Стамбекова жазира курмангалиевна


Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың әдіснамалық, психологиялық және педагогикалық негіздері



бет17/44
Дата14.09.2023
өлшемі6,09 Mb.
#107065
түріДиссертация
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44
Байланысты:
stambekova-zh-k-phd-s-sp

1.3 Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың әдіснамалық, психологиялық және педагогикалық негіздері
Білім беру саласында ХХІ ғасырдың алып келген негізгі дамуы инновациялық әрекетпен байланысты болып отырғаны белгілі. Инновациялық әрекет білім берудің барлық деңгейінде басым бағыттарды анықтап, алдағы заман дамуының бет-бейнесі мен ұстанар бағдарына тірек болуға қарқынмен ұмтылуда. Инновациялық технологияларды оқыту мен тәрбиелеудің барлық деңгейлері мен кезеңдерінде қолдануға байланысты зерттеулер мен практикалық тәжірибелер көптеп жарық көріп отыр. Баспа беттерінде, интернет-ресурстарда, кітаптар мен диссертацияларда білім беру саласындағы инновация, инновациялық әрекет туралы материалдар қолжетімді және молынан жан-жақты қарастырылып келеді. Осы материалдар ағынынан тақырып бойынша талданған еңбектерге талдау жасай келе, олардың ортақ ой орталығы болатын әдіснамалық, философиялық, теориялық негіздерінің жүйеленуі қажеттілігі айқындалды.
Инновациялық әрекет педагогика, психология, логика, кибернетика т.б. ғылымдарының қол жеткен табыстарын оқыту мен білім берудің нақты салаларына қатысты қолдануын мүмкін етіп, аралық байланыс рөлін атқарады. Ғылымның жаңа нәтижелерін оқыту үдерісіне жаңашылдық келбетінде алып келу қоғамның әлеуметтік ортаның дамуының шарты болып табылады.
Қазіргі Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің даму бағдарында инновациялық әрекеттің алатын орны үлкен. Өйткені инновациялық әрекет білім берудің барлық қырында дамытушы серпінге ие болып келеді. Қазақстандық бастауыш мектептің даму барысы да инновациялық әрекеттің мақсатты және үздіксіз болуын қажет етіп отыр.
Бастауыш білім беру жүйесінің инновациялық мазмұнға сапалылықпен ие болуын мүмкін ететін бір қадам – бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық әрекетті игеруі. Соның негізінде келесі 5-10 сыныптарда білім берудің яғни негізгі мектептің де инновациялық сатыға көтерілуіне іргетас қаланады.Мұндай зор міндетті шешуде қазіргі уақытта жеткіліксіз қарастырылып отырған инновациялық әрекеттің әдіснамалық негіздерін анықтау маңызды болып табылады. Инновациялық әрекетке даярлаудың әдіснамалық негіздерін анықтау арқылы инновацияның, инновациялық үдерістің қоғамды жүзеге асырылатын ерекшеліктерін қарастырудың да көптеген түйінді мәселелерін тануға болады. Осымен қатар болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың әдіснамалық негіздерінің анықталып жүйеге түсірілуі, өз кезегінде бастауыш білім беру жүйесінің инновациялық бағдар алуын қажет ететін алға тартушы күш бола алады. Бұл, әсіресе, жалпы орта білім беру жүйесіндегі инновациялылық пен инновациялық әрекеттің өзіндік ерекшеліктері танылмай, оларды толыққанды, сапалы жүзеге асыру, іске қосу тетіктерінің әдіснамалық негіздері біртұтас жүйеге түсірілмей жатқан орнынан алға қозғалуына үлкен серпін береді.
Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың әдіснамалық негіздерін жан-жақты танып-талдау арқылы инновациялық үдерістің де жүйелі түрде бастауыш мектепте білім беру ісіне енгізілуіне мүмкіндіктер жасалынады. Соған сүйене отырып, жаңартылған білім мазмұнын оқушыларға меңгертудің сапалы инновациялық әдістемелері мен технологияларын анықтаудың негіздері танылады. Осындай стратегиялық мәселелердің оңды шешім табуы арқылы жаңартылған білім мазмұнын оқушыларға меңгертудің әлі де болса туындап жатқан көптеген сұрақтарына жауапты мұғалімдердің өздері іздеп табуына жол салынатыны сөзсіз.
Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың әдіснамалық негіздерін зерттеу жалпы бастауыш мектепте инновациялық бағдар ұстанудың ғылыми негізделген жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Ол жүйенің мақсаты – бастауыш мектептегі инновациялық бағыттың сапалы және нәтижелі ұсталынуына тірек болатын философиялық, әлеуметтік, логикалық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік, технологиялық шарттарды қалыптастыру. Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың әдіснамалық негіздерінің жүйеленуі арқылы инновациялық үдерістің бастауыш білім беру жүйесіне сапалы ықпал ету тетіктерін қалыптастыруға болады [104].
Сонымен бірге, болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың әдіснамалық негіздерін жүйелеудің қажеттілігі сонда, әдіснамалық негіздер бастауыш білім беру жүйесіндегі жаңартылған білім мазмұнын меңгертуде инновациялық бағдар ұстанудың шынайы және субъективтік мәселелерін айқындауға мүмкіндік береді. Әдіснамалық негіздер бастауышта оқытудың жаңа инновациялық әдістемелері мен технологияларын таңдаудың критерийлерін, бағалау мүмкіндіктерін айқындауды тірек болады. Атап айтар болсақ, жаңартылған білім мазмұнын оқушыларға меңгерту жүйесінде тұнып тұрған инновациялық идеялар мен инновациялық әдістемелер, инновациялық технологиялар кірігіп берілген болатын. Сондықтан да жаңартылған білім беру бағдарламаларын оқушыларға меңгертуде инновациялық технологиялар мен инновациялық әдістемелердің қажеттілігі өте зор деуге болады. Жаңартылған білім мазмұны енгізілген уақытта қазақстандық бастауыш мектепте сабақ беріп жүрген мұғалімдердің инновациялық әрекет етуі қаншалықты деңгейде болғаны әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан арнайы зерттелмегендіктен, осы күнге дейін көптеген мәселелердің мектеп мұғалімдері үшін кең түсінілмей келе жатқаны байқалады. Бастауыш мектепке арналған жаңартылған оқу бағдарламасымен оқытуды жүзеге асыру үдерісінің әр қырында инновациялық әдіс-тәсілдер мен инновациялық технологияларды қолдануға ерекше орын берілген. Сондықтан жаңартылған оқу бағдарламасының оқыту үдерісінде оң нәтижелерге қол жеткізуі үшін болашақ педагогтердің инновациялық әрекетке даяр болуын ойластыру керек. Ол үшін болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың әдіснамалық негіздері педагогика, психологя ғылымдары саласына ғана емес, түйіскен нүктесінде пайда болған жаңа ғылым салаларына да сүйене алатын болуы керек.
Зерттеу жұмысымыздың әдіснамалық негіздері – жаңартылған оқу бағдарламасы негізінде болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың ұстанымдары мен әдістемеміздің теориялық және практикалық қырларын жасау мен ұйымдастырудың жүйесін және сол жүйе туралы теориялық білімді танытады. Инновациялылықтың ерекшелігі оның пәнаралық байланыста танылуында екені белгілі [105]. Сондықтан инновациялық әрекеттің әдіснамалық негіздерін құрайтын тұғырлар ретінде зерттеу жұмысымыздағы ғылыми білімдер теориясын зерделеуде болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлауда келесідей әдіснамалық тұғырларды басшылыққа алдық: іс-әрекеттік тұғыр, жүйелілік тұғыр, синергетикалық тұғыр, инновациялық тұғыр.
Инновациялық әрекетке даярлаудың әдіснамалық тұғырларының бірі іс-әрекеттік тұғырға тереңірек тоқталайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет