Срс тақырыбы:“Қазақстан республикасының сыртқы саясаты”



бет7/8
Дата10.07.2023
өлшемі356,85 Kb.
#104162
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Байдулла Аязбек

Алматыда Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымының өкілдігі ашылған. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Аз ұлттар жөніндегі бас комиссары Макс Ван Дер Стул Қазақстанға өзінің алғашқы сапарын 1994 жылы бастады. 1995 жылы екі рет болып, Қазақстанның барлық аймақтарын аралады. Іс жүзінде елдегі этносаралық қатынастардың қандай дәрежеде екенін көрді. Соның нәтижесінде, Локарнода (Швейцария, 1996) Макс Ван Дер Стулдың ұйымдастыруымен “Қазақстан: ХХI ғасыр табалдырығында біртұтас көпэтносты қоғам орнату” деген тақырыпта дөңгелек үстел; Алматыда “Жаңа тәуелсіздік алған мемлекеттерде этникалық қатынастарды жан-жақты жетілдіру” деген тақырыпта конференция өтті. Мәжілістің аяқталуына арналған сөзінде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Бас комиссары Қазақстан басшылығының елдегі этносаралық келісімді сақтау мен нығайтудағы табыстарын жоғары бағалады. Орталық Азиядағы адам құқығының қорғалуы жөнінде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Демократилық институттар мен адам құқығы жөніндегі бюросының (Алматыда, 1994) семинары өтті. 1997 жылдың соңы, 1998 жылдың бас кезінде Алматыға Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Бас хатшысы Джонкарло Арагон, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның қазіргі төрағасы, Польшаның сыртқы істер министрі Б.Горемек келді. Сапар барысында олар Қазақстан Президентімен, Премьер-Министрмен, Парламенттің палата Төрағаларымен, Қорғаныс және Сыртқы істер министрімен кездесулер өткізді. Әскери қауіпсіздік — Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның қызметіндегі маңызды сала. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым шеңберінде Еуропадағы әскери күштер туралы келісім 1990 жылы жасалған. Оған Қазақстан 1992 жылы қосылды. Бұл Келісім Атлантикадан Оралға дейінгі ядролық емес құрлықтағы әскер және әуе күштерін халықаралық заңдармен шектеп отыруға арналған. Қазақстан Парламенті мүшелері 1996 жылдан бастап Стокгольмдегі Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Парламенттік ассамблеясының жұмыстарына араласып, ұйымға қатысушы елдер парламенттерімен тұрақты байланыс орнатқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет