Срс тақырыбы:“Қазақстан республикасының сыртқы саясаты”


Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы



бет5/8
Дата10.07.2023
өлшемі356,85 Kb.
#104162
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Байдулла Аязбек

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы

  • 2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын (ШЫҰ) құру бастамасына ат салысты және де дәл осы ұйым аясындағы қызметі сыртқы саясаттағы негізгі бағыттардың біріне айналды. Қазіргі кезде ШЫҰ Қазақстан, Қырғызстан, ҚХР, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның басын қосып отыр, ал бұл ұйымдағы бақылаушы мемлекеттерге Моңғолия, Иран, Үндістан және Пәкістан кіреді. ШЫҰ шеңберіндегі диалогарқасында Қазақстан саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша көптеген мәселелерді шешуге бағытталған сындарлы сұхбат жүргізу мүмкіндігіне ие және де бұл ұйым аясында терроризм, экстремизм және сепаратизммен күресуде күш жұмылдыру мәселелері талқыланады. ШЫҰ саяси тұрақтылық және қауіпсіздік қамтамасыз етудегі маңызды рөлі оны халыкаралық деңгейдегі беделді ұйымға айналуына септік етті.

Ислам Конференциясы Ұйымы

  • Қазақстан 1995 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының мүшелігіне қабылданды. Ислам әлемімен белсенді ықпалдастық - Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі. Өз жағынан Ислам әлемі Қазақстанды мұсұлман қоғамдастығының ажырамас мүшесі ретінде қарастырады.
  • ИҚҰ-ның қатарына енгеннен кейін Қазақстан Бас хатшылықпен, субсидиялық мүшелермен және Ұйым институттарымен қарым-қатынасын тұрақты дамытуға тырысуда. Қазақстан делегациялары ИҚҰ-ның барлық ірі шараларына қатысты, олар: (1997 ж. желтоқсанда Тегеранда (Иран) өткен ИҚҰ-ның 8-ші Саммиті, 2000ж қарашада Доха (Катар) қаласында ИҚҰ-ның 9-ші Саммиті және 2003 ж.қазанда Путраджайяда (Малайзия) 10-ші Саммит), Сыртқы Істер министірледің мәслихаттары (24-ші СІММ-нен Джакартада (Индонезия) 1996 ж. желтоқсанда өткен 33-ші СІММ-ге Бакуда (Әзірбайжан) 2006 ж. маусымға дейін), осыған қоса әржылдық үйлестіру СІММ БҰҰ-ның Бас ассамблеяның жұмыс барысында.

Ислам Конференциясы Ұйымы

  • Қазақстанның мұсылман елдерімен қарым катынастарын арттыру еліміздің ұзақ мерзімді мүдделерімен қатар, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 мамырдағы жолдауына сәйкес келеді.
  • Қазақстан полиэтникалық және көпконфессионалдық ел бола отырып, өркениеттер мен діндер арасындағы диалогті дамытуға бағытталған глобалдық процесті толығымен жақтайды. Сондықтан, Қазақстанның ИКҰ жұмысына басқа да ірі аймақтық және глобалдық ұйымдармен қатар, белсенді қатысуы, қазіргі таңда үлкен маңызға ие.
  • ИКҰ шеңберінде мәдениеттердің жақындасуы және өркениет диалогы дамуы мәселелерінің артуына байланысты Қазақстанның әлемдік және дәстүрлі діндердің жиналысын шақыру туралы бастамасына қолдау көрсету жөніндегі 2005 ж. маусымда ИКҰ-ның СІМ 32-кеңесінің резолюциясын қабылдау жұмыстары атқарылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет