3 дәрежелі бөртпеде: салфетканы фурацелин ерітіндісіне малып,зақымданған теріге ылғалды таңба салу, салфетка кепкенше теріден жеңіл алынбайды,бұдан кейін кепкен теріге эмульсия немесе дисперсияланған жақпа май жағамыз
16
Таза жөргек кигізіп,жайалыққа орап төсекке жатқызамыз
17
Пайдаланған заттарды лотокка жинап,қолғапты шешіп, қолымызды жуып кептіреміз
Бір жасқа дейінгі баланың дене ұзындығын өлшеу
№
Тәжірибелік дағдыны бақылау қадам тізбесі
Жауабы
1
Мақсаты: баланың физикалық дамуын бағалау
2
Көрсеткіштері: физикалық дамуының динамикасын бақылау, бойдың өзгеруіне байланысты ауруларды анықтау
3
Қарсы көрсетілімдері: жоқ
4
Әзірле: көлденең бой өлшегіш, жаялық, резеңке қолғап, залалсыздандыратын ерітіндімен толтырылған ыдыс, қағаз, қаламсап
5
Анасына/ туысына өлшеудің мақсатын түсіндіріп, рұқсатын алу
6
Көлденең бой өлшегіш шкаласын өзіне қарай қаратып түзужерге орналастыру
7
ҚР ДСМ бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, маска мен резеңке қолғапты киіңіз.
8
Көлденең бой өлшегіш бетін залалсыздандыратын ерітіндіге ылғалданған шүберекпен сүртіп әзірлеу
9
Көлденең бой өлшегіш үстіне жаялықты салу
10
Нәрестенің басын жылжымайтын таяқшаға қаратып, жатқызу
11
Екі аяғының тізесін ақырын басып, аяқтарын түзету. Анасына/ туысына нарестенің басын қозғалтпай ұстап тұруын түсіндіру
12
Көлденең бой өлшегіш аспаптың жылжымалы таяқшасын жылжыты, нарестенің аяғының табанына әкеп тіреу
13
Тіремен таяқшаның орналасқан шкаласы бойынша нәтижесін анықтау
14
Нәрестені көлденең бой өлшегіштен тұрғызу
15
Нәтижесін жазу, анасына/туысына хабарлау
16
Көлденең бой өлшегіштен жаялықты алып аспаптың үстіңгі беткейін залалсыздандыратын ерітіндіге ылдалған шүберекпен сүртіп, әзірлеу