Стамбекова жазира курмангалиевна



бет18/44
Дата14.09.2023
өлшемі6,09 Mb.
#107065
түріДиссертация
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44
Байланысты:
stambekova-zh-k-phd-s-sp

Іс-әрекеттік тұғыр – бұл адамның және оның санасының жалпы қалыптасуына негізделген адамның іс-әрекет үдерісі болып табылады. Іс-әрекет барысында адам, белсенді шығармашыл бастама ретінде және әлеммен өзара әрекеттесіп, өзі әрекетін ұйымдастырады. Іс-әрекет барысында адам өзіндік қалыптасып, оның тұлғасының өздігінен дамуы және өзін-өзі белсендендіреді [106].
«Іс-әрекет арқылы оқыту» тұжырымдамасын алғаш рет американдық ғалым Д. Дьюи ұсынған. Ол оқытудағы іс-әрекеттік тұғырының негізгі ұстанымдарын: оқушылар мүддесін ескеруді; ойлау мен әрекет етуге үйрету арқылы оқытуды; қиындықтарды жеңу салдары ретіндегі таным мен білімді; еркін шығармашылық жұмыс пен ынтымақтастықты анықтады. Іс-әрекеттік тұғырды психологтар Б.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев, Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейннің жұмыстарында тұлға іс-әрекет субъектісі ретінде қарастырған, іс-әрекетте және басқа адамдармен қатынасқа түсу арқылы осы іс-әрекет пен қарым-қатынастың мінезінің қалыптасатыны қарастырған. А.Н. Леонтьев, Л.С.Выготский, Д.Б. Эльконин еңбектерінде іс-әрекеттік тұғыр білім беру жүйесіндегі тұлғаның дамуы, алдымен, оқыту мен тәрбие беру үдерісінің негізі болып табылатын оқу-әрекеттерінің қалыптасады [107].
А.Н. Леонтьевтың айтуынша: «Білім алу үдерісі – ол жаңа білімдер дайын түрде берілмейтін, оқушы санасының және жалпы тұлғасының қалыптасуына бағытталған іс-әрекет үдерісі. Білім берудегі іс-әрекеттік тұғыр деген осы!» тұжырыммен біз де толық келісеміз. Білім алушылар қандай да әрекет жасау арқылы бір нәрсеге үйренуге талпынады. Мысалы, оқу барысында жеке, жұптық немесе топтық әрекетттер орындағанда өзіндік ой-толғаныс, пікір алмасу, қарым-қатынас құру, тыңдау, талқылау, шешім қабылдау және т.б. белсенді әрекеттер орындау негізінде нақты нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Қытай елінің ойшылы Конфуций «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең есіме сақтаймын, өзіме жасатсаң үйренемін» қағидасы іс-әрекеттік тұғыр ұғымын толық ашқандай. Білім иегеру барысында «сөз үйретпейді, әрекет үйретеді» қағидасының орынды екенін алға тартамыз.
Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың әдіснамалық тұғыры ретінде жүйелілік тұғырды аламыз. Жүйелілік тұғыр кез-келген жүйе өзара байланысты элементтердің жиынтығы ретінде қарастырылады. Жүйелілік тұғыр педагогикалық технология ретінде кез келген білім беру қызметінде пайдаланылады.
Жүйе – өзара байланысты қарым-қатынаста болатын және белгілі бір тұтастықты, бірлікті туғызатын элементтердің жиынтығы. Жүйелік тұғыр нысаналарды, жүйелерді, құрылымдарды, үдерістерді зерттейтін әмбебап әдісі ретінде қарастырылады.
Жүйенің қызмет етуі оның ашықтығын, басқа жүйелермен сыртқы байланыстардың бар болуына негізделеді. Байланыстарды барлық жағынан қамтитын зерттеу жағдаятты жан-жақты түсінуге, оқиғалардың дамуын болжауға, үрдістерді басқаруға, көзделген нәтижеге жетуге мүмкіндік береді.
Педагогикадағы басымдық алған білім алушылардың «белсенді оқу» жағдайында инновациялық технологиялар негізінде бірлескен әрекеттің, қызметтестіктің, шығармашылықтың, тәрбиелеудің, оқытудың, дамудың мазмұны және әдістері бірлігі негізінде құрылады. Ғалымдардың еңбектерінде жүйелілік тұғыр жалпы педагогикада белсенді түрде қарасытырылады. Жүйелілік тұғырды М.С. Каган, В.Г. Афанасьев және т.б. ғалымдар қарастырған. Жүйелілік тұғыр «жалпы ғылымилығымен», «ғылыми білімнің көпсалалығымен», «жалпы ғылымилықтың гносеологиялылығымен» сипатталады. Сондықтан, жүйелілік жалпы ғылыми әдіснамалық зерттеудің бір құралы ретінде оқу-тәрбие үдерісін және бір-бірімен байланысты құбылыстарды жүйелі зерттеуге қажет сапалы ғылыми тұғыр болып табылады.
Синергетикалық тұғыр педагогикада қолданылатын жүйелік-қызметтік әдістердің дамуына жол ашады. Ал оның нәтижесі білімнің мақсаттары мен мазмұнының өзгеруінде, жаңа парадигманың пайда болуында, ақпараттармен алмасу құралы ретіндегі жаңа тәсілдемелердің қолданылуында, білім беру үдерісін синергетикаландыруда көрінеді.
Синергетика бұл бірлестік, ынтымақтастық ұғымдары аясында жиі қолданылады және білім беруде біртұтас құрылым бөліктерінің келісілген өзара әрекеттестікте болуына негізделген. Біздің ойымызша, синергетика өзін-өзі ұйымдастыру, күрделі жүйелерді зерттеу сыңды түрлі әдіснамалық тұжырымдамаларға енген, зерттелуші заттар мен оъбектілерге бірегей пәнаралық байланыс негізінде көрініс табады. Синергетиканы өзін-өзі ұйымдастыру теориясы деп те атайды. Өзін-өзі ұйымдастыру теорияларының жеке аспектілері педагогикалық тұрғыда В.Г. Виненко, В.А. Игнатова, Е. Н. Князева, Н.Д. Хмель, З. Жанабаев, Л.Х. Мажитова, Б. Мукушев және т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.
Өзін-өзі ұйымдастырудың қасиеттерін түрлі мағынада танылады, өзін-өзі ұйымдастырудың үдерістері білім беру жүйесінің элементтері арасындағы жаңа байланыстар түзу, бар байланыстарды қайта құру арқылы іске асады. Өзін-өзі ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі мақсаттылық пен шынайылық сипаттамадағы үдерістердің өтуі болып табылады. Педагогикалық синергетикаға, өзін-өзі ұйымдастыру мен өзін-өзі дамыту заңдары мен заңдылықтарына негізделген оқу-тәрбие жүйелері кіреді. Ол бізге педагогикалық жүйелер даму мәселесіне жаңаша көзқараспен қарауға, ашықтық, бірлескен шығармашылық және өзін-өзі дамыту тұсынан көруге мүмкіндік береді. Осы негізде болашақ мамандардың өзін-өзі ұйымдастыру мен өзін-өзі дамыту қабілеттерінің қалыптасуына әсерін тигізуші педагогикадағы шығармашылық әрекеттер мен инновациялық әрекетке айрықша назар аударылады. Сондықтан студенттер өзін-өзі ұйымдастыру тетігі арқылы тиімді әсер етері анық.Жалпы алғанда, синергетикалық тұғыр өзін-өзі ұйымдастыратын үдерістердің жүзеге асуының нақты тәсілдеріне көңіл бөле отырып, үдерістің көпсубъектілік коммуникативті тұрғыда ұйымдастырылуын тірек етеді. Ал бұл өз кезегінде болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлауда олардың педагогикалық қарым-қатынас шыңына жетуге жол ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет