Стилистика бойынша лабораториялы3 ж7мыстар



бет6/30
Дата07.09.2023
өлшемі0,6 Mb.
#106472
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Негізгі әдебиеттер:
1.Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас негіздері. Алматы: Print-S, 2005.
2 Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптануы. – Астана: Елорда, 2001.
Қосымша әдебиеттер:
1.Момынова Б. Газет лексикасы (жүйесі мен құрылымы). – Алматы: Арыс, 1999.
2. Жапбаров А. Қазақ тiлi стилистикасын оқыту методикасының негiздерi. Алматы, 1991.
3. Хасенова С., Жексембаева Ғ. Қазақ тiлiнiң стилистикасы. (жаттығулар жинағы). А. 1999.
4-дәріс. Лексикалық стилистика
1. Лексикалық стилистика
2. Сөйлеу тілінің лексикасы
3. Кітаби лексика
4. Сөздің экспрессивтік және эмоциялық бояуы

Лексикология және стилистика бір-бірімен тығыз байланысты құбылыстар. Лексика деп  әдетте тілдегі барлық сөз қорын айтады. Лексикология сол сөздік құрамды тексеретін ғылым. Тілімізде өте ертеден өмір сүріп келе жатқан, сонымен қатар жаңа сөздер жасауға бірден-бір ұйытқы болған, аз буынды, көп мәнді жалпы халықтық сөздер негізгі сөздік қордағы сөздер есептеледі. Негізгі сөздік қор арқылы, сөздік құрам көбейеді. Тіліміздегі қай тілден, қай жолмен енгеніне қарамастан қолданылатын сөздер сөздік құрам болады.


Адамдар күнделікті қарым-қатынасында, қызмет бабында стильдік бояуы әр түрлі сөздерден қолданады, сөйлеу тілі лексикасына қарапайым сөздер, табу, эвфемизм, диалектизмдер және кәсіби сөздер жатады. Табу мен эвферемизмдер  бір-біріне мағыналары жақын, мәндес терминдер. Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тиым салынған сөздер табу делінсе, мағынасы тұрпайы сөзді сыпайы етіп, яғни сөздерді алмастырып қолдану эвфемизм деп аталады. Табуға – шырайлым, кенжем, қайнаға т.б. Сексенді-жүзден жиырмасы кемнің ауылы деп атаған. Эвфемизмге  өлді, дүниеден өтті, ыстық демі тоқтады, өмірден кетті, жан тәсілім қылды, үзіле берді т.б. (Абай жолында). Ауру аттары алмастырылады  рак-жаман ауру, туберкулез-өкпе ауру т.б. Аксақ-аяғының ақауы бар, керең-құлағының мүкісі бар, өсекші-аузы жеңіл, сымсыз телефон, қосып айтады, ұрлықшы-қолының жымысқысы бар т.б.
Диалектизмдер  қай шығармада болса да кездеседі. Жазушы диалектизмді өзінің авторлық баяндауында әдейі қолдануы да мүмкін. Көркем әдебиет стилінде диалектизм көбінесе диалогта қолданылады. Автор жергілікті жердің тіл ерекшелігін, сөз байлығын аңғартуды көздеп, кейіпкердің қай жақтың адамы екендігін байқату үшін да әдейі қосуы мүмкін. Мыс: шаршап, талып шақ жеттік. Шалқалап барып шақ қалдым. Көріп тұрмыз, есітпей болмайды (М.Әуезов).
Кәсіби лексиканың қолдану аясы кең. Бұған белгілі бір аймаққа ғана тән кәсіп түрлері. Мыс: Көмір өнеркәсібімен, мақта өсірумен, балық шаруашылығымен т.б. термин ыңғайындағы әр түрлі атаулар жатады. Мыс: Ұстаған сүгенім, ауға сағағынан ілініп тұр екен. Балық тондататын үлкен мұз қала т.б.
Кітаби лексикаға  саяси әлеуметтік терминдер, әр алуан техникалық атаулар жатады. Қазақ халқында XVIII-XIX ғасырда, тіпті одан арғы кезеңдерде, жазу-сызу мәдениетінің бірі кітаби тіл болды. Бұл жайында да әр түрлі пікір бар. Біреулер «кітаби тілді» Орта Азия халықтарына тән үлгі деп қараса, енді біреулер татар, шағатай, түркі тілдерінің қоспасы деп атайды. Абайдың қара сөздерінен де: Бахасқа бола үйренбе, бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Бахас хүсідшілікті зорайтады. Бахас  өзі де ғылымның бір жолы, бірақ оған хірслану жарамайды (1961; 463-464-беттер). Бахас-талас, егес (арабша). Хұсідшілік-күндеді, күншілдік. Хірслану  сараң болу, ашқарақтану. Кітаби лексика формалары: қаған (хан), тамға (таңба), оғлақ (лақ), улуғ (ұлы, үлкен), бітік (жазу), сөзле (сөйле) т.б.
Тіліміздегі сөздер өздерінің экспрессивтілігі жағынан әр түрлі. Экспрессивтік сапа белгілі бір сөздерден ғана байқалады. Мыс: адам, көл, үлкен, бала, тау деген бір топ сөзді, тыраш, шалжию, дардию деген сөздермен өзара салыстырсақ, соңғы топтағылар экспрессивті сөздер. Әдетте, әр сөздің өзіне тиісті қолданылу ерекшелігі, белгілі бір стиль түріне бейімі стильдік сипаты болады. Әрбір сөздер өз стиліне тән қолданылады.
Эмоция  латын тілінен алынып толқыту дегенді, экспрессив  латынша көркемдеуші, бейнелеуші деп білдіреді. Махамбет өзінің үстем тапқа деген көзқарасын былайша көрсеткен.
Хан емессің ылаңсың,
Қара шұбар жылансың т.б.
Лексикалық мағынасы өзінің экспрессивтік бояу тілімен тұратын сөздердің қатарына селтию, іншік, жырағайлау, құйтыңдау, құқай т.б. Жалаудан жел де сарнайды. Сөлектеп алдымды орап екеуің бір болмайсын. Тек кез келгенді белуардан көстите береді. Іншік-кейіпкердің тұрмысының жүдеулігін көрсететін экспрессивті сөз. Жалпы халықтық ауыс мағына тілімізде үш түрлі: метафоралық, метеонимиялық және синекдохалық жолмен жасалады.
Метафораның ең басты стильдік ерекшелігі  бейнелілігі, ойды бейнелі түрде жеткізетіндігі. Сондықтан, көркем әдебиет стилінде жиі қолданылады, ғылыми, кеңсе, ресми, іс-қағаздар стилінде мұндай дәрежеде кездеспейді. Мыс:
Тәтті ауыздан дәм кетпей.
Уылжыған тәтті жас (М.Әуезов)
Жылы тәтті жауап айт,
Жақсы ән мен тәтті күй (Абай)
Бұндағы тәтті  сөзінің әр түрлі мағыналары, стилі контексте белгілі.
Метонимияның көркем әдебиет стиліндегі қолданылуы метафорадан гөрі өзгешелеу. Метонимияны көркем әдебиетте қолдану мәселесі, оның шығармадағы аз, көптігі ең алдымен жеке автордың сөз қолдануындағы өзіндік шеберлігімен тығыз байланысты. Метонимияны қолдану үшін шеберлік қажет. Мыс: Теңіз астында найзағай көбейген, жарқылдау көбейген. Сол найзағайлар барлық ана балықтарға ұлы жарықтың бет алысын, жөнін сілтейді. Жазушының найзағай деп отырғаны  көкқасқа тәріздес ата балықтар, Мыс: Төменнен жоғары қарай лақтырған қаншарлар күн көзінде бір жарқ етіп қалды да, суға шаншыла түсіп жоқ болды. Қаншарлар – барлық.
Метафора, метонимияға қарағанда синекдоханың білдіретін мағынасын оқушы оңай байқайды. Жазушылар өзінің айтайын деген ойына әзіл нышанын, юморлық өң беру үшін жиі қолданылады. Мыс: Қайдан келген, қандай сақалдар бұлар? Сақал-мұртына мұз қатып, шақыр-шұқыр басып келген кім десем, ауыл екен ғой.
Омоним сөздерді жарыстыра пайдалану көбінесе публицистикалық стиль мен сөйлеу, көркем әдебиет стильдерінен айқын көрінеді. Омонимдердің әдеби шығармадағы стильдік қызметі әр түрлі. Көркем әдебиет стилінде қолланылатын омонимдердің көпшілігі  күнделікті сөйлеу стилінде әбден қалыптасып, жалпы халықтық сипат алып кеткен сөздер. Көркем әдебиет стиліне бейім тұратын омонимдердің қашан да контекстік сипаты басым болып келеді. Сырт тұлғасы бірдей, екі сөздің өзара омонимдік қатынасы белгілі бір контекст ішінде ғана байқалады. Мыс: Қара түнді қара баспаса, Ертісті кезген қайықшыны қашан көрдің. Қара қасқа кедей болсам да, қара ниет болмаспын, қартайған шағыңда қара басайын деді ме?
Синонимдер  дыбысталуы басқа-басқа, бірақ мағыналары бірдей сөздер. Синонимдер қайсы тілде болса да бәрінде бірдей дәрежеде қолданылмайды. Екі, үш синоним бірдей қатар жұмсалмайды. Мыс: Ағайын және қарындас сөздерінің өзара синонимдік сипаты бар. Бірақ, соңғы сөз көбінесе көркем әдебиет стилінде жұмсалады. Мыс: Қарындасқа қайырымы бар бала деп естуші едім. Жазушы да, ғалым да басқалар да синонимді әдетте бір сөзді қайталай бермеу үшін қолданады. Көркем әдебиет стилінде синоним белгілі бір ойды толықтыра түсу нақтылап, дәлді айту ыңғайында қолданылады. Мыс: Қалың қарындас арасында жырлап көріскен шешен, ділмар аз емес. Көркем әдебиет, публицистикалық, сөйлеу тілі стильдерінде әсіресе контекстік синонимдер керісінше қабат жұмсалады. Мыс: Оразбай өзінің қыңыр, қияс, қасқой мінезі бойынша орайын тауып сөйледі.
Синонимдер публицистикалық стильде де жиі жұмсалады. Олар мұнда сол белгілі ойды жан-жақты түсіндіру, толықтыра түсу мақсатында пайдаланылады. Бұлардың көркем әдебиет пен публицистикалық стильдегі қолданылу жиілігі автордың жазу стилі мен тікелей байланысты.
Синонимдер кейде ғылыми стильден де кездеседі. Мұнда сол көркем әдебиет, публицистикалық стильдердегідей жарыстырыла қатарымен қолданылады. Мыс: Бесжылдықтың шешуші жылын екпінді, қажырлы еңбекпен аяқтауға шақырады.
Антонимдер жеке-жеке түрінде кез келген стильде жұмсала береді. Ғылыми, ресми-кеңсе стильдерінде антоним сөздер сирек ұшырасады. Көркем әдебиет стилінде антонимдердің қызметі де айрықша байқалады. Тіліміздегі осы қарсы мәнді сөздерді ақын, жазушылар өз-ара қатар алып шығарма тілінің көркемдігіне жұмсайды. Достары да аз емес, жаулары одан да көп. Антонимдер публицистикалық стильде де қолданылады. Онда да сол белгілі бір ойды әсерлі етіп жеткізу мақсатында қосарлана жұмсалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет