Стамбекова жазира курмангалиевна



бет24/44
Дата14.09.2023
өлшемі6,09 Mb.
#107065
түріДиссертация
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   44
Байланысты:
stambekova-zh-k-phd-s-sp

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  1. Жаңартылған оқу бағдарламасы ерекше инновациялық жүйемен құрылған білім мазмұны болғандықтан, осы бағдарламаны жүзеге асыру бастауыш сынып педагогтерінің инновациялық әрекетінің белсенділігін қажет етеді.

  2. Жаңартылған оқу бағдарламасы, сондықтан болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлауда сенімді тірек болады.

  3. Педагогикалық көзқарас тұрғысынан алғанда, жаңартылған оқу бағдарламасы мазмұнындағы мол дидактикалық мүмкіншіліктер, әдістер мен тәсілдердің молдығы, дидактикалық ресурстардың, педагогикалық технология түрлілігінің оны жүзеге асырушы тұлға - мұғалімнің инновациялық әрекетінің тиімді және сапалы нәтижеге қол жеткізуіне беретін мүмкіншіліктері зор деп бағаланады.

  1. Жаңартылған оқу бағдарламасының инновациялық сипаты арнайы түсіндірілмегендіктен, мұғалімдердің инновациялық әрекеті инерциялық болуы мүмкін. Жаңартылған бағдарламаның инновациялық сипатын меңгеру қиын деп санап, дәстүрлі оқыту әдістеріне бұрылып кетуі мүмкін.

  2. Инновациялық әрекет арнайы қалыптастырылмауы салдарынан, дидактикалық әдістер мен құрал-ресурстардың жеткіліксіз болуы.

  3. Инновация туралы білімінің жеткіліксіздігі инновациялық әрекетінің деңгейі төмен болуына алып келеді.

Мүмкіндіктері

Кедергілер

  1. Университетте арнайы курс негізінде болашақ бастауыш сынып педагогтерін жаңартылған оқу бағдарламасы негізінде инновациялық әрекетке даярлау.

  2. Инновация, инновациялық әрекет туралы теориялық және практикалық білімді меңгерте отырып, студенттерді педагогикалық технологияларды талдауға, бағалауға, әзірлеуге дағдыландыру.

  3. Жаңартылған «Қазақ тілі» пәні оқу бағдарламасының инновациялық технологиялық сипатын танып-талдау логикасын меңгерту.

  1. Студенттердің жаңартылған оқу бағдарламасын талдау тәжірибесінің және инновацияға сарапшы болу тәжірибесінің болмауы, сыни ойлау әдістерін меңгермеуі.

  2. Инновациялық әрекет ету белсенділігінің төмен деңгейде болуы.

  3. Студенттің инновациялық әрекетінің арнайы курста ғана емес, барлық басқа курстар бойынша дайындалу үдерісінде басты нысан болуы.

Болашақ бастауыш сынып педагогтерін «Қазақ тілі» жаңартылған оқу бағдарламасы негізінде инновациялық әрекетке даярлаудың мәселелі тұстарын SWOT-талдау негізінде тереңірек қарастыра келе, қажетті дидактикалық, әдістемелік мүмкіншіліктерін айқындап, оларды жүйеге түсіріп алу қажеттілігі туындады. Бұл болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың күшті жақтарын дамытудың стратегиялық іс-әрекеттерінің логикасын құру мүмкіндігін береді. Ол стратегиялық іс-әрекеттер келесідей сатылардан тұрады:



  • болашақ бастауыш сынып педагогтерінің инновациялық әрекетке бейімділігін, ішкі ниетін, ұмтылысын дамытып, жаңартылған оқу бағдарламасымен оқыту бойынша инновациялық әрекетке даярланған мұғалім тұлғасын қалыптастыру;

  • 2-4 сыныптарға арналған «Қазақ тілі» пәні бойынша жаңартылған білім мазмұнын меңгертудің инновациялық мүмкіншіліктерін студенттерге жобалау арқылы іздендіру, зерттеу жұмыстарын орындату;

  • жаңартылған оқу бағдарламасы негізінде болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлау арқылы оның алдағы мұғалімдік қызметіндегі педагогтік, әлеуметтік, қоғамдық мәртебесін көтеру;

  • «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған оқу бағдарламасының дидактикалық инновациялық мүмкіншіліктерін тану арқылы бастауышта білім берудің сапасын жоғарылату;

  • инновациялық әрекетке арнайы даярлануы арқылы болашақ бастауыш сынып педагогтерінің саны артады, соның негізінде, оларға авторлық инновациялық жаңа педагогикалық жоба жасауды ұсынуға болады;

  • студент инновациялық әрекетті ғылым мен педагогикалық тәжірибені өзара бірлікте қолдануға жетелейтін, тетіктері өріле біткен біртұтас болмысы деп қабылдайды; қазақстандық, жақын шетелдік, алыс шетелдік инновациялық оқыту технологияларының «Қазақ тілі» пәні бойынша жаңартылған білім мазмұнын меңгертудегі тиімділіктерін тәжірибе жасап тексеру мүмкіндігін беру;

  • инновациялық әрекет болашақ бастауыш сынып педагогтерін қалай да бір технологияны үйреніп қолдануды және ең бастысы, өз бетімен инновациялық технологияның жобасын ойластыруды үйретеді. Педагогикалық үдерістегі инновация оқу-тәрбие үдерісіндегі серпін беретін ерекше қуатқа ие болып келетіні белгілі. Ал сол инновацияны жүргізіп отыратын инновациялық әрекетті қозғап, соншалықты дамытушы күшке ие қылатын не деген сұрақтың төңірегінде бірқатар мәселелер танылады.

Біздің ойымызша, бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке деген ынта мен қабілетке ықпал ететін факторлар келесілер:

  • біріншіден, жаңа заман талаптары мен жетістіктеріне сүйеніп, шынайы өмір сүріп отырған әлеуметтік орта білім берудегі «қозғалыссыз қалған» дәстүрлі оқыту әдістері арқылы меңгертілген білім арқылы танылмайды және оқушылардың өз бетімен ізденістер жасап, білімді мұғалімнің кеңесшілігімен жаңа жолдары арқылы өз бетімен табуына да дәстүрлі әдістерде орын берілмеген, сондықтан бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке итермелейтін маңызды фактордың бірі – осындай жағдай;

  • екіншіден, бастауыш сынып педагогтерінің инновациялық әрекеті мектеп ұжымының серпіліс жасау кезеңінде туындауы мүмкін; жоғары білікті мамандардың бір ұжымға шоғырланып, мектепішілік оқу-тәрбие жүйесіне инновациялық серпін алып келу идеясы бастауыш сынып мұғалімінің де ішкі рухани және кәсіби күштеріне қозғау салып, жаңашыл идеялар мен мүмкіндіктер тудыра алады;

  • үшіншіден, сыртқы жағдайлар да бастауыш сынып педагогтерінің инновациялық әрекетке деген ұмтылысын тудыра алады, атап айтсақ, иерархиялық құрылымның жоғары жағынан болған ұсыныстар, бастауыш мектептер арасында озықтар қатарына қосылу идеясы т.б.

Төменде 17 суретте көрсетілгендей, осы үш фактор бірін екіншісі қозғалысқа түсіріп, инновациялық әрекеттің басталуына, қалыптасуына, дамуына ынталандырушы және қабілетті тетіктер ретінде қызмет етіп отырады.



Сурет 17 – Бастауыш сынып педагогтерінің инновациялық әрекетіне ықпал етуші факторлар


Атап кететін жайт, осы үш тетік бірімен екіншісі тығыз байланысты және біріне-бірі ықпал ететін алады. Кейде мұғалімнің жеке басының ынтасымен басталған инновациялық әрекет біртіндеп бүкіл мектепке таралып, одан көрші мектептерге таралуы мүмкін. Оның соңы кей жағдайда сыртқы жағдайларға әсер етіп инновациялық әрекет үлкен қозғаушы күшке айналуы мүмкін. Бұл ретте танымал педагогтер В.А. Сухомлинский [156], Д.Б.Эльконин [157], В.В. Давыдов [158], С.Лысенкова [159], Ш.Амонашвили [160] сияқты инноватор-мұғалім-ғалымдардың жеке тәжірибелері тұтас қоғамдық қолдауға ие болғанын айтып кетуге болады.


Ал кей жағдайда сыртқы жағдайлар мектепке, одан педагогтің инновациялық әрекеті туындауына, дамуына ықпал етуі мүмкін. Бастауыш мектепке енгізілген жаңартылған оқу бағдарламалары, біздің ойымызша, осы соңғы көрсетілген жағдайға жатқызылады. Жаңартылған оқу бағдарламаларында берілген білім мазмұнының оқушының белсенді әрекет етуге дағдыландыруға түбегейлі бетбұрыс жасағаны белгілі. Оқу-танымдық әрекет оқушыны сабақ үстінде білімнің шынайы логикасын жүріп өтуіне мүмкіндік береді. Осындай оқу логикасы оқушыны босқа шаршатпайды, қызығушылығын одан әрі ұштай түсіп, өз бетімен білім іздеу қабілеттерін өркендете түседі.Егер қазақ тілінен белгілі бір тіл құбылысына ереже берілсе, сол ережені бірден жаттап алмай, ол ереженің құрылымындағы әрбір элемент бойынша өмірде керекті мазмұндағы жаттығулар орындай отырып, нәтижесінде тіл құбылысы туралы берілген анықтаманың шынайылығына өзінің жүріп өткен тәжірибесі жүзінде көзін жеткізуі көзделген. Ойын, білімін дамытып, оның практикалық құндылығын танытатын оқу мақсаттарының ерекшелігі де осында. Жаңартылған білім мазмұны жағдайында болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың мүмкіндіктері бағдарламаның мазмұнын оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асыру барысында молынан таныла түседі. Өйткені жаңартылған бағдарламада болашақ бастауыш сынып педагогінің инновациялық әлеуетін дамыту мүмкіншіліктері мол.
Жоғары оқу орындарында кафедраны инновациялық әрекетке даярлау туралы, инновациялық әлеует туралы пікірінде Ш.Т.Таубаева инновациялық үдеріс үшін мүмкін бастау көздерін де, инновациялық әрекетті құраушыларды да көрсеткен [161]. Инновациялық әрекеттің жүзеге асырылатын бірқатар қозғаушы «рычагтарын» да көрсетеді, олар: әлеуметтік, экономикалық, ұйымдастыру-басқарушылық, имидждік. Жеке педагогтің, тұтас педагогикалық ұжымның инновациялық дайындығының құраушылары туралы пікірлерін айта келе, ғалым инновациялық әрекеттің келесі құраушыларын да көрсетеді (сурет 18).


Сурет 18 – Ш.Т.Таубаева бойынша инновациялық әрекеттің құраушылары


Білім беру саласындағы педагогтердің инновациялық мүмкіндігі олардың өз бойындағы білімдік, рухани, жоғары білікті кәсіби тұлғасына байланысты. Жоғарыдағы талдауларға сәйкес болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың мүмкіндіктерін келесідей қарастырмыз:



  • инновация, инновациялық әрекет туралы арнайы білім мазмұнын игеру;

  • педагогикалық инновациялық технологиялар туралы білім мен дағдылардың меңгеру;

  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану дағдыларын меңгеру;

  • педагогикалық инновацияларға сараптама жасай білу дағдыларын меңгеру;

  • инновациялық идеяны тауып, дамытып, оны жүзеге асыру қабілеттерін қалыптастырып, дамыту;

  • инновациялық оқу-тәрбие жүйесін құра білу дағдыларын меңгеру.

Инновациялық үдеріс, инновациялық әрекет қоғамның қандай саласында болса да, оның орталық өзегі – адами капитал, сол саланың жоғары білікті маманы. Сондықтан болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлауды қоғамның дамуына жаңа күштер, қуатты серпінде даярлау деп танылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет