2. Мақсаты: Студенттер көмірсулардың қорытылуы және сіңірілуі жөнінде, бауырда гликогеннің синтезделуінің және жұмсалуының физиологиялық маңызын, сонымен қатар қандағы глюкозаның деңгейін реттеуші негізгі процесстердің бірі екендігі жөнінде, гликолиз кезінде жүретін реакциялардың мәнімен ретілігін түсіне білуі қажет.
3. Оқыту мақсаты: Адам организмінде тағам көмірсулары қорек ретінде маңызды орын алады. Сол себепті келешек дәрігерге тағам арқылы қандай моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер организмге түсіп тұрады және ас қорыту жолдарында олар қалай ыдырайды,сіңіріледі, қандай метаболизмге ұшырайтынын білу өте маңызды. Патологиялық жағдайда, яғни жүректің ишемиялық ауруларында, инфаркттарда, гипоксиялық жағдайда организмде анаэробты гликолиз күшейеді. Қатерлі аурулар кезінде организмде анаэробты гликолиз-негізгі энергия көзі болып табылады.
Бұл аурулардың этиологиясын және патогенезін анықтау үшін, көмірсу алмасуының метаболизмін білу үшін қажет.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Тағамдағы көмірсулар, классификациясы, маңызы.
2. Көмірсулардың қорытылуы, көмірсуларды қорытуға қатысатын ферменттер.
3. Көмірсулардың сіңірілу механизмдері, сіңірілгеннен кейінгі тағдыры.
4. Гликогеногенез, гликогенолиз, глюконеогенез процесстерінің маңызы.
5. Гликогенолиз, гликогенолиздің жолдары маңызы, оларды жүргізетін ферменттер,
(фосфорилаза, ц АМФ, протеинкиназа).
6. Бауырдағы фосфоролиздің ерекшеліктері.
7. Глюкозаның анаэробты ыдырауы, реакциялар реті, маңызы.
8. ПЖҚ-ң тотығудан декарбоксилденуі, пируватдегидрогеназды комплекстің құрылысы.
9. Сүт қышқылының тағдыры. Кори циклі, маңызы.
10. Пастер эффектісі, маңызы.
11. Қандағы глюкозаның қалыпты мөлшері. Бауырдың көмірсу алмасуындағы ролі.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: құзіреттіліктерді меңгеру бойынша тиімді кері байланыс, мәселелерге/есептелген негізделген оқыту TaskBL, Ауызша талдау, тест тапсырмаларын, жаттығуларды орындау.
6.Әдебиет:
1. Оқулық. Биологиялық химия, 2011. Т.С.Сейтембетов., Б.И.Төлеуов., А.Ж.Сейтембетова.
2. Биологиялық химия пәнінен лекциялар жинағы. Оқу-әдістемелік құрал. 2018. Б.Ж.Шырынбекова.
Достарыңызбен бөлісу: |