Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алудағы мейіргердің рөлі Жоспары: Кіріспе



бет4/8
Дата22.04.2023
өлшемі41,78 Kb.
#85597
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алудағы мейіргердің рөлі (копия) (копия) (копия)

Клиникалық көрінісі
Сүт безі рагында алғашқы өсу кезінде ешқандай шағым болмайды. Тіпті кездейсоқ табылған түйінде ешқандай ауру сезімінсіз. Түйін біртіндеп өсе бастайды,пішіні,көлемі өзгереді,емшектің бір жері домбығып ісінуі не ішке қарай кіріп кетуі мүмкін. Ал кейбір жағдайларда емшекте ауру сезімі туады. Ең алғаш тері алаң сияқты тегістеледі, содан кейін әжімденеді ішке қарай кіріп кіндік сияқты көрінеді. Біртіндеп тері қалыңдап ісінеді, ал емшек ұшы тартылып қолға ұстауға келмей қалады. Жараның шекарасы көмескіл келіп, түбі іріңдейді. Терідегі жара тереңделіп тез қанағыш келеді. Түйіннің беті одыр бұдыр болып, шекарасы әр уақытта көмескіленеді.

Қатерлі ісіктің ерте білінетін симптомдары

  • өзін-өзі тексергенде табылған әдетте ауырмайтын, қатайған, шеттері қисық түйін немесе кішкене тығыз түйінше;

  • қолтық асты шұңқырында пайда болған түйін немесе кішкене құрылым;

  • сүт безі мөлшерінің және пішінінің өзгеруі;

  • емшекұшынан әдетте қанды немесе мөлдір сары сұйықтықтардың шығуы, іріңге ұқсауы мүмкін;

  • сүт безі терісінің, соның ішінде емшекұшының немесе ареоланың түсінің өзгеруі, терінің беті апельсин қабығына ұқсауы;

  • қызаруы;

  • сүт безінің бетінде көктамырлардың айқын көрінуі;

  • теріде ойықжараның пайда болуы мүмкін (ауру қарқынды даму кезінде);

  • емшекұшы түрінің немесе сезімталдығының өзгеруі, емшекұшының тартылуы (сүт безінің ретракциясы), оның үлкеюі немесе қышуы;

  • сүт безіндегі барлық өзгерістердің симметриялы болмауы;

  • сүйектердің ауруы;

  • салмақтың жоғалуы.


Профилактика
Сүт және қалқанша бездегі, бауырдағы және жыныс мүшедегі созылмалы ауруларын уақытында емдеу.
Қант диабеті мен семіздікті болдырмау.
Өсімдік тағамдарын көбірек қолдану. Көкөнстерді,жеміс-жидектерді және витаминдерге бай тағамдарды пайдалану.
Эстрогендерге қарсы әрекет ететін дәрілерді кең қолдану егде жастағы әйелдерге пайдасын тигізеді.
-әйелдердің жыныс мүшелері қызметінің бұзылуына жол бермеуі,
-бауыр, қалқан бездеріндегі ауруларды емдеп отыру,
-әйелдер өз организміндегі етеккірдің келуіне, жыныс қатынасына, босану және баланы емізуге байланысты өзгерістерді біліп отыруы керек.
-айына бір рет сүт бездеріңізді өзіңіз тексеруден өткізіңіз;
- артық дене салмағын болдырмауды қадағалаңыз;
- майлы тағамдарды көп мөлшерде пайдаланбаңыз;
- бірінші жүктілікті міндетті түрде сақтаңыз және 1 жасқа дейін балаға емшек емізіңіз;
- гинекологиялық ауруларды уақытымен емдеңіз;
- күн сайын көкөністер мен жемістерді пайдаланыңыз;
- тұрақты жыныстық қатынас болғаны дұрыс және жыныстық өмірдің гигиенасын сақтаңыз;
- жазғы күндері күн астында ұзақ болудан сақтаныңыз;
- маммографиялық тексеруден өтіңіз;
Айна алдында тұрып, кеудеңіздің формасын және оның ұшы мен терісіне назар аударыңыз.
2. Қолыңызды көтеріп, кеудеңізді алдынана және екі жанынан кезектестіріп бақылап көріңіз.
3. Орныңыздан тұрып, кеудеңізді үш саусағыңызбен басыңыз.
4. Бірінші ткані қалыңдау болып келетін кеудеңіздің жоғарғы сыртқа қараған жағынан бастап, сағат тілімен басып тексеріңіз.
5. Сүт бездерінің ұшын саусақтарыңызбен қысып көріңіз. Одан сұйықтық шығатын, шықпайтынын қараңыз.
6. Енді кеудеңізді жатып тексеріп көріңіз. Ол үшін бағанағы айтқан әдіс бойынша саусақтарыңызбен сағат тілі бойынша басуыңыз қажет.
7. Қолтық астындағы бездерді байқап көріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет