«Статистика»


Динамикалық қатарларды талдау



бет7/18
Дата09.12.2022
өлшемі253 Kb.
#56096
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
3.3 Динамикалық қатарларды талдау уақыт ішіндегі зерттелетін көрсеткіштің өзгеру деңгейінің заңдылығын және тенденциясын бекітеді. Бірақта деңгейлері әртүрлі өзгерістерге ұшырайтын динамикалық қатарларды да жиі кездестіруге болады және ол құбылыстың дамуының жалпы тенденциясы туралы ғана айтуға болады.
Динамикалық қатарлардағы негізгі тенденцияны анықтайтын бірнеше әдістер бар:

  • интервалды (кезеңді) үлкейту әдісі

  • орташаның сырғымалы әдісі

  • динамикалық қатарды талдамалы теңестіру.

Орташаның сырғымалы әдісі. Бұл әдістің мәні ірі интервалдарда белгілі бір кезең ішінде абсолюттік мәліметтерді орташа орташа арифметикалықпен ауыстыруда. Орташаның шамасы сырғанау әдісі арқылы есептеледі, демек қабылданған бірінші деңгейдің сырғу кезеңін ақырын жойып, екінші деңгейді қосу.
Талдамалы теңестіру әдісі уақыт ішіндегі динамикалық қатардың деңгейі өзгеруінің жалпы тенденциясын көрсететін сандық модельді береді. Бұл жағдайда нақты деңгейлер қисықты анықтау негізінде есептелінген деңгеймен алмастырылады. Ол уақыт ішіндегі зерттелетін көрсеткіштің өзгеруінің жалпы тенденциясын көрсетеді.
Талдамалы теңестіру әдісі түзуді теңестіру көмегімен жүргізіледі:
-теориялық деңгей;
- түзудің параметрлері;
- уақыт көрсеткіші (күндер, айлар, жылдар)
Маусымдық құбылмалылық деп динамикалық қатардың ішіндегі тұрақты жылдың ішіндегі құбылмалылықты айтады, олар тауарды өндіру және тұтыну шарттарымен есептеледі.
Маусымдық ауытқу арнайы көрсеткіштермен – маусымдық индекстермен сипатталады.
Маусымдық индекс жиынтығы маусымдық толқынды жасайды. Маусымдық толқынды табу үшін айларға бөлінген бірнеше жылдық мәліметтерін алады.
Егер динамикалық қатар дамуда анық көрсетілген тенденциясы болмаса, онда индекстер зерттелетін жылдардағы сәйкес айдың зерттелетін құбылыстың орташа деңгейінің жалпы орташасына қатынасымен есептеледі.
Егер динамикалық қатар дамуда нақты тенденциясы болса, онда маусымдық индекстер сәйкес айлардағы нақты деңгейлерінің проценттік қатынасынан сол айлардағы теңестірілген деңгейлеріне орташасымен есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет