Стиль – сөйлеушінің, жазушының белгілі бір тақырыпқа қатысты сөз саптауы



Дата09.07.2023
өлшемі63,91 Kb.
#104117
түріЛекция
Байланысты:
стиль түрлері

Стиль – сөйлеушінің, жазушының белгілі бір тақырыпқа қатысты сөз саптауы


Көркем әдебиет стилі
Ауызекі сөйлеу стилі
Ғылыми стиль
Публицисти калық стиль
Ресми іс қағаздар стилі

Стильдердің қолданылу аясы


Ауызекі сөйлеу стилі -адамдармен еркін әңгіме кезінде қолданылады
Көркем әдебиет стилі - көркем әдеби шығармаларда қолданылады.
Ғылыми стиль - ғылыми еңбектерде, ғылыми баяндамаларда,лекцияларда, ғылыми оқулықтарда қолданылады.
Публицисти калық стиль - газет-журналда, жиналыстар мен митингілердегі сөздерде қолданылады
Ресми іс қағаздар стилі - іс-қағаздарда, нұсқау хаттар мен кеңсе құжаттарында қолданылады

Стильдердің ерекшелігі


Ғылыми стиль:

дәлелді, зерттелген, сөзді тура мағынада алу

Ресми іс-қағаздар стилі

ресми, анық, дәл, нақты.

Публицистикалық стиль:

шақыру, үндеу,нақтылық.(мақала)

Көркем әдебиет стилі:

образды,эмоционалды, экспрессивті.

Ауызекі сөйлеу стилі:

сөздер мен сөз тіркестерінің еркін қолданылуы, күнделікті сөйлесу стилі

Стильдердің тілдік құралдары:


Ғылыми стильде

ғылыми терминдер жиі қолданылады. Көбіне хабарлы сөйлем болып келеді. Осы шақ, өткен шақта жиі қолданылады

Ресми іс-қағаздар стилінде

кітаби, ресми сөздер мен тіркестер, хабарлы сөйлемдер мен даяр тіркестер мен құжат тілдері жиі қолданылады

Публицистикалық стильде

риторикалық сұрақтар, стильдік қайталау, антитеза пайдаланылады.

Көркем әдебиет стилінде

ауыспалы мағына, көркемдік тәсілдер, суреттеме құралдары(теңеу, метафора) қолданады.

Ауызекі сөйлеу стилінде

қарапайым сөздер мен сұраулы, лепті сөйлемдер жиі қолданылады, көбінесе диалог түрінде келеді


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет