Stem техникасында жұмыс жасау, оны өмірде қолдана алу бала үшін өте маңызды. Бала өзінің жасаған бұйымын, өнімін көру, жасау арқылы мотивациясы артады. Ал егер алған білімін қолданып, бір өнім жасай алмаса, оны не істейді?



бет28/50
Дата18.02.2023
өлшемі142,85 Kb.
#69054
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   50
Байланысты:
жауаптары ЕРТЕН

STEM-оқытудың тұжырымдамасы

Қазіргі таңда жаңа технологияларға өту XXI ғасырдағы бәсекеге қабілетті әрбір елдің маңызды факторына айналып отыр. Қазіргі заманғы цифрлық технологияларды күнделікті жұмысқа және қызметтерге, басқару мен бизнеспроцестерге, медицина мен білім беруге біріктіру және мұның бәрін ақиқат ретінде тану қажеттілігі Қазақстанның стратегиялық жоспарлары мен даму бағдарламаларында айтылған: «Қазақстан-2050» стратегиясы. Тұғырлы мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан Халқына Жолдауы; Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауы; «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы (Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы 12 сәуір, 2017 жыл) т.б. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10аңтардағы Жолдауы. «Қазақстан-2050» стратегиясында айқындалған жетінші сын-қатер – Үшінші индустриялық революция. Стратегияда: «Адамзат Үшінші индустриялық революция табалдырығында тұр, ол өндіріс ұғымының өзін өзгертеді. Технологиялық жаңалықтар әлемдік нарықтың құрылымы мен қажеттіліктерін түбегейлі өзгертеді. Біз бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүріп жатырмыз. Цифрлық және нанотехнология, регенеративтік медицина және басқа да көптеген ғылыми жетістіктер қоршаған ортаны ғана емес, адамның өзін трансформациялап, күнделікті ақиқатқа айналады. Біз осынау үдерістердің белсенді қатысушылары болуға тиіспіз»,- делінген [7]. Қазақстанда STEM-білім беруді белсенді дамыту жұмыстары басталды. Оның дәлелі Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде STEM бойынша жаңартылған орта білім мазмұнына көшу болып табылады. Жаңа білім беру саясатын жүзеге асыру үшін оқу бағдарламаларына жаңа технологияларды дамытуға бағытталған STEM-элементтерін, ғылыми инновацияларды, математикалық модельдеуді енгізу жоспарлануда.16 Оқушылардың зерттеушілік және ғылыми-технологиялық әлеуетін нығайтуға, сыни, инновациялық және шығармашылық ойлау дағдыларын дамытуға, проблемаларды шеше білуге, коммуникация және топтық жұмыстарды дамытуға мүмкіндік беретін жаңа пәнаралық және жобалық тәсіл енгізілетін болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет