1996 жылғы сәуір айында алғашқы Шанхай келісімі жүргізілді. Бұл келісім барысына Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан қатысты. Мұнда негізінен - шекараларды бұзбау, бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу сияқты мәселелер қаралды. 1997 жылғы 25 қыркүйекте Алматыда болған келіссөздің нәтижесінде – Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырын жүргізу жөніндегі шартқа қол қойылды. Қытай үкіметі бұл жұмысқа 9,5 млрд.доллар жұмсауға келісті.
1998-1999 жылдары Қазақстан-Қытай арасында келісімдер нәтижесінде, шекараны нақтылау негізінен аяқталды.
Қазақстан-АҚШ байланыстары.
Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынастың маңызы өте зор. 1991 жылғы 25 желтоқсанда АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. Қазіргі кезде АҚШ-Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы. 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды.
Екі ел арасында Қарашығанақ кеніші жөнінде және Каспий қайранын бөлісу жөнінде келісімдерге қол қойылды.
1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімде – екі ел арасындағы серіктестікті одан ары дамыту, АҚШ-тың Қазақстанға демократиялық, экономикалық өркендеуде қолдау көрсету, аймақтық, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану сияқты мәселелер қаралды.
АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде “Болашақ” бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқиды.
Халықаралық коғамдастықтағы еліміздің позитивті образының қалыптасуы және оның халықаралык мәртебеге ие болуы сыртқы саясатты жүргізудегі республика басшылығының көрегендік шешімдерімен мүмкін болды. Бұл тұрғыда ядролық қаруды таратпау, діни экстремизмге қарсы тұру, әлем діндері арасында толерантты қарым-қатынас құру мәселелерін атап өтуге болады. Осының негізінде еліміз аймақтык, және ғаламдық қауіпсіздік мүддесі турасында халықаралық аренаға өз бастамаларымен шығуға мүмкіндік алды.