Орташа сызықтық ауытқу. Оны ауытқудың нақты (абсалюттік) арифметикалық орташа шамасы деп те атайды. Яғни орташа сызықтық ауытқу деп әрбір белгінің (х) жеке мәнінен арифметикалық орташа шаманы (х) алып, одан шыққан ауытқу қосындыны Σ (х - х)белгі санына - (n) немесе әр қатардағы ауытқу көрсеткіштерін (х - х) жиеліктеріне f көбейтіп, ал оның қосындысын Σ (х -х) f сол жиеліктің жалпы жиынтығына Σ f бөлгеннен шыққан шаманы айтады. Бұл орташа сызықтық ауытқуды жай және салмақталған тәсілмен есептеу болып саналады.
Статистикалық өзгерме көрсеткіштерін есептеу кеінде кейбір математикалық қасиеттердің қолданылу тәсілдеріне өзгеріс енгізуге тура келді. Мысалы, белгілердің орташа шамадан ауытқу қосындысы әрқашан нөлге тең болды. Сондықтан олардың бірін – бірі жойып жібермеуі үшін жақшаны түзу сызықпен көрсетеміз.Оған мысал ретінде төмендегі (9.1 - кесте)көрсеткіштер көрсетілген:
Бригада жұмысшыларының алған айлық еңбекақы мөлшері (теңге)
Жұмысшылардың рет нөмірі (n)
|
Айлық еңбекақы (x)
|
X – X
X = 2600
|
(X - X)
|
(X - X )
|
1
2
3
4
5
Барлығы :
|
1900
2400
3100
2600
3000
13000
|
-700
-200
500
0
400
-
|
700
200
500
0
400
1800
|
490000
40000
250000
0
160000
940000
|
Берілген мәліметтер бойынша орташа сызықтық ауытқуды есептеу үшін алдымен арифметикалық орташа шаманы табамыз. Ол арифметикалық орташа шаманың жай түрінің формуласы бойынша есептеледі:
Σ х 1300
Х = = = 2600 теңге.
n 5
Енді орташа сызықтық ауытқуды жай түрі бойынша есептейміз жіне ол 360 теңгеге тең болады:
Σ (x – x ) 1800
d = = = 360теңге.
n 5
Достарыңызбен бөлісу: |