Үстел теннисі «дене тәрбиесі» пәнінде студенттердің білім жүйесінде



Pdf көрінісі
бет20/23
Дата16.01.2023
өлшемі483,95 Kb.
#61445
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
1.10 Жарыстарды өткізу ережесі
1.10.1 Жарыстарды ұйымдастыру
Спортттық жарыстарды студенттерді үстел теннисіне үйретудің
құрамды бөлігі. Ол оқуға деген қызығушылықты көтеруге, спорттық
шеберлігін шыңдауға, ерік-жігерлерінің дамуына, психологиялық, физикалық
сапа – дағдыларын көтереді. Жарыс өту кезіндегі жағдайлар, оны бағалау,
көрермендер мен қазылар алқасы, студенттер алдында нақты мақсат қойып
олардан жоғары дәрежелі тәртірті, шыдамдылықты, жеңіске ұмтылуға,
ұжымға бірігушілікті және басқа да бағалы қасиеттерді талап етеді. 
Үстел теннисінен жарыс ұйымдастырушыдан белгілі білек, дағдыларды
талап етеді. ЖОО біріншілігін өткізу үшін әуелі, бағдарлама мен қағидасын,
күнтізбелік жоспарын құрып алу қажет. Бұл ЖОО ректорының бұйырығында
көрсетіледі, ал нақты жарысты өткізу өкімділікпен бекітіледі. 
Жарыс туралы қағида – бұл, жарыстың бағдарламасы, мақсаты, міндеті,
жарыстың өткізілетін орны мен уақыты, командалар және қатысушылар


құрамына қойылатын талаптар, нәтижелерін есептеуге қойылатын ережелер,
жеңімпазды марапаттау, жарысқа қатысуға өтініш жасаудың реті және уақыты
көрсетіледі. Қағида бекітілген соң оқу жылы басталғанша студенттерге
хабарлады. 
Спорттық іс-шараларының күнтізбелік жоспары – бұл, оқу жылына
жоспарлаған жарыстардың, уақыты, өткізілетін орны, жарысты
ұйымдастырушы, командалардың құрамын көрсететін құжат. 
Үстел теннисшінен жарыс өткізудің өкімі жарыс басталуын 15-30 күн
бұрып жасалады. 
Бұнда жарысқа дайындалу іс-шаралары, өткізілетін орны және мерзімі,
қазылар алқасының құрамы, жарыс орнын дацындауға міндеттілер, спорт
қағидалары, залда көркемдік әсемдеу, радиофиксациялау, медициналық
қамтамасыз ету, командаларының өкілдерінің және қазылар алқасының
кездесетін орны, уақыты және ақылдасу, кеңесу уақыты көрсетіледі. Әр
жарыс қатысушылардың жеңіске ұмтылу, жаңа спорттық нәтижелер
көрсетуге ұмтылысымен ерекшелінеді. Сондықтан да жеңімпаздар нақты,
таза ойын кезінде анықталуы тиіс. 
Жарыстар дәстүрге сәйкес салтанатты түрде басталып, аяқталады,
жеңімпаздар марапатталады. 
Спорт белсенділері, спорт жөніндегі төрешілер жарысты басталғаннан
бұрын дайындай бастайды. Келесі іс-шаралар өткізіледі:
- Жарыстың бағдарламасы мен қағидасы нақтыланады.
- Жарыстың өтетін орнын дайындауға, қатысушыларды
орналастыруға, төрешілер, қызмет көрсетушілер, құрал-жабдықтарға
жауапты адамдар бекітіледі. 
- Қазылар алқасын іріктеу қазылық кеңес өткізу уақыты белгіленеді. 
- Өтініштерді қабылдау мерзімі мен жеребе салуды өткізу.
- Студенттерге алдағы болатын жарыстар туралы ақпарат беру
ұйымдастырылады.
- Марапат қағазы мен жүлделер дайындалады.
- Жарыстың ашылу, жабылу салатанатының сценариі дайындалады.
- Құжаттар дайындалады (протекторлар, бюллетендер, кестелер,
төрешілер жазбалары)
- Жарысты методикалық қамтамасыз ету;
- Жарыс өтетін жер әсем безендіріледі, радиофицияланады;
Жарыстың айқын өткізілуін бір маңызды міндеті - кесте құрылуы және
уақыт өлшемі, жарыстың бас төрешісі жарыс өткізудің Қағидаларымен
танысады. Жарыс өткізетін орынды қарап шығады, құрал-жабдықтардың
сапасын тексереді, қатысушылардың санын анықтайды. 
Тәжірибенің көрсетуі бойынша жаысқа әдетте үш сағат уақыт беріледі
және жарыс басталуы 11 сағаттан ерте және 23 сағаттан кеш болмауы керек.
Бұл адам ағзасының осы аралықта белсенді жұмыс жасап, жасасқа
қатысушылар жоғары нәтижесінде жетуі мүмкін. 
Жарыс ережелеріне сәйкес өтуі тиіс. 


Жарыс салтанатты түрде басталады: қатысушыларды қатарға қою,
парад, музыкалық сүйемелдеу, дикторлық мәтін, жарық эффектілерімен
басаталады. Қатысушылардың бір-бірін сәлем беруі, жарыс туын көтеру,
қатысушылардың маршы және спорт залынан шығу. Жарыс чемпионымен
немесе ең үздік спортшымен ту көтерген уақытынан ашық деп жариялады. 
Салтанатты кезең аяқталған соң белгілі уақытта төрешілер жарысқа
қатысушыларды жарыс орнына шығарады. 
Жарыстың қортындысын шығару спорттық шараның соңғы бөлімі.
Өткілілген жарыстың тиімділігін арттыру үшін, студенттердің ынтасын
арттыру үшін жарыс салтанатты түрде жабылуы тиіс. Жеңімпазды марапаттау
нақты бір жарыс аяқталғаннан соң өтеді. Ол үшін секретериат жылдам
қортыды шығарып, жеімпаздарды марапаттау үшін медаль, жетондарды,
грамота және жүлделерді даярлайды. 
Жарыс қатысушылардың салтанатты парадымен аяқталады. Диктор
жеңімпаздар мен жүлделі орын алғандарды және жүлде мен грамотаны
тапсыратындарды және хабарлап тұрады. 
Жеңімпаздарды марапаттап болған соң туды түсіреді, ал қатысушылар
салтанатты маршпен залдан өтеді.
Бас төреші жарыстың қорытындысын шығарады, төрешілердің жақсы
жақтарын және кемшіліктрін айтып өтеді. Ол жарыс кезінде түскен
келіспеушіліктер және оны шешу жолдары туралы айтады,
жаттықтырушылар мен команда өкілдері өз кезегінде төрешілер аппаратының
жарыс кезіндегі жұмыстарына баға береді. Кеңес кезінде кезекті жарыстарды
өткізудегі жаңа міндеттер қойылады. Команда өкілдері жарыс
қорытындысының есебін алады. 
Бас төреші ЖОО басшысына жарыс туралы есеп даярап береді. Онда
спорттық нәтижелерді басқа, қызмет көрсету сапасы, құрал-жабдықтардың
саны және медициналық қорытынды болады. Есепке жұмы протоколына,
өтініштер, келіспеуліктер, қызмет көрсетушілердің жұмыс табелі, жүлделеоі
медаль, грамота (дипломды) есепетен шығару ерекшелігі, бағдарламасы және
жарыс түрі жарыс туралы қағида анықталады. 
Жарыс төмендегідей жас ерекшеліктеріне байланысты өтеді: 
- Кіші жастағылар (ұлдар және қыздар)12 жастан үлкен емес
- Үлкен жастағылар (ұлдар және қыздар)15 жастан үлкен емес
- Юниорлар (ұлдар және қыздар)18 жастан үлкен емес
- Жастар (ұлдар және қыздар)21 жастан үлкен емес 
- Үлкендер (ерлер және әйелдер)40 жастан үлкен емес
- Ардагерлер (ерлер және әйелдер)40 жастан үлкен
Жарысқа қатысушылардың жасы жарыс өтетін жылдың 31 желтоқсан
айымен есептеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет