Біліктілікті арттыру курстары
|
Универсариумнан қашықтан оқыту курстары
|
STEAM-сабақ
5-сыныпқа арналған информатика бойынша қысқа мерзімді жоспарға
Түсінік хат
Автор: Тен Алира Сунтаковна,
«Өрлеу БАҰО» АҚФ Республикалық институттың «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы
С абақтарда STEAM білім беруді (ғылым, техника, машина жасау (инжинерия), өнер, математика) қалай жүзеге асыруға болады?
Мысал үшін 5- сыныптағы информатика пәніндегі бөлімдердің бірінде «Scratch» ойын бағдарламалық жасақтама ортасы пайдаланылатын екі сабақты қарастырайық.
Жаратылыстану ғылымдары, технология, инженерия, өнер және математикамен (интеграция) сабақтастық негізінде жобалық ойындардан біріктірілген Scratch ортасы .
STEAM оқыту ортасындағы жұмыстың маңызды ерекшелігі – жобаларда командалық және жұптық жұмыс.Шынайы өмірдің ғылыми-техникадағы білімдерді «Scratch» программалау ортасындағы тәжірибелік сабақтар арқылы көрсетеді.
Төмендегі берілген «Жанды графика (сызба)» (орта мерзімді жоспарлау - 2 сағатқа арналған) тақырыбындағы сабақтарда әртүрлі пәндік салалар бойынша физика, биология, математика, робототехника және басқа пәндермен интеграцияланған қолданбалы сипаттағы тапсырмалар беріледі.
Мысалы, кемпірқосақты қалай алу, роботқа лабиринттен өту, бұлт жасау, геометриялық пішіндерді салу, костюмдерді және тіршілік ету ортасын қалай өзгерту ? Тапсырмалар ретінде нақты өмірден алынған қолданбалы сипаттағы әртүрлі жобалық идеяларды ала аласыз.
Тәжірибеге негізделген тапсырмалар оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен сыни тұрғысынан ойлауын дамытуға, зерттеулерді эксперименттерді жүргізуге, модельдеу және бағдарламалауды меңгеруді үйретеді және ең бастысы қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып тәжірибеде алынған білімдерді өмірде қолдануға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |