Дәрістің тақырыбы: «Инновациялық әрекетке даяр болуының өлшемдері мен көрсеткіштері»
Дәрістің түрі: Пресс-конференция-дәріс
Дәрістің мақсаты:
студенттерге инновациялық әрекетке даяр тұлғаның моделіндегі өлшемдер мен көрсеткіштер туралы білім мазмұнын меңгерту;
сұрақ қоя білетін студенттерді ынталандыра отырып, адрестік ақпарат беру мен оны қабылдау ерекшеліктерін студенттерге таныстыру;
пресс-конференция дәрісі арқылы тыңдап отырған студенттер аудиториясын – олардың бейімділігін, білім алу бағыты мен мақсаттылығын, не күтетінін, олардың мүмкіндіктерін модельдеу.
Реквизиттер: микрофон, ақ қағаздар, қарындаштар, интерактив тақта, слайдтар мен көрнекіліктер, тақырып бойынша әдебиеттер.
Дәрістің өту барысы:
Оқытушы: - Құрметті студенттер, сәлеметсіздер ме! Өткен дәрісте сіздерге үйде танысуға берілген мәтін бойынша бүгінгі дәрісіміз «Пресс-конференция» форматында ұйымдастырылып отыр.
Сіздер маған интерактив тақтада көрсетілген «Инновациялық әрекетке даяр болуының өлшемдері мен көрсеткіштері» дәріс тақырыбы бойынша қандай да сұрақтар жазып бересіздер. Мен ол сұрақтарды іріктеп алып, ішіндегі тақырыптың мән-маңызын ашуға тірек болатын сұрақтарды интерактив тақтаға жазып қоямын.
Сол бойынша сұрақтарыңызға жауап бере отырып, тақырып бойынша жаңа ақпарат аламыз. Қажет жағдайда сұрақтар мен оған берілген жауаптың конспектісін жазып отырсаңыз дұрыс болады деп ескерткім келеді. Сұрақ жазып беруге 2-3 минуттай уақыт беріледі.
Оқытушы: Құрметті студенттер, сіздер жазып берген сұрақтардың ішінен іріктелгендердің мазмұндары келесідей болды:
Даярлықтың өлшемі мен көрсеткіші болуы міндетті ме?
Инновациялық әрекетті қандай белгілері арқылы өлшеуге болады?
Инновациялық әрекеттің көрсеткіштері қандай болады?
Болашақ мұғалімнің инновациялық әрекетінің өлшемі мен қазіргі мектепте жұмыс жасап жүрген мұғалімнің инновациялық әрекетінің өлшемі бірдей болуы мүмкін бе?
Инновациялық өлшем мен көрсеткіш дегеннің арасында қандай айырмашылық бар?
Интерактивтік тақтаға жазылған осы іріктеп алынған сұрақтардың авторлары өз сұрақтарын қайтадан дауыстап оқып берді, ал оқытушы сол сұрақтарға берілген жауап ретінде дәріс мазмұнын оқиды.
Бұл тақырыптың мазмұны диссертациялық жұмысымыздың 2.1 тармақшасында берілгендіктен, бұл жерде орын алмау көзделді.
Студенттерге дәріс барысында презентация көрсетіліп, ғалымдардың көрсетуіне сілтеме жасай отырып [167], болашақ мұғалімнің жалпы инновациялық әрекетке даярлығының мазмұны мен құрылымы көрсетіліп, студенттермен бірге талдау жүргізілді (сурет 33).
Сурет 33 – Болашақ педагогтің инновациялық әрекетке даярлығы
Әзірленген презентация бойынша дәріс тақырыбына байланысты кестелер мен сызбалар, суреттер көрсету арқылы студенттердің сұрақтарына жауап берілді (сурет 34).
Сурет 34 – Инновациялық әрекеттің өлшемі мен көрсеткіштері
Студенттерге берілген дәріс мазмұны сұрақтан тыс ақпараттармен де толықтырылғанын атап кету керек. Дәріс соңында тақырып бойынша қорытынды жасалып, болашақ бастауыш сыныппедагогтерінің инновациялық әрекетке даяр болуының өлшемдері мен көрсеткіштері туралы берілген білімдік ақпарат жинақталды.
«Инновациялық әрекетке даяр болуының өлшемдері мен көрсеткіштері» тақырыбы бойынша студенттермен бірқатар жұмыс жемісті өткізілгенін көрсетіп кетеміз.
Пресс-конференция дәрістен соң, «Кейс-стади» практикалық сабағы өткізіліп, арнайы жаттығулар мен педагогикалық тапсырмалар, педагогикалық жағдаяттары мен кейстер орындатылды.
Одан соң осы тақырыпқа байланысты «Инновациялық шеберхана» тақырыбында лабораториялық сабақ ұйымдастырылды.
Студенттердің өз бетімен жүргізген жұмысы «Педагогикада мұғалімнің инновациялық әрекетке даяр болуының өлшемдері мен көрсеткіштері зерттелуі» тақырыбына реферат жазу тапсырылды.
Жоба жұмысы ретінде компьютермен жұмыс жасау дағдыларын ұштау мақсатында Презентацияда берілген модельді алып, «Инновациялық әрекетке даяр болу көрсеткіштері мен өлшемдерінің 3D моделін жасау» деген тапсырма берілген болатын.
Төменде эксперименттік топтың А. – студенттің әзірлеген анимациялық моделі көрсетілді (сурет 35).
Сурет 35 – Студенттің әзірлеген анимациялық моделі
Эксперименттік топтың ішінен бірқатар анимациялық мүмкіншіліктері бар Paint 3D бағдарламасымен таныс студенттер бұл жұмысты ықыласпен, қызығушылықпен орындап келгенін атап өткіміз келеді.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың оқыту-қалыптастыру кезеңінде семинар сабақтар түрлі инновациялық форматтарда өткізілді. Солардың бірі – эвристикалық семинар. Эвристикалық семинардың дидактикалық мүмкіндіктері мол, онда оқытушы мен студенттердің эвристикалық әңгімелесуі мен студенттердің танымдық мәселелер қатар жүреді. Эвристикалық семинарда бакалаврлердің білімді өз бетімен ізденіп меңгеруі басты орынға қойылады. Қойылған сұрақ пен танымдық мәселелерге байланысты студенттердің инновациялық ойлау дағдылары мен танымдық қабілеттері, инновациялық әрекет ету мотивациясы, проблемалық сұрақтарға жауап іздеуі, педагогикалық инновация бойынша алған білімін ортаға салу қабілеттері дамытылады.
Эвристикалық семинардың логикалық тұтастығы келесі мәселелерге:
болашақ бастауыш сынып педагогінің инновациялық әрекет туралы біліміне сүйене отырып рефлексиялау қабілетін дамытуға;
қажетті тұста пәнаралық байланыс ұстанымды қолдануға;
өзінің инновациялық әрекетке даярлығы деңгейін түсінуге;
семинарда студенттердің рефлексиялауымен бірге креативтік-шығармашылық қабілеттерінің ерекше көрініс табуына;
эвристика элементтерінің барлық басқа оқу формаларында орын алуына бағытталған болып келеді.
Тәжірибелік эксперименттің қалыптастыру кезеңінде оқытылған «Бастауыш білім беруде инновциялық әрекетке даярлау негіздері» элективті курсында өткізілген эвристикалық семинардың бір үлгісін ұсынамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |