Стоматит кезіндегі ауыз қуысын өндеу


Кеуде торының айналымын өлшеу



бет6/12
Дата30.12.2023
өлшемі84,87 Kb.
#145108
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Кеуде торының айналымын өлшеу



Тәжірибелік дағдыны бақылау қадам тізбегі

Жауабы

1

Мақсаты: Физикалық дамуын бақылау




2

Көрсеткіштері:
Балалардың физикалық дамуын бақылау.
Баланың бас айналымы мен кеуде айналымының қатынасын анықтау.




3

Қарсы көрсеткіштері: жоқ.




4

Әзірле: Сантиметрлік таспа, 70%этил спирті, қалам, қағаз, салфетка.




5

Анасына/балаға зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз.




6

Спиртке малынған салфеткамен сантиметрлік таспаны екі жағынан өңдеңіз.




7

Баланы жатқызыңыз немесе отырғызыңыз.




8

Сантиметрлік таспаны кеуде торына мына бағдар бойынша орналастырыңыз.
а) артынан – жауырынның төменгі бұрыштарына
б) алдынан – емшектердің қоңыр шеңберлерінің төменгі шетіне (пубертатты жастағы қыздарда – сүт бездерінің үстінде, төртінші қабырғаның жоғарғы шетіне).




9

Нәтижені жазу.




10

Нәтижені анасына/балаға хабарлау.





Баланың дене салмағын өлшеу (2 жасқа дейін)



Тәжірибелік дағдыны бақылау қадам тізбесі

Жауабы

1

Мақсаты: баланың тамақтануының жеткіліктілігін бағалау, физикалық тұрғыда дамуын бағалау.




2

Көрсеткіштері: табиғи салмақтың өсуін бағалау, балалардың физикалық дамуын бақылау, әртүрлі жағдайлар мен аурулар кезінде антропометриялық көрсеткіштерді анықтау, дәрілік заттардың дозасын өлшеу үшін.




3

Қарсы көрсеткіштері: жоқ.




4

Әзірле: астау тәрізді медициналық таразы, резеңке қолғаптар, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс, шүберек, қаламсап, өлшеу қорытындысын жазатын қағаз.




5

Міндетті шарт: баланың дене салмағын белгілі бір уақытта, аш қарынға, дефекация актісінен кейін өлшеу. Баланың жалаңаш болғаны жөн.




6

Анасына жұмыс барысын және мақсатын түсіндіру.




7

Таразыны тегіс, тұрақты жерге орнатып, қою.




8

Қажетті құрал – жабдықтарды дайындау.




9

Таразының ысырмасы жабық тұрғанын тексеру.




10

ҚР ДСМ бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, маска мен резеңке қолқапты киіңіз.




11

Таразының астауының ішін шүберек көмегімен дезинфекциялаушы ерітіндімен өңдеу.




12

Таразы астауына бірнеше рет бүктелген жаялықты төсеу(оның шкаланы жауып қалмауын және таразының штангасының қозғалысына кедергі келтірмеуін қарау).




13

Гірді нөлдік бөлікке орнату. Ысырманы ашу. Кері салмақтың көмегімен таразыны теңестіру.




14

Ысырманы жабу.




15

Баланы таразының кең жағына басымен қаратып жатқызу(немесе отырғызу).




16

Ысырманы ашу. Штанганың төменге түскенге дейінгі сәтте таразының төменгі бөлігінде орналасқан «өлшегіш» гірді қозғалту, кейіннен гірді бір бөлікке солға жылжыту. Штанганың жоғарғы бөлігінде орналасқан және граммдарды анықтайтын гірді тепе – теңдік орнағанға дейін ақырын қозғалту.




17

Ысырманы жауып, баланы таразыдан алу.




18

Баланың дене салмағының көрсеткіштерін жазып алу (гірдің сол жақ шетіндегі ғана көрсеткіштер тіркеледі).




19

Жаялықты таразыдан алу. Таразының іс – әрекет жүргізген алаңын дезинфекциялаушы сұйықтықпен өңдеу.




20

Қолғапты шешіп, қолын жуып, құрғату.




Балаларға антибиотикті енгізу және оны еріту



Тәжірибелік дағдыны бақылау қадам тізбесі

Жауабы

1

Мақсаты: Балаға дәрігердің тағайындаған антибиотик дозаларын дұрыс енгізуді қамтамасыз ету.




2

Көрсеткіштері: Дәрігердің тағайындауымен (микробтық қабыну процессінің барлық оқшаулауы).




3

Қарсы көрсеткіштері: жеке төзімсіздік.




4

Әзірле: Резеңке қолғап, антибиотигі бар флакон, антибиотикті еріткіш, стерильді бір рет қолданатын ине шприц, 70% этил спирті, стерильді лоток және стерильді мақта шариктері, пинцет, дез.ерітіндісі бар лоток.




5

Анасына жұмыс барысын және мақсатын түсіндіру.




6

ҚР ДСМ бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, маска мен резеңке қолқапты киіңіз.




7

Флаконның бүтіндігін тексеру (аты, доза, жарамдылық мерзімі).




8

Антибиотикті еріткіш ерітіндінің мөлшерін анықтау.




9

Балаға енгізілетін ерітіндінің мөлшерін анықтау.




10

Ине шприцті қорабынан ашып, инені шприцке бекітіп, инеден қалпағын шешу.




11

Мақта шариктерін 70% этил спиртіне салып, флаконның алюминийлі қақпағын өңдеу.




12

Шприцті 90° бұрышпен ұстай отыра, флаконның ортасындағы тығынды тесіп, шприцке қажетті мөлшерде ерітінді сорып алу.




13

Шприцтегі ерітіндіні антибиотигі бар флаконға енгізу.




14

Флаконды инесімен бірге шприцтен алып тастап, инесіне жанастырмай антибиотик толық ерігенше флаконды бірнеше рет сілку.




15

Қайтадан шприцті инеге жалғастырып, антибиотикті тағайындалған дозада сорып алу.




16

Шприцті инесімен флаконнан алып,инені инъекция жасау үшін инені ауыстырып, ауаны шығара отырып, иненің өткіштігін тексеру.




17

Қорғаныш қақпағын шешпей, инеден 1-2 тамшы ерітінді бөлінуі керек.




18

Бөксенің жоғарғы – сыртқы бөлігін 70% этил спиртімен өңдеу (мақта шаригін қолда ұстап тұру).




19

Антибиотик ерітіндісін бұлшық етке енгізу (бұлшық етке инъекция жасау тәсілі балаларда және ересектерде ерекшеленбейді).




20

Инені алып, инъекция жасалған жерді мақта шаригімен өңдеу.




21

Мақта шариктерін және ине шприцті лотокқа салу.




22

Қолғапты шешіп, қауіпсіз жою контейнеріне салу.




23

Қолды жуып, кептіру.




Ескерту: Антибиотикті еріту үшін тек оған келетін еріткішті қолдану керек.






100000 ЕД
1г 1000мг

500000 ЕД 0,5г 250мг

250000 ЕД
0,25г 250мг

400000ЕД

240000ЕД

80000ЕД

Еріткіштің еріту үшін көлемі 1:1

10 мл


5 мл


2,5 мл


4 мл


2,4 мл


0,8 мл


Еріткіштің еріту үшін көлемі 1:2

5 мл


2,5 мл


1,25 мл


2 мл


1,2 мл


0,4 мл


Дифтерияға қарсы сарысу енгізу



Тәжірибелік дағдыны бақылау қадам тізбесі

Жауабы

1

Мақсаты: Дифтерияны емдеу.




2

Көрсеткіштері: Дифтерия ауруында.




3

Қарсы көрсеткіштері: жеке сарысуларға сезімталдығы жоғары




4

Әзірле: Дифтерияға қарсы ампуладағы сарысу, шприц 1 мл - 2 шт, 5 мл – 1 шт, дәрілік препаратқа арналған ине, стерильді материалдар (мақта шаригі), стерильді лоток, қолданған материалға арналған лоток, пинцет, спирт 70%, жылы су бар ыдыс, су термометрі, маска, қолғап.




5

Міндетті шарттар: Безредко тәсілімен енгізу, әрбір енгізу науқастың ауру тарихына жазылып отыруы керек.




І проба

1

Анасына жұмыс барысын және мақсатын түсіндіру.




2

ҚР ДСМ бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, маска мен резеңке қолқапты киіңіз.




3

Қажетті құрал – жабдықтарды даярлау.




4

Ампуладағы сарысуды тексеру.




5

Мақта шаригімен 1:100 ерітілген сарысуы бар ампуланың мойынын өңдеу, кесу, қайтадан спиртпен өңдеу, ашу.




6

Ампуланы мензуркаға қою.




7

1 мл шприцті ашып, дәрілік ерітінді сорып алуға арналған инемен шприцке 0,2 мл ерітілген сарысуды толтыру. Көктамырға енгізу үшін инені шприцке жалғастырып, шприцтегі ауаны шығару.




8

Спирттелген 2 мақта шаригімен инъекция жасайтын аймақты 2 рет өңдеу.




9

Тері ішіне 0,1 мл ерітілген сарысуды енгізу. Жалпы және жергілікті реакцияны 20 минут бойы қадағалап отыру.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет