Техникалық регламенттер туралы түсінік Техникалық реттеудің басты мақсаты – техникалық регламенттерді қабылдау.
Техникалық регламент – өнімдерге және олардың өмірлік циклінің үдерістеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін, Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын нормативтік құқықтық акт.
Техникалық регламенттерді қабылдау мақсаттары:
– адам өмірі мен денсаулығын, жеке немесе заңды тұлғалардың мүліктерін, мемлекеттік және муниципалдық мүліктерді қорғау;
– қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау;
– өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу;
– саудадағы техникалық кедергілерді жою;
– отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
– табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу.
Техникалық регламенттердің мазмұнына қойылатын талаптарға мыналар кіруі керек:
– техникалық регламенттердің талаптары қолданылатын өнімдердің, осы өнімдердің үдерістерінің толық қамтылған тізбесі;
– техникалық регламентті қабылдау мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін өнімнің, үдерістердің сипаттамаларына қойылатын талаптар;
– техникалық реттеу объектілерін бірдейлендіру ережелері (өнім сапасының оның маңызды белгілерімен бірдейлігін анықтау);
– зиян келтіру қауіп-қатерінің деңгейін ескере отырып, өнімнің, үдерістердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ең төменгі қажетті талаптар.
Техникалық регламенттердің екі түрі бар:
– жалпы техникалық регламенттер;
– арнайы техникалық регламенттер.
Жалпы техникалық регламенттердің талаптары кез келген өнім түрі мен өмірлік цикл үдерістеріне міндетті түрде қолданылуы және сақтауы керек.
Жалпы техникалық регламенттер мына мәселелер бойынша қабылданады:
– үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды және оларға іргелес аумақтарды қауіпсіз пайдалану жөнінде;
– өрт қауіпсіздігіне байланысты;
– биологиялық қауіпсіздікке байланысты;
– электромагниттік үйлесімділікке байланысты;
– ядролық және радиациялық қауіпсіздікке қатысты;
– өнеркәсіптік және өндірістік қауіпсіздікке қатысты;
– экологиялық қауіпсіздікке қатысты;
– химиялық қауіпсіздікке байланысты;
– электр қауіпсіздігіне қатысты;
– ақпарат қауіпсіздігіне қатысты;
– уыттылық қауіпсіздігіне қатысты;
– өлшемдердің бірлігі бойынша;
– тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қатысты;
– балалар тағамының қауіпсіздігіне қатысты;
– механикалық қауіпсіздікке қатысты.
Арнайы техникалық регламенттер зиян келтіру деңгейін жалпы техникалық регламенттерінде көрсетілген зиян деңгейінен ауырлау кейбір жекелеген өнім түрлеріне және өмірлік цикл үдерістеріне ғана белгіленеді.
Техникалық регламенттердің құрылымы Техникалық регламенттерге мына мәселелерді қамтитын құрылымдық элементтерді енгізу ұсынылады:
– техникалық реттеу объектілерін;
– терминдерді;
– нарықта орналастырулдың жалпы жағдайын;
– қауіпсіздік талаптарын;
– ерікті ауысып отыру мәселелерін;
– сәйкестікті растауды;
– сәйкестікті бағалауды;
– стандарттар тізбегін басқару;
– нарықта бақылау мен қадағалау;
– техникалық регламенттерді іске асыру жөніндегі жауапты орган-
ды белгілеу;
– өтпелі кезең.