Стоматология


Сілекей бездерінің жыланкөздері



бет110/173
Дата31.01.2023
өлшемі2,68 Mb.
#63984
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   173
Байланысты:
книга-хирургическая-стоматология

Сілекей бездерінің жыланкөздері
Сілекей бездерінің жарақаты сирек кездеседі. Мұнда без тіндері мен түтіктерінің бүтіндігі жойылуы мүмкін. Құлақмаңы сілекей безінің жарақаты жиі кездеседі. Доғал немесе өткір заттардың әсерінен без тіндерінің бір бөлігі тілінуі немесе мыжылуы мүмкін. Оқ тиюден болған жарақаттардың аумағы үлкен болады. Бүл бездің жарақаты кезінде бет нерві де жарақаттануы мүмкін.
Құлақмаңы сілекей безінің жарақаттануы без ісіктерін алу, маңындағы флегмоналарды ашу және төменгі жақ бұтағы операциясы кезінде кездесуі мүмкін.
Құлақмаңы сілекейі безінің шығару түтігінің жарақаттануы ауыз қуысы ішінде жасалатын тіліктер кезінде болуы мүмкін. Бұл жарақаттар сілекей жыланкөздерінің пайда болуына себеп болады. Төменгі жақасты немесе тіласты сілекей бездерінің жарақаттары кезінде жыланкөздер пайда болмайды.
Жыланкөздер тері бетінде және ішкі, яғни шырышты қабат бетінде ашылуы мүмкін. Ауыз қуысының ішінде ашылған жыланкөздер емдеуді қажет етпейді. Сыртқы жыланкөздер науқасты физикалық және эмоциональды күйзелістерге үшыратады, ол беттің және мойынның бүйір бетінде орналасып, әрдайым сілекеймен суланып, қабынып, дерматиттер дамиды.
Тері қабатына жиі қүлақмаңы безінің немесе оны шығару түтігінің жыланкөздері ашылады.
Жыланкөздер толық және жартылай деп бөлінеді. Толық жыланкөздер түтік бүтіндігінің бүзылуынан, үзілуінен пайда болады, бұл жағдайда түтіктің толық үзілуінен, оның шеткі бөліктермен жалғасы болмайды, сілекей түгелдей жыланкөз арқылы шығады.
Жартылай жыланкөздер түтіктің жарақаттануынан пайда болады, бірақ сілекейдің түтік арқылы шығуы сақталады (ауыз қуысына).
Сілекей безінің паренхималық жыланкөздері болған жағдайда құлақтың қалқаналды тері қабатында, кейде құлақ сырғалығында және бездің анатомиялық шекарасы аймағында мөлдір сілекей бөлініп тұрған нүкте тәрізді тесік анықталады. Жыланкөздің үзындығы қысқа және бағыты без тіндерінің бағытымен сәйкес келеді.
Жыланкөз ұрт аймағында шайнау бұлшықетінің алдында ашылып көп мөлшерде сілекей бөлініп түрса, бұл белгілер құлақмаңы безінің негізгі түтігінің жыланкөзіне сәйкес келеді.
Жыланкөздің орналасуын немесе басқа да белгілерін анықтау үшін, (зондпен тексеріп көру тәсілінен басқа) өзекке боялған зат жіберу керек (метилен көгі, бриллиант жасылы). Сиалография тәсілімен: жыланкөздің ерекшелігін, оның бездің кейбір аймақтарымен және негізгі түтікпен байланысын, олардың жағдайын анықтауға болады.
Емі. Жаңадан пайда болған жыланкөздерді диатермокоагуляция әдісімен, гальванокаутермен күйдіру, ляпис кристалдарымен өңдеу, жыланкөз өзегіне бірнеше тамшы йод ерітіндісін жіберу арқылы емдеу шаралары жүргізіледі. Бұл шараларды 0,1% атропин сульфат ерітіндісінің 6—8 тамшысын немесе беладонна түнбасымен қатар жүргізген жөн. Аталған шаралар жартылай жы-ланкөздерде сілекей мөлшерінің азаюына септігін тигізеді.
Хирургиялык, ем. Қолданылатын операцияларды екі топқа бөлуге болады: 1. Сілекейдің шығуына механикалық кедергі жасау; 2. Сілекейдің ауыз қуысына шығуына жағдай жасау.
Барлық жартылай жыланкөздерді бірінші хирургиялық жолмен жабуға болады.
Қиын жойылатын жартылай жыланкөздерді К. П. Сапожков-тың (1926), Н. П. Жаковтың (1943) және Лимбергтің ұсынған тәсілдерімен жабуға болады.
Құлақмаңы сілекей безінің секреторлы қызметін жоғарылату үшін 1% пилокарпин ерітіндісінің 6—8 тамшысын тамақтанар алдында операциядан кейін үш күн қабылдау қажет.
Сілекей бездерінің секреторлық қызметін төмендету, хирургиялық емге көнбейтін, тұрақты жыланкөздер кезінде көрсетілген.
Секторлық қызметін төмендету үшін, науқасқа күніне 2—3 рет атропиннің 0,1% ерітіндісін тері астына жібереді.
Рентгенотерапия әдісін қолдану жақсы нәтижелер береді.
Сапожков әдісі. Жыланкөздің ашылу аймағында сопақша тілік жасайды, өзегіне зондты түтел тереңдете ендіріп, жібек лигатурамен байлайды. Пайда болған жарадан 2—3 см жоғары және төмен тері қабатынан апоневрозға дейін жеткізіп тілік жасайды. Осы тілік арқылы айналдыра жібек жіппен тігіс жасап, түгел буып байлайды. Содан кейін жараға кетгутпен (тереңінен), ал тері қабатына қылмен тігіс салады.
М. П. Жаков әдісі. Жыланкөздің ашылған орнын айналдыра сопақша екі тілік жасайды. Жыланкөз жолдары түгел тереңдікте тіліп алынады. Ақауға пластикалық, ал жара шекараларына ішекпен тігіс жасайды, Тігістерді тері бетінен 5 күннен кейін, ал пластикалық тігісті 8—10 күннен соң алады.
А. А. Лимберг әдісі. Бұл әдісті қолдану операциядан кейінгі кезеңде жарадан сілекейдің бөлінуін сақтап, сол арқылы сілекейлі жараның бір-бірімен ажырамауын қамтамасыз етеді және жараның тегіс жазылуына әсер етеді.
Екіншіден тыртықтанған тіндерді тугелдей тіліп алып, көрші тіндермен жабады.
Көлемі үлкен тыртықтарды тіліп алынған соң қалған ақауды үшбұрышты қиықтарды 45° қарсы жылжыту арқылы жабуға болады. Жараның төменгі бөлігінде сілекей бөлінуі үшін орын қалдырады.
Операциядан кейінгі кезеңде сілекей бөлінуін төмендететін шаралар қолдануды (атропин, беладонна) Лимберг зиян деп есептейді.
Жыланкөздерді жабудың қолайлы тәсілі ауыз қуысына ашылатын жаңа жол ашу және шығару түтігінің шеткі бөліктерін пластикалық жолмен жалғастыру болып есептеледі.
Г. А. Васильев әдісі. Инфильтрациялық жансыздандыру арқылы жыланкөздің ашылу аймағында, шығару түтігінің бағытына сәйкес, доға тәрізді көлденең тіліктер жасайды. Жараның алдыңғы шекарасы шайнау етінің алдыңғы қырынан 1 см алға орналасуы керек. Түтіктің ортаңғы бөлігін ашып, жыланкөзді үзына бойы тері қабатымен бірге тіліп алады. Содан соң ауыз қуысы ішінен шырышты қабатынан және ұрт етінен өтетін доғал тілік жа-сайды. Тілше қиынды жасап (ені 1—2 см), бүл қиындының негізі шайнау етінің алдыңғы қырында және тістердің қосылу сызығынан жоғары орналасуы қажет. Қиындының узындығы жы-ланкөздің орналасуына байланысты. Қиынды дайын болған соң, оның негізінен бағыты түтіктің ортаңғы ашылған бөлігіне қарайтын кішкене тік тілік жасайды. Осы пайда болған туннель арқылы қиындыны сыртқа шығарады. Түтіктің ортаңғы бөлігін ұзындығы 3—5 мм болатын тілік жасап, қиындыны түтіктің қабырғасына жұқа кетгутпен тігеді. Оның бойымен резиналы дренаж өткізіп, бір ұшын ұрттың шырышты қабатына тігеді. Ұрттың шырышты қабатында пайда болған ақауды тартып, жақындастырып тігеді (27-сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет