Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алудағы мейіргердің рөлі Жоспары: Кіріспе



бет3/8
Дата22.04.2023
өлшемі41,78 Kb.
#85597
1   2   3   4   5   6   7   8
Этиологиясы
Әрбір нақты жағдайда сүт безінің обырының не себептен пайда болғанын нақтылап айту мүмкін емес. Тек белгілі бір дәрежеде обырға әкелетін ықпалдардды айтуға болады. Обыр жасушаларының пайда болуына сүт бездерінің қалыпты жасушаларының мутациясының әсерінен пайда болатыны белгілі.Канцерогендердің әсерінен жасушалардағы генетикалық материал өзгереді. Нәтижесінде қалыпты жасушалар обыр жасушаларына айналады. Жасуша жиі жиі бөлінген сайын канцерогендердің әсерінен обыр жасушаларына айналу қаупі өсе түседі.


Жалпы онкологиялық аурулардың және атап айтқанда сүт безі қатерлі ісігінің қаупін азайту бойынша ұсыныстар:
Салмақты бақылау;
Физикалық белсенді болу;
Жемістер мен көкөністерді көп пайдалану;
Темекі мен ішімдіктен бас тарту;
Мүмкін болса, гормондық терапияны алмастырудан бас тарту;
Өздігінен тексерілу;
Сүт безінің ұлттық скринингінен өту.

Сүт безі обырымен ауру қаупін жоғарылататын факторларға жатады:

  • Ерте менархе 11-12 жас

  • Кеш алғаш босану 28-30 жас

  • Плацентаның көлемі мен салмағының үлкен болуы туылған қыз нәрестеге қауіптілік туғызады.

  • Аборттар, әсіресе алғаш босануға дейін.

  • Жатыр түтіктерінің созылмалы қабыну аурулары, эндометриоз,аналық без кисталар және т.б

  • 65 Жастан асқаннан кейін бүйрекүсті безі эстрогендері мен салмақтың көбеюіне байланысты қауіптіліктің екінші шыңы пайда болады.

Қауіп факторының үш тобы:
репродкуцияға байланысты (босану/түсіктер, лактация, менархе жасы), қосарланған гинекологиялық аурулары;
генетикаық жақындылыққа байланысты: тұқым қуалау жақын туыстарында қатерлі ісіктердің болуы, әсіресе әйел жыныс мүшелерінде және сүт бездерінде;
зат алмасу және гормональды бұзылыстарға байланысты, соның ішінде құрамында эсторгендері бар гормональды препараттарды қабылдаумен байланысты.

Емшек безі рагының дамуы 4 сатыға бөлінеді:
А) І –сатысында түйін 2 см-ге өскен май клеткасына кіріп өспеген, метастаз жоқ.
ә) ІІ- сатысында 2-5 см дейін метастаз жоқ.
б) ІІІ-сатысында 5 см-ден үлкен, регионалдық метастаз бар.
в) ІV-сатысында 5 см жоғары метастаз басқа ағызаларға тараған




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет