Статистикалық өзгерме деп жиынтық бірліктерінің белгілеріне түрлі себептердің әсер етуінен болған сандық өзгерісті айтады.Сонымен қатар мұны бір бөлігінің сан мөлшерінің өзгермелілігі, құбылмалылығы дап айтуға да болады. Мысалы, әр гектардан алынатын өнімнің өнімділігі түрлі себептерге байланысты әр түрлі болады.
Әлеуметтік – экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгермелі шамасы, ауытқу дәрежесі әр түрлі көрсеткіштермен сипатталады және статистикалық тәжрибеде нақты немесе қатысты өлшем бірліктерімен көрсетіледі.Нақты және қатысты шама ретінде сол зерттеліп отырған жиынтық бірліктерінің біртектілігін, тұрақтылығын саралайды, ішінара бақылау кезенде жіберілген қатенің шамасын көрсетеді, белгілердің бір – бірімен байланыстылығымен тәуелділігін анықтайды. Сонымен, өзгерме көрсеткіштердің жай түрі, ал жиеліктері бірге беріліп, әр түрлі сандық мәнмен көрсетілетін болса, онда салмақталған түрі қолданылады.Бұл жағдайды басқа түрде айтуға болады: егер сандық қатардың орташа мәні арифметикалық орта шаманың жай түрімен есептелсе, онда өзгерменің көрсеткіштері де жай,ал салмақталған тәсілмен есептелсе, салмақталған болып саналады.
Өзгерменің өрісі.Статистикалық сандық қатардың негізгі көрсеткіштерінің ішіндегі ең жай түрі, яғни белгілердің бір – бірінен сандық шамамен қаншаға өзгергендігін көрсететін көрсеткіш өзгерменің өрісі болып саналады.
Сонымен , өзгерменің өрісі деп сандық қатар белгілерінің ең үлкен және ең кіші мән шамаларының арасындағы айырмашылықты айтады. Ол екі шекті шаманың айырмасын көрсетелі. Статистикада өзгерменің өрісі R – әріпімен белгіленеді және мына формула арқылы есептеледі:
R = X көп – X аз,
мұнда Хкөп - сандық қатар белгілерінің үлкен мәні;
Хаз – сандық қатар белгілерінің кіші мәні.
Мысалы, бригада жұмыс істейтін жұмысшылардың ең тқменгі еңбекақысы 2000 теңге, ал ең жоғарғы еңбекақы 3000 теңге десек, онда өзгерменің өрісі 1000 (3000 - 2000) теңгеге тең болады. Бірақ, біл көрсеткіштің сол өзіне тән кейбір кемшіліктеріде кездеседі.
Біріншіден, өзгерменің өрісі белгінің ең шекті екі сандық мәні бойынша есептелгенімен, оның ішкі құрлымындағы өзгерістер мен ауытқушылық көрсетілмей, жасырын қалып қояды. Осының салдырынан өзгерменің өрісі әрбір қатардағы белгінің құбылмалылығын дұрыс сипаттай алмайды.
Екіншіден, сандық қатардың жилік көрсеткіштерді есепке алынбайды. Ол орташа сызықтық ауытқу, шашыранды (дисперсия) және орташа шаршылық ауытку сияқты өзгерменің негізгі көрсеткіштерін есептеу кезінде қолданылады. Осыған орай өзгерменің бұл көрсеткіштері жай және салмақталған болып екіге бөлінеді.
Егер сандық қатардың белгілері беріліп, жиіліктері берілмеген болса, онда теориялық және тәжрибелік зерттеу кезінде орта шамамен қатар жеке бірліктердің жиынтық көрсеткіштерінің өзгермелілгі, fқұбылмалылығы өарастырылады және оларды статистикада өзгерменің көрсеткіштері деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |