5. Білім берудің және оқытудың әдістері: құзіреттіліктерді меңгеру бойынша тиімді кері байланыс, шағын топтарда оқыту SGL, мәселелерге/есептелген негізделген оқыту TaskBL, Ауызша талдау, тест тапсырмаларын, жаттығуларды орындау.
6.Әдебиет:
1. Оқулық. Биологиялық химия, 2011. Т.С.Сейтембетов., Б.И.Төлеуов., А.Ж.Сейтембетова.
2. Биологиялық химия пәнінен лекциялар жинағы. Оқу-әдістемелік құрал. 2018. Б.Ж.Шырынбекова.
Электронды оқулықтар:
1. Биохимия. К.Мэри, Кэмпбелл. http://library.ayu.edu.kz/z
7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)
Өзіндік жұмысқа арналған жаттығулар
1. Пирожүзім қышқылының тотығудан декарбоксилдену реакциясын жазыңыз. Бұл реакцияға қандай ферменттер қатысады? Қандай витаминдер бұл ферменттердің құрамына кіреді?
2. Глюкозаның аэробты ыдырауы кезінде қанша НАД тоттықсызданады? және олардың тағдыры.
3. Глюкозаның аэробты ыдырауы кезінде қанша АТФ түзіледі? Қай этаптар кезінде?
4. Көмірсу алмасуында ЦТҚ-ның, БТ-нің; ТФ-дың ролі.
5. Пентозды тотығуға қатысатын дегидрогеназа ферменттерінің коферменті, олардың маңызы?
Ситуациялық есептер.
1. Ауру адамда витамин В1-дің гиповитаминозы көрсетілген. Көмірсу алмасуының өзгеруін анықтаңыз.
2. Қан құрамында глюкозаның мөлшері 2,5-9,7мм/л-ға тең. Бұл жағдай қалай аталады? Бұл кезде бауырда қай процесс жылдам (тез) жүреді-гликогеногенез немесе гликогенолиз?
Ситуациялық есептер шығару.
Есептің шарттары ортақ:
Төмендегі келтірілген (15 түрлі заттар). Тотыққанда қанша АТФ, қанша тотықсызданған НАДН2 және ФПН2 және қанша субстраттан фосфорлану реакциялары жүретіндігін есептеп шығару қажет.
1. Молекула глюкозаның тотығуы, егерде процесс гликогеннен басталса (глицерофосфат шөрнек механизмінің жұмысы кезінде)
2. 1 молекула глюкозаның тотығуы, егерде процесс гликогеннен басталса (малат шөрнек механизмі).
3. Фруктозо-6-фосфаттың тотығуы глицерофосфат шөрнек механизмі.
4. Фруктозо-6-фосфаттың тотығуы малат шөрнек механизмі.
5. Фруктозо-1,6-дифосфаттың тотығуы глицерофосфат шөрнек механизмі.
6. Фруктозо-1,6-дифосфаттың тотығуы малат шөрнек механизмі.
7. 1 молекула фосфо-глицеро-альдегидтың тотығуы глицерофосфат шөрнек механизмі.
8. 1 молекула ФГА-ның тотығуы малат шөрнек механизмі.
9. 1 молекула 1,3-ди ФГА тотыққанда.
10. ПЖҚ-ның 1 молекуласының тотығуы.
11. АСҚ-ның 1 молекуласының тотығуы.
12. Изолимон қышқылының тотығуы 1 молекуласы.
13. Альфа-кето-глютар қышқылының тотығуы.
14. Сукцинил-КоА-ның тотығуы.
15. Сукцинаттың тотығуы.
Жауабын схема түрінде жазып көрсету керек.
№7.Тақырыбы: Липидтердің қорытылуы және сіңірілуі. Жоғары май қышқылдары және кетонды денелердің алмасуы.
2. Мақсаты: Студенттер ас қорыту жолында липидтердің қорытылуы, ішекте липидтердің гидролиз өнімдерінің сіңірілуі, әр түрлі органдардың липид алмасуындағы ролі, липидтердің тасымалданатын формалары, глицерин мен БМҚ-ның тағдыры жөнінде білім алулары тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |