Стандарттау жөніндегі нормативтік қүжаттардың міндетті талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау ҚР-ның стандарттау заңы бойынша мемлекеттік бақылау және қадағалау жұмыстары мемлекеттік стандарттың міндетті талаптарының орындалуы қажет болған жағдайда жүргізіледі. Бұл талаптарға қоршаған орта мен адамдардың денсаулыгы,азаматтардың мүлкі, өнім, жұмыс, қызмет қауіпсіздігін қаматамасыз ететін көрсеткіштер, сонымен қатар техникалық жэне ақпараттық сәйкестік, өзара алмасылымдық, өлшеу мен таңбалаудың бірыңгайлылығы, нарықтық экономика жағдайына сәйкес бақылау мен қадағалау механизмдерінің көрсеткіштері жатады.
Бақылау мен қадағалау түсінігі ұқсас. Айырмашалығы тек өкілеттілігінде: қадағалау жүмысын сол объектіге үйымдық бағыныштылығы жоқ мекеме жүргізеді. Қадағалау жүмысы заңнамалық талаптарды орындау жөніндегі мемлекеттік қызметтің бір түрі болып табылады.
Бақылау жұмыстары мем стандарттың міндетті талаптарының орындалуын тексеру, салалық және өндірістік стандарт, техникалық қүжаттарды әзірлеу, пайдалану кезінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қадағалау мен бақылау жүмыстары мемстандарттың міндетті шарты, талаптарына қатысты іс-қызметтің барлық салаларында жүргізіледі.
Мемстандарттау және жоғарыдағы бақылау орындары облыс, қала аймақтарға өз өкілеттіліктерін бөлісетін өздерінің аумақтық орындарын қүрады.
Мембақылау және қадағалау жұмыстарын тек қана лауазымды адамдар жүргізеді. Қадағалау жұмыстарын ҚР Мемстандарттың мемлекеттік инспекторлары жүргізеді. Бақылау мемстандарттар органдары жэне жоғарыда аталған үйымдар мен мекемелердің өкілетті түлғалары жүргізеді.
Қадағалау және бақылау жұмыстары арнайы нұсқау, ереже нормалар негізінде реттеліп жүргізіледі.Қадағалау, бақылау жүмыстарының нәтижесінде тиісті қүжаттар даярланып, кемшілік орын алған жағдайда қылмыстық, әкімшілік және материалдық шаралар белгіленеді.Мемқадағалау, бақылау жұмыстары мемлекеттік бюджеттен
қаржыландырылды. Қазақстан Республикасындағы стандарттар мен өлшем құралдары және сертификаттау жөніндегі жүмыстарды мемлекеттік қадағалау жүйесінің мақсаты: өнім, жүмыс, қызмет сапасы мәселелерінде тұтынушылар мен мемлекеттік мүддесін қорғау, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығы, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету; өнімнің сапасына талдау жүмыстарын дамыту;
■ өлшем қүралдарының сәйкестік деңгейін қамтамасыз ету; сертификатталган өнім мен сертификаттау шартының сақталуын инспекциялық бақылау; сапасыз өнім шығару фактілерінің жолын кесу, ақаудың пайда болу себептерін жою үшін жедел шаралар қолдану; аккредиттелген сынақ зертханалары мен сертификатталған өндірістерге инспекциялық бақылау жүргізу;
Мемлекеттік қадағалау жүргізетін мамандар мемлекеттік инспекторлар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты белгілеген тәртіп бойынша аттестациядан өтеді.
Мемлекеттік қадағалау объектілері мыналар: стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және техникалық құжаттау;
өнім, үрдіс, қызмет және мемлекеттік қадағалау туралы заңнамаларга сәйкес баска да нысандар;
Мемлекеттік қадағалау ұйымдары: Республика үкіметі мен жергілікті атқарушы билік органдары, тиісті министрліктер мен мекемелерге стандарт, өлшеу құралдары және өнімді сертификаттау жүмыстарын мемлекеттік қадағалау нәтижесі туралы ақпарат жүйелі түрде беріп отырады.
Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар 1. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы - уәкілетті органның басшысы;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары -уәкілетті орган басшысының орынбасарлары;
3) облыстар мен қалалардың мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекетгік инспекторлары - аумактық органдардың басшылары;
4) облыстардың және қалалардың мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторларының орынбасарлары -аумақтық органдар басшыларының орынбасарлары және олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары;
5) мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар- аумақтық органдардың барлық санаттағы мамандары жатады.
Жеке және заңды түлғалардың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын сақтаіиағаны үшін жауаптылығы
Жеке және заңды түлғалар (дайындаушы, орындаушы, сатушы):
1) нарықта өткізілетін өнімнің қауіпсіздігі үшін;
2) техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды бұзғаны үшін;
3) көзделген мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын органның нұсқамалары мен шешімдерін орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.