Шаршама ұстаз шаршама!
Мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту.
Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұстаздар туралы нақыл сөздер, өлең үзінділері жазылған көрнекіліктер, әр түрлі шаралар, гүлдер.
Фан- фар
жүргізуші:
— Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұстаздар мерекесі қарсаңында өткелі отырған. «Мектептің жүрегі- мұғалім» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ол – мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, ұлттың да, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да нағыз жанды өкілі.
— Балалар қазақтың тұңғыш ұстазын білесіңдер ме?
— Ыбырай Алтынсарин.
— Әрине, Ыбырай Алтынсарин. Қазақтың ұлы ағартушысы, педагог, ғалым-жазушы. Ыбырай Алтынсарин тұңғыш ағартушы, балаларға таза ана тілін үйрету арқылы халықтың бай тілін меңгеріп, өнер-білімге бастаушы. Ыбырай Алтынсарин туған халқына оқу-білімге шақырып, кенжелеген қараңғылықтағы еліне білімнің жарық сәулесін таратты. Тұңғыш қайраткер жас ұрпақ тәрбиелеуде жаңа ғылымның іргетасын қалады. Өзі бас болып, бірнеше жерде кездескен кедергі қарсылыққа қарамастан, 1864 жылы мектеп ашты. Сол жылдан бері қазіргі күнге дейін, 149 жыл бойы бала өміріне жауапты мамандықты таңдаған аяулы ұстаздарымыз тынбай еңбек етуде.
ІІ жүргізуші:
Ия, бүгін сол, мектептің айнасы, бәйтерегі, ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса, бүгінгі күн құрметті ұстаздар сіздерге арналмақ.
жүргізуші:
Ұстаз — ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,
– деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы мерекелеріңіз құтты болсын! (бәрі бірге)
ІІ жүргізуші:
Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс — жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған.
І жүргізуші:
Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.
Тақпақтар
II жүргізуші:
Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.
Ортада вальс. Аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар!
I жүргізуші:
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
Ортада шәкірттеріміздің өлең шумақтарын қарсы алыңыздар.
Тақпақтар
II жүргізуші:
— Ұстаз — шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Оның сенімін ақтау — адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.
I жүргізуші:
— Ия, расымен де, солай ғой. Ал ендеше осындай жүректі де сабырлы жандармен ойын ойнасақ.
Ойын
І жүргізуші:
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі – маржан, үні – ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
Ендеше, ұстаздар көңілдеріңізді көтеріп отырайық! Орта жігіттеріміздің қатысуымен флешмоб. Қарсы алыңыздар!
Флешмоб
жүргізуші:
— Сіздер қалай ойлайсыздар, құрметті қонақтар, менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық – өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
І жүргізуші: Шынымен де, осы сөзің дәлелді бола түсуі үшін балаларымыздың ұстаздарға арналған арнау тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Арнау: Марлен,Асылым
ІI — жүргізуші:
Айта берсек ұстазға тіл жетпеген.
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!
Айтыңдаршы, адам бар ма Өмірде,
Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген?
Ұстаздар, ұлағатты зиялылар,
Сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Ағайын, тойларыңа тарту етем,
Шәкірттердің сәлемін қабыл алыңыздар!
ХОР «Шаршама ұстаз шаршама»
II жүргізуші:
Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Сарқылса мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда
Арнайды саған бұл әнін.
Ән МУНЗИР «Ұстазым»
І жүргізуші: Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Осымен ұстаздарға арналған тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |