№
|
Тәжірибелік дағдыны бақылау қадам тізбесі
|
Жауабы
|
1
|
Мақсаты: Ұзақ және тиімді омыраумен тамақтандыруды қамтамасыз ету. Лактация кезінде инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Баланы емізу барысында қолайлы жағдай жасау.
|
|
2
|
Көрсеткіштері: Тамақтандырудың физиологиялық қажеттілігін оңтайлы қанағаттандыру.
|
|
3
|
Қарсы көрсеткіштері: анасының және баласының жақтарынан салыстырмалы және абсалютті көрсеткіштер.
|
|
4
|
Әзірле: үшкіл орамал, бетперде, сабын, орамал, жаялық, омырау сүтіне арналған стерильді ыдыс, анасына табан тірейтін орындық, орауға арналған жиынтық, стерильденген өсімдік майы, мақта салынған жгут.
|
|
5
|
Міндетті шарттар: баланы тыныш жағдайда, тыныштандырылған қалыпта тамақтандыру. Баланы емізіп болғаннан кейін 2 – 3 мин тігінен көтеру, кейін оң жақ қырына қаратып жатқызу. Анасына баланы тамақтандыруға дайындауды, омырау сүтімен емізу ережелерін үйрету.
|
|
6
|
Анасымен танысып, баланы омырау сүтімен қалай емізетінін сұрау.
|
|
7
|
Анасына табиғи тамақтандырудың омырау сүтімен баланы емізудің негізгі ережелерін түсіндіріп, негіздеу.
|
|
8
|
Анасынан омырау сүтімен емізгенде көмек қажет етеді ме сұрау. Баланы қалай тамақтандыратынын бақылау және оның дұрыс жасағанын анықтау.
|
|
|