Үлкен еңбек мөлшерін анықтау
бет 12/12 Дата 30.12.2023 өлшемі 84,87 Kb. #145108
Байланысты:
стандарты деятельности студентов каз яз педиатрия (1) Үлкен еңбек мөлшерін анықтау
№
Тәжірибелік дағдыны бақылау қадам тізбегі.
1
Мақсаты: физикалық дамуын бағалау.
2
Көрсеткіштері еңбек мөлшерінің өзгеруін бақылау.
3
Қарсы көрсеткіштері: жоқ
4
Әзірле: Сантиметрлі немесе мөлдір лента,70%Этил спирті, дәке, қағаз,қалам;
5
Анасы немесе туыстарына зерттеу барысын түсіндіріп, келісімін алу.
6
ҚР ДСМ бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, маска мен резеңке қолғапты киіңіз.
7
Сантиметрлі лентаны екі жағынан салфетка көмегімен спиртпен өңдеу.
8
Балаға ыңғайлы қалып беру.
9
Сантиметрлі лентаны бала басының үлкен еңбек аясына қою және бір жағынан екінші жағының ара қашықтығын өлшеу.
10
Алынған нәтижені жазу.
11
Ата-анасына зерттеу нәтижесін хабарлау.
12
Нәтижелерді ф-112-у жазу
Омыраудағы баланың бөртпесі кезінде тері қабатын емдеу әдісі.
№
Тәжірбелік дағдыны бақылау қадам тізбесі
Жауабы
1
Мақсаты: 1.Инфекцияның алдын алу
2. Тері бүтіндігін қалпына келтіру
2
Көрсеткіштері: әр түрлі дәрежедегі бөртпелер
3
Қарсы көрсеткіштер: жоқ
4
Әзірле : резеңке қолғап,стерильді мәрлі майлақтары,стерильді мақта тампоны,жайалық,жөргек, фен немесе желдеткіш,фурацелин ерітіндісі 0,02%,стирильді май,болтушка,эмульсия,дисперсияланған жақпа май.
5
Қауіпсіздік ережесі: баланы қараусыз қалдырмау
6
Мүмкін болатын асқынулар: баланың мазасыздануы
7
Міндетті шарттар: өңдеу гигиеналық ваннадан кейін немесе жуынудан кейін орындалады.
8
Анасына жұмыс барысын және мақсатын түсіндіріңіз
9
Керекті құрал-жабдықтарды дайындау
10
ҚР ДСМ бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, маска мен резеңке қолғапты киіңіз.
11
Дезерітіндімен үстелді залалсыздандырып, жайалық төсеу
Баланы жайалықтың үстіне жатқызу
12
1 дәрежелі бөртпеде: май жағатын аймақты стерильді салфеткамен кептіру. Фен немесе желдеткіш көмегімен ауалы ванна өткізіледі.
13
2 дәрежелі бөртпеде: ауалы ванна жүргізіп, майға малынған салфеткамен терінің зақымдалған аймағын өңдейміз
14
15
3 дәрежелі бөртпеде: салфетканы фурацелин ерітіндісіне малып ,зақымданған теріге ылғалды таңба салу, салфетка кепкенше теріден жеңіл алынбайды,бұдан кейін кепкен теріге эмульсия немесе дисперсияланған жақпа май жағамыз
16
Таза жөргек кигізіп,жайалыққа орап төсекке жатқызамыз
17
Пайдаланған заттарды лотокка жинап ,қолғапты шешіп, қолымызды жуып кептіреміз
Бір жасқа дейінгі баланың дене ұзындығын өлшеу
№
Тәжірибелік дағдыны бақылау қадам тізбесі
Жауабы
1
Мақсаты : баланың физикалық дамуын бағалау
2
Көрсеткіштері: физикалық дамуының динамикасын бақылау, бойдың өзгеруіне байланысты ауруларды анықтау
3
Қарсы көрсетілімдері : жоқ
4
Әзірле: көлденең бой өлшегіш, жаялық, резеңке қолғап, залалсыздандыратын ерітіндімен толтырылған ыдыс, қағаз, қаламсап
5
Анасына/ туысына өлшеудің мақсатын түсіндіріп, рұқсатын алу
6
Көлденең бой өлшегіш шкаласын өзіне қарай қаратып түзужерге орналастыру
7
ҚР ДСМ бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, маска мен резеңке қолғапты киіңіз.
8
Көлденең бой өлшегіш бетін залалсыздандыратын ерітіндіге ылғалданған шүберекпен сүртіп әзірлеу
9
Көлденең бой өлшегіш үстіне жаялықты салу
10
Нәрестенің басын жылжымайтын таяқшаға қаратып, жатқызу
11
Екі аяғының тізесін ақырын басып, аяқтарын түзету. Анасына/ туысына нарестенің басын қозғалтпай ұстап тұруын түсіндіру
12
Көлденең бой өлшегіш аспаптың жылжымалы таяқшасын жылжыты, нарестенің аяғының табанына әкеп тіреу
13
Тіремен таяқшаның орналасқан шкаласы бойынша нәтижесін анықтау
14
Нәрестені көлденең бой өлшегіштен тұрғызу
15
Нәтижесін жазу, анасына/туысына хабарлау
16
Көлденең бой өлшегіштен жаялықты алып аспаптың үстіңгі беткейін залалсыздандыратын ерітіндіге ылдалған шүберекпен сүртіп, әзірлеу
17
Қолғапты шешіп, қолды жуып, кептіру.
Достарыңызбен бөлісу: