата05.03.2023
өлшемі1,93 Mb.
#71660
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
stud.kz-31860

Дамудың қатерлі кезеңдері

Жануарлар дамуын зерттеу нәтижесінде дамудың қатерлі кезеңдері болатындығы анықталды. Дамудың қатерлі кезеңдері деп ұрықтың қоршаған ортаның әр түрлі зиянды факторларына өте сезімтал кезеңдерін айтады. Бұл кезеңдерде зиянды факторлар әсерінен онтогенездің қалыпты жүруі бұзылып, ұрық не өліп қалады не міндетті түрде әп түрлі ақауларға ұшырайды.

Дамудың қатерлі кезеңі терминін 1897 жылы Браун енгізген болатын.

Дамудың қауіп-қатерлі(кризистік) кезеңдері

  • Кризистік кезеңдер деп әртүрлі зақымдатқыш факторлар әсеріне ұрық дамуының ең сезімтал кезеңдерін атайды.Бұл кезеңде ,тіпті,өте әлсіз әсерлер де дамудың бұдан былайғы барысына ықпалын тигізіп,әртүрлі ауытқуларға ұшыратады.
  • Ауытқулар мен кемтарлықтардың себебі-детерминация процесінің бұзылуы.Дамудың туа біткен ақаулары арасында ең жиі ұшырасатын түрлері-нерв жүйесінің ақаулары(анэнцефалия-мидың жоқтығы,микроэнцефалия-мидың кішкентай болуы,ми және жұлынның жарықтары).

Әйгілі орыс эмбриологы П.Г.Светлов адам ұрығы дамуында мына кризистік кезеңдердің маңызды екендігін көрсетті :

Әйгілі орыс эмбриологы П.Г.Светлов адам ұрығы дамуында мына кризистік кезеңдердің маңызды екендігін көрсетті :

  • - имплатанция ұрықтанудан кейін 6-7 тәуліктер
  • - плацентация жүктіліктің 2-аптасының соңы
  • - перинатальды босану кезеңі
  • Өмір сүру ортасының өзгеруіне бейімделуі үшін, ұрықта жаңа талаптарға сәйкес өзгерістер өтуі тиіс. Сондықтан, ұрықтың қан айналым, газ алмасу, қоректену сипаттары өзгереді. Осы кездерде әсерін тигізген зақымдатқыш факторлар эмбрион дамуын тоқтатып, түсіктірге, өлі туылуға т.с.с. ұшыратады.


Жүктіліктің түрлі сатыларындағы ұрық
  • Сонымен жалпы қарастырғанда адам онтогенезінің бірнеше қауіп-қатерлі кезеңдерін атап кетуге болады:

  • -прогенез-жыныс жасушаларының дамуы
    -ұрықтану
    -имплантация-дамудың 7-8 тәуліктері
    -мүшелердің білік бастамаларының дамуы және плацента қалыптасуы-дамудың 3-8 апталары
    -мидың қарқынды өсу кезеңі-15-20 апталар
    -организмнің негізгі функциялық жүйелері қалыптасуы және жыныс аппаратының дифференциялануы-20-24 апталар
    -нәрестенің дүниеге келуі
    -нәрестелік кезең-1 жасқа дейін
    -жыныстық жетілу

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
  • С.Ж.Ажаев

  • Цитология және адам эмбриологиясы
  • Ж.О.Аяпова

  • Цитология,эмбриология және гистология
  • П.Қазымбет, М.Рысұлы, Ж.Б.Ахметов

  • Гистология,цитология және эмбриология АТЛАСЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет