Стамбекова жазира курмангалиевна


ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП ПЕДАГОГТЕРІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘРЕКЕТКЕ ДАЯРЛАУДЫ МОДЕЛЬДЕУ



бет20/44
Дата14.09.2023
өлшемі6,09 Mb.
#107065
түріДиссертация
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44
Байланысты:
stambekova-zh-k-phd-s-sp

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП ПЕДАГОГТЕРІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘРЕКЕТКЕ ДАЯРЛАУДЫ МОДЕЛЬДЕУ




    1. Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың қазіргі жайы

Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу – білімнің, соның ішінде болашағымыз бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе. Еліміздің әлеуметтік-экономикасының дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой-пікірі бар, жан-жақты дамыған, білімді де, білікті тұлғаны дайындап, тәрбиелеу аса құрметті қоғамдық міндет. Себебі, ел тұтқасын жан-жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана өркениет алға дамымақ.
Біздің елімізде білім беру жүйесін жақсарту, мұғалімдердің беделін көтеру және де 12 жылдық мектептерге көшу үшін реформалар жүргізілуде. Бұл реформалар жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру, мұғалімнің кәсіби дамуы үшін жағдайлар жасауға бағытталған. Білім алушылap қaлaй oқу кepeктiгiн aнықтaп, caнaлы түpдe бiлiм aлып, үйpeнгeн бiлiмдepiн бoлaшaқтa қoлдaнулapынa ықпaлын тигiзeдi. Бipлecкeн тoптық жұмыc жәнe диалoгтық oқу қapым-қaтынac жacaуғa нeгiздeлce, cыни тұpғыcынaн oйлaу тeхнoлoгияcы oқушылapдың кeз кeлгeн пpoблeмa нe aқпapaт бoйыншa нaқты cұpaқтap қoйып, ceбeп-caлдapын aнықтaп, тaлдaп, тұжыpым жacaп, қopытынды шығapулapынa ықпaлын тигiзeдi.
Қай саланың маманы болмасын, барлығы дерлік ұлағатты ұстаздан тәлім-тәрбие алып, болашаққа қадам жасары сөзсіз. Ал, болашақ бастауыш сынып педагогтерін даярлаудың маңызы қандай? Болашақ педагогтеріміз қандай құзыреттліктерді бойына сіңіре білуі қажет? Әрине, балалардың алғашқы сауатын қалыптастыратын, мектепке, білімге деген қызығушылығын арттыратын ардақты ұстаздарымызға қояр заман талабы да аз емес екенін естен шығармаған абзал. Сонымен, болашақ бастауыш сынып педагогтеріміз – пәндік білімі мен танымдық деңгейі жоғары, мазмұндық және әдістемелік, технологиялық біліктілігі жоғары, мультимедиялық құрал-жаблықтармен жұмыс жасау дағдылары қалыптасқан, шығармашылық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына бейімді, белсенді іс-әрекетке икемді, сыни ойлау дағдылары дамыған тұлға ретінде тануға болады. Яғни, ХХІ ғасыр талабы – жаңалыққа жаны құмар, бәсекеге қабілетті, сапалы маман даярлау.
2014 ж. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) еліміздің білім беру жүйесіне жасалған сараптамасы нәтижесіне сүйене отырып, төмендегідей ұсыныстар берген:

  • Орта білім берудің әрекеттегі оқу бағдарламасын толық талдау және қайта қарастыру керек, өйткені ол жоғары оқу көрсеткіштерін қамтамасыз еткен жоқ, барлық оқушыларға функционалды және математикалық сауаттылықтың минималды деңдейіне жетуге мүмкіндік берген жоқ, жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын дамытуға ықпалын тигізген жоқ.

  • Әрекеттегі оқу бағдарламасы аясында келесіні ескеру/азайту керек: академиялық пәндердің артық санын; теорияға тым артық назар бөлінуін, өйткені бұл басқа кемшілектермен қатар бағдарламаны одан да күрделі және нашар үлгеретін оқушылар үшін түсініксіз қылады.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет