STEM немесе STEАM білім беру?
Қазіргі әлемде, белгілі бір проблемаларды шешуде өзара әрекеттесу, командамен жұмыс істеу құнды болып табылады. Мұндай проблемаларды шешу үшін STEM оқыту жүйесі әзірленді:
S – Science (ғылым),
T – Technology (технология),
E – Engineering (инженерия),
M – Mathematics (математика).
Қысқартылған STEM сөзіндегі пәндер бөлек емес, кешенде оқытылады. Бұл оқыту жүйесі Америка Құрама Штаттарындағы бизнестің талабынан пайда болды, яғни XXI ғасыр - технологиялық даму ғасырында, қажетті дағдыларды дамыту.
Оқытуда STEM тұжырымдамасы қолданылатын Американың тәжірибесінен, пәндерді нақты әлем тәжірибесімен байланыстырып үйретуде. Ал оқу процесін заманауи экономиканың талаптарына жақындады, оның ішінде нарыққа ерекше дизайнымен (безендірілуімен) инновациялық және бәсекеге қабілетті өнімді тез жеткізе білу қабілеті.
STEM оқыту жүйесінің орнына бүгінгі күні жаратылыстану және көркем пәндерді оқып-үйренудің инновациялық технологиясымен үйлесетін жеке білім беру бағыты ретінде STEAM білім беру жүйесі дамып келеді.
S TEAM әріптерінің мағынасы:
S – Science (ғылым),
T – Technology (технологии),
E – Engineering (инженерия),
A – Art (өнер),
M – Mathematics (математика).
Немесе жаратылыстану ғылымдары, технология, инженерия өнері, шығармашылық, математика.
Осылайша ғылым, техника, машина жасау және математикамен қатар Art (ағылшын тілінен «өнер») байланысқан жүйе пайда болды - STEAM концепциясы, Music (ағылшын тілінен «ән») - STEM, Reading («оқу» өнермен бірге) - STREAM .
Қазіргі уақытта STEAM дамуы - әлемдік білім берудегі негізгі процестердің бірі. STEAM жүйесіндегі оқу жоспары оқушыларға пәнаралық және қолданбалы тәсілдерді қолдану идеясына негізделген. Бес пәннің әрқайсысын бөлек оқытудың орнына, STEAM оларды бірыңғай оқу бағдарламасына біріктіреді.
STEAM оқыту жүйесі ең толық, құрастырмалы және өзіндік құбылыс болып табылады. Ол - бірнеше пәндік саланы біріктіретін заманауи білім беру технологиясы және сыни ойлауды, зерттеу құзыреттіліктерін және топпен жұмыс дағдыларын дамыту құралы. Білім беру жүйесіне инновациялық процестерді енгізуге болатын заманауи әлемдегі сұранысқа ие пәндер енгізілген.
Тұжырымдамадағы «Өнер» ұғымын шығармашылық қабылдауды дамыту, модельдеу негіздері мен көркемдік дизайнды үйрену деп түсінеді. Мұның бәрі білім беру үдерісін әртүрлі, толыққанды етіп айналдыруға және оқушыларға қойылған міндеттерді шығармашылық тұрғыдан шешуге, эстетиканың принциптерін түсінуге мүмкіндік береді.
Ғылымға үйретудің және математикалық білім берудің дәстүрлі оқыту мен STEM оқытудың арасындағы айырмашылық қандай?
Біріншіден, бұл оқушылардың ғылыми әдістердің күнделікті өмірге қалай қолданылатынын көретін аралас оқыту ортасы. Ол оқушыларға өздігінен білім алуына, өзіндік оқуына мүмкіндік беретін оқыту ортасы.
Екіншіден, бұл мектепте және мектептен тыс жоба жұмыстарын, оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудегі бағыттардың бірі.
STEM білім беру немесе жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығы (ЖҒТШ) жоғары технологиялық өндірісті дамытатын елдерде төмендегі себептермен басымдыққа ие:
Австралия, Ұлыбритания, Израиль, Қытай, Корея, Сингапур, АҚШ сияқты көптеген елдер STEM білім беру саласында мемлекеттік бағдарламалар жүргізеді.
Мысалы, Ресейде оқушыларды инженерлік іс және робототехникаға тарту мәселесін шешетін білім беруді техникалық қолдау орталықтары (ББТҚО) ашылуда.
Қазақстанда да STEM оқыту маңызды. Мысалы, STEM бағдарламасы бойынша оқытылып жатқан оқушылар физика мен математикадан басқа, роботтарды зерттеу, бағдарламалау және де өздерінің роботтарын жобалау және бағдарламалауды үйренуде. Сабақтарда 3D принтерлер, визуализация (көрнекілік) құралдары және басқалар сияқты арнайы техникалыќ лабораториялар мен оқу жабдықтары пайдаланылады.
Ғылымның жедел дамуына байланысты елімізде заманауи мамандарды даярлау бүгінгі күннің өзекті мәселесіне еніп отыр. Сондықтан STEM оқыту жүйесі патриотизмге және елге деген сүйіспеншілікке негізделуі керек.
Мұндай оқыту жүйесінің негізгі ерекшелігі - бұл, шығармашылыққа, эмоцияларға, сезімдерге жауап беретін мидың оң жақ бөлігін қолданысқа әкелетін командалық жоба жұмысы. Бұл жүйеде гуманитарлық, көркем және шығармашылық пәндеріндегі креативті бағыттар белсенді түрде дамытылады.
Ғылым мен өнердің бірігуін қалыптастыру қажеттілігі туындауда. Сондықтан қажеттілікті шешу үшін өскелең ұрпақты осы бағытқа қалай бағыттап, тәрбиелеу керектігін бүгіннен бастауымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |