Stem техникасында жұмыс жасау, оны өмірде қолдана алу бала үшін өте маңызды. Бала өзінің жасаған бұйымын, өнімін көру, жасау арқылы мотивациясы артады. Ал егер алған білімін қолданып, бір өнім жасай алмаса, оны не істейді?



бет33/50
Дата18.02.2023
өлшемі142,85 Kb.
#69054
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50
Байланысты:
жауаптары ЕРТЕН

STEM сыни пікірлері

АҚШ-та білім беру жүйесіндегі өзгерістер біршама уақыт қажет болғанымен, әрі қарай өзгерістер қажет болғанымен, кейбір оқытушылар мен ата-аналар СТЭМ-нің сынға ұшыраған сын-қателері бар. STEM сыншылары ғылым, техника, машина жасау және математика пәндері бойынша студенттерді оқыту және тәжірибе, өнер, музыка, әдебиет және жазу секілді маңызды тақырыптар бойынша тәжірибеге терең назар аударады деп санайды. Бұл STEM емес тақырыптар мидың дамуына, сыни оқу дағдыларына және қарым-қатынас дағдыларына ықпал етеді. STEM-тің білім беру саласындағы тағы бір сын-ескертпесі - бұл тақырыптар бойынша жұмысшылардың жетіспеушілігін толтырады деген ұғым. Технологиялардағы мансап және машина жасаудағы көптеген мансаптар үшін бұл болжау дұрыс болуы мүмкін. Дегенмен, көптеген ғылыми бағыттарда және математика саласында жұмысқа орналасу қазіргі уақытта жұмысқа орналасуға ұмтылатын адамдар саны үшін жұмыс орындарының жетіспеушілігіне ие.

  1. STEM негізінде осы Тұжырымдаманың жаңа нұсқалары пайда болды, олардың ең көп тарағандары STEAM. STEAM дегеніміз не?

СTEM – оқытудың біріктірілген тәсілі, оның шеңберінде академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттеледі. Бұндай тәсілдің мақсаты – мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында STEM - сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін нық байланыстарды орнату. Қазір бұл түсініктің жаңа нұсқалары пайда болды, солардың ішінде анағұрлым кең таралғаны STEAM (ғылым, технологиялар, инженерия, өнер және математика).
Бүгінде көптеген елдерде, STEM-білім беру тұжырымдамасы түрлі білім беру бағдарламаларын жүзеге асырылуда.
Осы салада STEM- орталықтары, халықаралық конференциялар құрылды. Білім берудегі STEM нені білдіретінін айтып көрейік.
Ал қазіргі, ақпараттық жаһандану заманында жаңа технологиялардың тез дамуы кезінде машина жасау, ІТ технологиясы, ғылым, өнер, және т.б. мамандықтарға сұраныс көбейді. Болашақта елестету қиын болатын мамандықтар пайда болып жатыр. Олар жаңа био, нанатехнологиялар, жаратылыстану ғылымдары, инженерлік салада білімділікті талап етеді. Осындай мамандарды даярлауды мектептен бастасақ, ол үшін не істеуіміз керек? Ойланып көрсек, біз қазір мектепте беріп жатқан біліміз қаншалықты өзгерді? Деңгейі қандай? Оны қайдан көреміз?Қандай жағдай жасадық? Жасай аламыз? Не істеу керек?
Таяу және алыс шет елдерде жоғары технологиялар саласында мамандарды даярлаудың негізі STEM білім беру болып есептеледі. Оқушылардың есептік ойлау дағдыларын ерте дамыту, ғылыми зерттеу жұмыстарын, жобалық топтық, жұптық жұмыстарға деген қызығушылықтарын арттыру, нақты инженерлік, технологиялық нәтижелер шығаруға бағытталған. Сондықтан да көптеген елдер бізден көш ілгері шығар.
" STEAM-білім" бағдарламасы бойынша білім алушылар физика және математика пәнінен басқа робот техникасын үйренеді ,өзінің роботтарын бағдарламалап құрастыра біледі.
Сабақтарда арнайы технологиялық зертханалық және оқу жабдықтары, сонымен қатар 3D-принтерлер, визуализация құралдары және басқа да жабдықтар пайдаланылады. STEAM-білім - философиясы балаларды еңбек сабағында кәсіпке бағыттап ескі игі амалдармен оқытуға негізделген, қазір мұның оқыту әдістері мен құралдары өзгерді.
Мектепте stem оқыту жүйесін дамытудағы мақсатымыз STEM білім беру жүйесін дамытып, оны қаланың жекелеген мектептерінің оқушыларына барынша қолжетімді ету. Мектебімізде «Робототехника», «Болашақ инжеренелер», «IT технология», «Үш өлшемді модельдеу технологиясы» курстары өтілуде.
STEM бағыты оқушының алған теориялық білімін іс жүзінде тәжірибеде қолдану дағдыларын дамытады. Бағдарлама төрт кезеңге бөлінген. Олар: инженерлік іс, бағдарлау, робототехника мен 3d моделдеу. Аталған бағдарламалар бүгінгі күнгі ең өзекті топтамалар мен Autodesk Solidworks, Scratch, Java, Python, C++ сынды бағдарлау тілдерін қамтиды.
СТЕМ - білім беру білім саласы «Жаратылыстану», «Математика және информатика», робототехника, 3Д модельдеу, графикалық дизайн, технологиялық сауаттылық, инженерлік тәжірибе қабілеттіліктерін, дағдыларын дамытуға бағытталған. СТЕМ оқыту бойынша пән мұғалімі әсіресе сабақта пәнаралық байланысқа көп көңіл бөлуі керек. Шығармашылық тапсырмаларға, шағын жобаларға, оның ішінде топтық, жұптық жоба қорғау жұмысына көп көңіл бөлуі керек. Ол оқушының әлеументтенуіне үлкен үлес. Мысалы: 6-сынып оқушылары істеген мына кішкене модель «робот – официант». Оқушыдан математика, мехатроника, роботехника, сызу, еңбек құралдарымен жұмыс т.б. Яғни бірнеше пәндердің бірлескен білімдер жиынтығы оқушының өнім жасап шығуына ықпал етті, оқушы тәжірибеде пайдаланды. Жаратылыстану бағытында пәндер бойынша да. Мысалы: Мектебімізде бірнеше жыл жылыжай жұмыс істейді. Оқушылар биология, химия, география сабақтарында, зерттеу жұмыстарында пайдаланады. Енді физика, химия, биология, математика, технология, сызу пәндері мұғалімдері оқушыларға осы жылыжайды күнсәулесі арқылы жарықтандыруды, жылытуды, гидропоника жобасын қолдану арқылы суаруды проблемалық сұрақ ретінде қойып отыр. Оқушылар шағын топтарға бірігіп жоба қорғау арқылы осы проблемаларды шешу керек.
Мұнда айта кететін жай СТЭМ оқытуда оқушылардың топтық, жұптық жобалармен жұмыс істеуі маңызды.
Біздің оқушыларымыз ертеңгі өмірге қабілетті болсын десек, бүгін оларға стем кеңістігінде жұмыс жасауға жағдай жасауымыз керек. Әртүрлі пәндерден алған білімдерін біріктіру арқылы нақты өмірде қолдануға жағдайды қазір жасау керек. Мұның ішінде экологияны сақтау, табиғат ресурстарын үнемді пайдалану, табиғат мүмкіншілігін, ресурстарын пайдалану, аз мөлшерде энергия жұмсау арқылы еңбек өнімдерін алу т.б.
Мектептерда пән сабақтарында пәнаралық байланыс арқылы жұмыс жасаудан басқа,СТЕМ лабороториялары ашылып, оқушылардың жұмыс жасауына жағдай жасалуы керек. СТЕМ лабороторияларында: ноутбуктер, интерактивті тақта, проекторімен, 2-3 ағаш бойынша станок, темір бойынша станок, ардуин, лего, мехотроникаға арналған құрал жабдықтар. 3Д принтер, баспа принтер, аудио, видеосистемалар, еңбек құралдары т.б заманауи құралдарымен жабықталған болуы керек. Биылғы оқу жылында Жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, сондай СТЕМ зертханалық кабинетті күтіп отырмыз.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет