С\т: Негізгі және туынды етістік.
С\т: Зат есімнің жекеше және көпше түрі.
М: 1.Оқушылардың негізгі және туынды етіс
тік туралы білімдерін пысықтау. 2.Ойлау, ес-
те сақтау қабілеттерін дамытып, сөздік қор-
ларын молайту және сауатты жазу дағдыла-
рын жетілдіру. 3. Жалқаулықтан аулақ бо -
лып, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
М:1.Оқушыларды зат есімнің жекеше және
көпше түрімен таныстыру. Көптік жалғаулар-
ды сөздерге дұрыс жалғай білуге үйрету.
2.Қисынды ойлау, есте сақтау, байланысты-
рып сөйлеу қабілеттерін дамыту. Сауатты
жазуға дағдыландыру. 3. Жаман әдеттерден
жиренуге, жақсы әдеттерді үйренуге ұмты -
луға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ертегі-сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топтастыру, Венн диаграммасы, семантикалық карта
стратегиялары, СТО технологиясы.
Сабақтың көрнекіліктері: слайдтар, карточка, интерактивті тақта, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
-
Деп Қадыр Мырза Әли атамыз айтқандай қазақ тілін бастаймыз. Бүгін бізде ерекше
сабақ, балалар, өйткені бізге көп қонақтар келіп отыр. Ендеше орнымыздан тұрып,
амандасып алайық .(Сәлететсіздер ме!)
Бес болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.
-
Отыра қойыңдар, балалар.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
Бүгін біз, балалар, ертегі - сабақ өткізгелі отырмыз. (Бүгінгі сабғымыздың тақырыптарымен
таныстыру) Бұл сабақта біз екінші сынып оқушыларымен зат есімнің жекеше және көпше
түрлерімен танысып, көптік жалғауларын жалғап айтуды үйренеміз. Ал үшінші сыныппен
негізгі және туынды етістіктерді қайталап, пысықтаймыз.
Ой шақыру.
-
Балалар, енді біз не білетінімізді айтуымыз керек.
-
Етістік туралы не білесің?
- Етістік дегеніміз не?
- Ол нені білдіреді?
- Етістіктің сұрақтарын ата.
- Қандай етістіктермен біз таныстық?
(слайд)
-
Зат есім туралы не білеміз?
-
Зат есім деген не?
-
Ол нені білдіреді?
-
Зат есімнің сұрақтарын ата.
-
Қандай зат есімдермен таныстық?
-Сендер ертегі ұнатасыңдар ма? Ендеше мына сұрақтарға жауап беріп көріңдер.
Лездемеге тез жауап бер.
Түрлі – түсті үш көзді - ....
Үш әріптен тұратын қасиетті тағам - ...
Ұйықтағанда көретін «кино» - ...
Ұйқышыл, жалқау, мұртты -...
-Дұрыс, балалар, мысық. Бүгін біз «Жалқау мысық» деп аталатын ертегімен танысамыз.
Ерте – ерте ертеде бір жалқау және маубас мысық өмір сүріпті. Оның маубас болғаны
соншалықты, алдында жүрген тышқандарға да мән бермеген екен.Тышқандар оған «біздің
маубас» деп ат қойыпты.
-
ІІІ.Мағынаны тану.
Жалқау мысықты Арыстан оятпақшы болыпты, бірақ мысық оянбапты. Балалар, біз оятып
көрсек қайтеді? Ендеше мына тапсырмаларды орындап жіберейік.
Карточкамен жұмыс.
№1. «Артық сөзді тап»
Тәтті, кетті, батты, бітті, сатты.
№2. Туынды етістіктерді жасаушы жұр-
нақтарды қызыл түспен белгіле.
-
ла - ле -дар - дер -та -те -ның
-
да - де.
Суреттегі заттарды ата. (слайд)
Кеме-кемеле
Оқушы-оқушылар
Қарбыз-қарбыздар
-Не байқадыңдар, балалар? Қандай
айырмашылық көріп отырсыңдар?
- Дұрыс, сөздерге жалғаулар жалғанған
екен. Бұл жалғауларды –көптік жалғаулар
дейміз.
-Ертеңіне жалқау мысықты Мақта қыз оятыпты, бірақ мысық онда да тұрмаған екен.
Балалар, біз оятып көрейік, тағы да бір тапсырма орындасақ, мүмкін мысығымыз оянар. Ол
үшін біз дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді және көркем жазуды орындап жіберейік.
Көркем жазу. М м мысық
Сәкестендіру тесті.(интеракивті тақтада)
Шеге ла
Ара ле
Қап те
Үтік де
Көркем та
(дәптерге жазу)
Оқулықпен жұмыс. (дәптерге жазу)
151б, 2-жаттығу. Зат есімнің жекеше түрін бір
бағанға, көпше түрін екінші бағанға жаз.
Сөздерге сұрақ қойып, бір-бірінен қандай
айырмасы бар екенін айт.
Маубас мысықты енді кезекте Алдар көсе ертегісіндегі Бай оятпақ болды, бірақ мысық әлі
де оянғысы келмеді.
Оқулықпен жұмыс.(тақтада)
Туынды етістіктерді бір бөлек, негізгі етіс-
тіктерді бір бөлек жаз. Туынды етістіктерді
сөз құрамына талда.
Әңгімелес, кел, өрнекте,жаз, оқы, ұсақта,
шаңдат, ер, достас.
Интерактивті тақтада «Жалғауларды сәйкес
сөздерге жалға» тапсырмасын орындайды.
Ұшқыш лар
Әріп лер
Шырша тар
Қалам дер
Көгершін дар
дәптер тер
(дәптерге жазу)
Жалқау мысық әлі де ұйықысын бұзғысы келмейді. Оны оятуға енді Джинн келді. Ол қанша
жерден әуреленсе де, мысық оянбады. Алладин Джинға: « Егер жұмбақтар айтсаң, ол ояна-
ды» деп айтқан екен, ендеше біз өзіміздің білетін жұмбақтарымызды айтып көрейік.
Сергіту сәті. Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы, қилы жерлерден
ытқып-ытқып жүгірді.
Жұмбақтар жарысы. 2. Ат та емес, ит те емес,
1. Бетін адам ашады Тістейтінін қайтерсің. (тіс)
Білім нұрын шашады. (кітап)
3. Қимылдаса қос шебер, 4. Кір одан қорқады,
Қыруар-қыруар іс өнер. (қол) Ол судан қорқады (сабын)
5. Доп сынды келбеті 6. Кішкене ғана бойы бар,
Онда бар түп-түгел Айналдырып киген тоны бар. (қой)
Әлемнің келбеті. (глобус)
7. Тық-тық соғады ,
Уақыт озады (сағат)
8. Орманда жоғары
Биікте отырады.
Тұмсығын балға етіп,
Тоқ-тоқ соғады. (тоқылдақ)
Интерактивті тақтада жұмбақтың шешуі болатын сөздерге көптік жалғауын жалғап, туынды
етістіктер жасап көрейік. (дәптерге жазу)
Сабында, қолда, тісте.
Кітаптар, глобустар, сабындар, сағаттар,
қойлар, тістер, қолдар, тоқылдақтар
- Балалар, маубас мысық әлі де оянар емес. Енді не істесек екен? Бізге көмекке күн астын-
дағы Күнікей келді. Жалқау мысықты ол да оята алмады.Мүмкін мына тапсырманы орын-
дасақ оянар. Ал Күнікей мынандай тапсырма әкелген екен.
Семантикалық карта.
Берілген сөздерге талдау жасау. Зат есім, етістікті табу, түрлерін анықтау (жалпы, жалқы,
жекеше, көпше, дара, күрделі, негізгі, туынды).
-Мына қараңдар, бізге Алдар Көсе де көмекке келіп қалыпты. Алдар Көсе енді жалқау
мысықты ояту үшін бізге жалқаулық туралы мақалдар айтайық дейді. Ал балалар, қандай
мақалдар білесіңдер?
Жалқаулық, еріншектік туралы мақалдар.
Еріншектің ертеңі бітпес.
Еріншек екі еңкейеді.
Еңбектің наны тәтті.
Жалқаудың жаны тәтті.
Оқи берсең көзің ашылады,
Отыра берсең жалқаулық басынады.
-Ал, балалар, еңбек туралы қандай мақалдар білесіңдер?
Еңбек туралы мақалдар.
Еңбек түбі – береке.
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Еңбек етпесең елге өкпелеме,
СҚО, Петропавл қаласы
Жетім балаларға арналған облыстық
мектеп-интернатының бастауыш сынып
мұғалімі М.Х. Келдібекова
Егін екпесең, жерге өкпелеме.
Байлық атасы - еңбек,
Анасы - жер.
Еңбек ер атандырар.
-«Жооқ, балалар, мен білемін, таптым!» - дейді Алдар Көсе. Біздің мысық әнді ұнатады
екен. Ал ендеше Ән айтып жіберейік.
ІҮ. Ой толғаныс.
Ән: «Еңбекшіл осындай».
-Міне, балалар, жалқау мысық та оянды .
Венн диаграммасын толтыру.
- Осы сабақта не үйрендік? Не білдік?
Негізгі және туынды етістіктерді салыстыру.
Зат есімнің жекеше және көпше түрін
салыстыру.
- Сабақ ұнады ма? Несімен?
Ү. Бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Туынды етістіктер кездесетін мақалдар
жинастырып, жазып кел.
151 б, ережелерді жаттау, 3-жаттығу
Достарыңызбен бөлісу: |