Стилистика бойынша лабораториялы3 ж7мыстар



бет9/30
Дата07.09.2023
өлшемі0,6 Mb.
#106472
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30
Негізгі әдебиеттер:
1.Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас негіздері. Алматы: Print-S, 2005.
2. Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптануы. – Астана: Елорда, 2001.
Қосымша әдебиеттер:

  1. Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. А., 1997.

  2. Хасанов Б, Оразбаева Ф. Қазақ тіліндегі сөздердің метафоралы қолданылуы. А. 1986

  3. Хожахметова Қ. Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы. А. 1972

  4. Уәлиев Н. Фразеологизм және норма. Алматы. 1998

  5. Қайдаров Ә.Қазақ тілінің өзекті мәселелері. А.,1998



6-дәріс. Тіл ярустарының стилистикасы

  1. Стилистиканың тіл білімінің басты салаларымен арақатынасы.

  2. Лексика - фразеологиялық стилистика.

  3. Тілдің актив және пассив құрамындары сөздердің стилистикалық қасиеттері.

  4. Сөздердің қолданылу аясына байланысты стилистикалық, қасиеттері.

  5. Тілдің фразеологиялық құралдарының стилистикалық қолданысы.

  6. Қанатты сөздердің стилистикалық қолданылуы

Стилистика тіл білімінің тілдік тәсілдер жүйесін және диахрондық. жағдайда зерттейтін тіл ғылымының саласы.Стилистиканың қарастыратын мәселелері әр түрлі деңгейдегі тілдік құралдардың мәнерлегіштік мүмкіндіктері, олардың стилистикалық мәні мен баяулары. Сондай-ақ қарым-қатынастың сан алуан аялары мен жағдайларындағы сөздердің қолданылу зандылықтары, әр аяға байланысты қолданыс тіліц пайдалану, ең бастысы - тілдін қолданылуының коммуникативтік заңдылығы мәселелері болып табылады.


Стилистикада тіл деңгейлерінің барлық салаларындағы құралдар жұмсалады. Стилистика саласына: Семасиологиядан -сөздер мен сөз оралымдарының бейнелілік, метафоралық белгілерінің негізгі заңдылықтары мен тенденцияларына сипаттама беру. Лексика мен фразеологиядан - жеке сөздер мен фразеологизмдердің қолданылу мүмкіндіктерін ашу; фразеологиялық тіркестердегі шаблондардың жұмсалу мүмкіндіктерін анықтау; тұрақты тіркестердің қолданылу қисындылығы. Морфологиядан - септеу мен жіктеуде тұрған сөздердің синонимдік, варианттық мағыналары, сын есім шырайларын қолдану реттері т.б. мәселелер стилистикалық тұрғыдан зерттеледі.
Көп жанрлы көркем әдебиет туындылары, баспасез материалдары, әр саладағы ғылыми публицистикалық еңбектер дүниеге келіп жатқанда, ондағы тілдік құралдардың қолданылуы қандай дәрежеде екенін айтуға әбден болады.
Демек, мұндай зерттеулер оқырмандарды да сөзді талғап қолдануға үйретеді. Сөз тізбектері өзгеше бір лексика-грамматикалық «қалапқа» түсіп, осы тұлғада тұрып қана белгілі бір семантика-стилистикалық қызмет атқарады. Алайда семантика - стилистикалық жағы жіліктің майлы басы екен деп тұжырым жасауға болмайды.
Қоғам, тіл иесі - халық нақты өмір сырын тіл арқылы біледі. Халық, жүйесін тауып сөйлеуді мақұл көреді. Сондықтан сөз мағынасын, сөйлем сазын, тиянақты сөз тіркестерін, мақал -мәтелдерді сұрыптап, ой елегінен, өмір талқысынан өткізіп отырады.
Тіл қазынасының бір алуаны - фразеологизмдердін жалпы тіл жүйесіндегі орнын сөз еткенде, ең алдымен олардын стилистикалық қызметі көзге түседі.
Фразеологизмдердің тіл жүйесіндегі ролі, сөйлеу процесіндегі атқарар қызметі көп жағдайда стильге ойысып отырады. Осының нәтижесінде сөз, сөз тіркестері, сөйлем өріс кеңейіп отырады. Сөйлеушінің айтпақ, болған ойы айқындалып отырады.
Тындаушы мен оқырман қауымға жатық түсінікті болу үшін фразеологизмді сөйлеуші не жазушы стиль жағынан әр саққа жүгіртіп, шебер қолдануға тырысады.
Фразеологиялық бірліктердің сан-салалы типтерін орынды қолданғанда ғана сөйлем сазына, тіл жүйесіне, сөйлеу практикасына нұқсан келмейтін болады.
Мысқыл - кекесін болсын, налу-жабырқау болсын, алғыс-қарғыс т.б. болсын - бәрі де фразеологизмдерді шебер қолданудан келіп шығатын құбылыстар.
Әзіл - оспақ, ойнақы қалжың тұсында кей фразеологизмді тұспалдап, екі ұшты мән беру де кездесіп қалады. Мәселен, «құлағына алтын сырға» тіркесін оңтайына қарай қолдана беруге болады. Құрдас кісілер: «Мен саған бір әңгіме айтпақ болып келдім, келіншегіңнің құлағына алтын сырға» дегенді мысқыл ретінде керіскенше де қолдана береді.
Стильдік функцияда аса ойнақы мәнде қолданатын үлкен бір арна - ол синонимдер. Бұл қасиет мақал-мәтелдерден де жиі кездеседі. Ауыз әдебиетінде «астыңғы ерні жер тіреп, үстіңгі ерні көп тіреп» (немесе «аяғымен жер тіреп, маңдайымен көк тіреп» сияқты әсірлеу әдісі бар.
Фразеологиялық бірлік саласында: жырақ жер, қиыр шет ұғымен - «ит өлген жер», «ит арқасы қиян», «ит жеккен жер», «көз көрмес, құлақ естімес жер» деген синонимдер арқылы берсе, ал татулық ұғымын - «арасы майлы қасықтай», «арасынан қыл өтпейді», «тонның ішкі бауында», өр көкірек адамды -»деміне нан пісіріп», «көзін шел басып», «аяғын алшақ басып» деген тіркестер арқылы стильдік фразеологизмдер жасалады.
Фразеологизмді стильдік тұрғыдан пайдаланудың бір ұшығы сөзді мәнерлеп сөйлеуге байланысып жатыр. Тілімізде сирек кездесетін көнерген сөздің өзін де бір уақыт құйқылжыта қолдану да стильдік тәсілге апарып соғады. Мәселен, «Аузын айға білеген» деген әсірлеудің, «атау - кереңді іш» деген қарғыстың, «ұлық болсаң кішік бол» тәрізді нақылдың, «жұмыртқадан жүн қырыққан», «қу бастан қуырдақ ет алған» немесе «иттен де бір сүйек қарыздар» деген кекесіннің сыр-сипаты стильдік функцияда жатыр.
Стиль өлгенді тірілтіп, өшкенді жандыратын дүние десе де болады. Сондай-ақ, фразеологизмнің денін көркем шығарма да, оның ішінде фельетонда жиі қолдану кездейсоқ нәрсе емес.Ажуа, мысқыл бар жерге стильдік әдіс әмпей - жәмпей үйлесе кетеді,
Аналогия, сырт пішінді де өз орнында стильдік тәсіл мән - мәнісімен икемдеп те жібереді. «Өзіннің өзгеріссіз күйінде» дегенді жағымды мән бере «қаз қалпында» десе, күйкі, жағымсыз мән бергісі келсе «таз қалпында» деп, оп - оңай антоним жасау дағдысы да жоқ емес.
Сөз тізбегіндегі сөздердің дағдылы орын тәртібін бұзғаннан стиль үшін келер - кетер зиян жоқ деген пікір - жақсақ пікір. Өйткені, тілдің традициясындай мықты орныққан құбылысты коммуникатив әлемінен табу қиын.
Дегенмен, кейбір фразеологизмдерде инверсия құбылысы қолданылады, ал фразеологиялық бірлік компоненттерінің орын тәртібіне өзгеріс енгізіледі. Мұның лингвистикалық себебі - десемантизация орын тәртібіне өзгеріс енгізіледі. Мұның лингвистикалық себебі - десемантизация деп ойлаймыз. Сол мағынасы күңгірттенсе не басқа мағынаға көшіп кетсе, орын тәртібін өзгерткеннен мағына ойсырамаса, неге транформация жасаймыз деген ой туындайды.
Сондықтан тиянақты тіркестің он бойы тілдегі, сөйлеудегі, өз еншісіне тиер меншік қасиеті - стильдік ерекшелік болып есептеледі.
Фразеологизмдердің қолданылу әлпетін, күллі стильдік қызметтерін толық документация негізінде сипаттап шығу қажет.
Фразеологизмдердің бірер стильдік қызметін атаудағы көздеген мақсат жалғыз - ақ: Стилистика - тіл салаларынын (ярустарының) баршасын орынды пайдалунуды көздейді. Сөз бен сөз тіркестері стиль амалы арқылы екшеленіп отырады. Кең жанрлы әдебиетіміздің, дамыған әдеби тіліміздің жан - жақты өрбуіне көркем сөз шеберлерінің қосары көп.
Жанрдың шындалу сыры да көп жағдайда, осы стильге ұштасып жатады.
Әрбір әдеби тілдін икемді қабілеті, көркемдік қасиетін білудің бас белгісі, эталоны - осы стильдік ерекшеліктерге тәуелді.
Көркем ғылыми стильдің саралануы лексика, фразеология, грамматика, фонетика нормалары орнығуына, ұлт әдеби тілінін шын мәндегі мұқалмас қатынас құралы болуына данғыл жол ашады.
Бірақ, фразеологизмдер негізгі сөздік қорға енді. Әрі, қазіргі тіліміздің грамматикалық ережелеріне дәл келеді деуге де болмайды.
Бұл мәселе фразеологиялық түйдек, тіркестердің тіл қаншалықты жиі, сирек қолданылуына, өмірлік маңызына, жалпы халықтық сипатына т.б. қарай жеке - жеке анықтала шешілуі тиіс.
Қанатты сөздер– тұжырымды ой, әуезді ұйқасқа құрылған өрнекті сөз тіркестері. Қанатты сөздер көбіне егіз, жалқы, кейде 3 – 4 шумақтан тұрады. Көлемі бұл мөлшерден артса, нақыл өлең, терме, толғауға айналып кетеді. Мақал-мәтелдерге ұқсас келеді. Қанатты сөздердің көбінесе авторлары белгілі болады. Қанатты сөздер өлең түрінде де, сол секілді қара сөз түрінде де кездеседі. Қанатты сөздерді "Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні" десе де болады.
Бұл сөздер де тапқыр, өткір, дәл, анық сөздер. Қанатты сөздер екпінді әрі ұшқыр ойлы болып келеді. Оны да халық дүниеге келтіреді. Сонымен бірге жекелеген творчество адамдары да қанатты сөздерді табуы мүмкін. Мысалы: «Қанат ұшса қатаяр», «Адам деген – ардақты ат», «Керек тастың ауырлығы жоқ»...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет