STEM бағытының өзгеруі, кеңейтілген және тереңдетілген-STREM ("R" кешеніне қосылды – robotics/робототехника) немесе STEAM (қосылды "А" - art/өнер)
Қазіргі таңдағы білімге STEM ғана емес, STEAM қажет. Яғни STEM курсының пәндеріне А(Аrt) қосылады. Шығармашылықсыз жаңа ғылыми идеялар мен жаңалықтарды тудыру мүмкін емес. «Өндірушінің қозғалысы» 6 деп аталатын қазіргі дәуірде әрі жасампаз, әрі тұтынушы адамның қабілетіне аса мән беру мәдени үрдіске айналуда. STEАM-білім берудегі Arts (өнер) ұғымы ‒ шығармашылық. Көркем өнер пәндерінің белсенділігі кез келген инновациялық мәселелерді шешуде жасампаз тұжырым ұсынуда, ал оның түйіні Arts-білім беруде жатыр. Сондықтан болар, әлемдік тәжірибеде STEM-нен STEAM-білім беруге көшуде белсенді қозғалыс байқалады. Осылайша, STEAM-білім беру STEMбілім беру тұжырымдамасының жалғасы саналады. «Arts» санаты бойынша STEAM-білім беруде өнердің түрлі бағыттарын қарауға болады: жеке түрлері ретінде – кескіндеме, архитектура, мүсін өнері, графика, музыка, әдебиет және поэзия, сол сияқты синтетикалық түрлері – театр, хореография, балет, кино, дизайн. STEAM-білім беру жүйесіне көркем шығармашылықты кіріктіру үшін қолданылатын негізгі оқыту әдісі – жобалау. Мысалы, жобалау және математикалық қабілеттері аса айқындалмаған балалар жобалауды эстетикалық жағынан жүзеге асыратын топқа көмектесе алады. Бұл технология бойынша жұмыстың маңызды ерекшелігі – жоба бойынша ұжымдық жұмыс түрінің ұйымдастырылуында. Қазіргі заманауи мұғалім балаларды оқыта отырып, мектеп қабырғасында алған білімдері өзгермелі әлемге бейімделе алуына көмектесетініне сенімді болуы керек. Себебі ертеңгі күнгі жұмыс орны шығармашылық пен инновацияны талап етеді.
STEM – ді іске асырудың маңызды құралдарының бірі-жобалық қызмет
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында STEM-білім берудің өзектілігі және мүмкіндіктері туралы айтылған: «...әлеуметтік және эмоциялық дағдыларды қалыптастыру, когнитивтік емес қабілеттерді дамыту қажеттілігі әлі де ерекше маңызды болып табылады. Мектепте білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу STEM-оқыту аясында жүзеге асырылуы тиіс. Пәнаралық және жобалық тәсіл мектеп оқушыларын тану мен дамудың белсенді процесіне ынталандыруға мүмкіндік береді»