ҚР ҚН 3.02-14-2014 9
5.3.21 Электр техникалық қондырғылар жалынның, қызған элементтердің, электрлік
доғаның, байланысу қосылыстарындағы және ток өткізу белдеуіндегі қызу әсеріне,
сондай-ақ жұмыстың апаттық режимі (қысқа тұйықталу, артық жүктеме) кезінде жанудың
туындауына және таралуына төзімді болуы тиіс.
5.3.22 Жану пайда болғанға дейін апаттық жұмыс режимдерінің туындауы кезінде
қорғаныс аппараттары электр тізбегі учаскесін электр энергиясы көзінен ажыратуы тиіс.
5.4 Пайдалану барысында адамдардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету бойынша талаптар 5.4.1 Жер теліміне қойылатын талаптар 5.4.1.1 Дезинфекциялық бөлімдерді немесе бөлімшелерді жеке тұрған немесе
санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің негізгі объектілеріне жапсарлас ғимараттарға
орналастыру керек.
5.4.1.2 Санитарлық өткізуге, дезинфекциялық камералар жайларына кірме жолдар
мен кіреберісті және дезинфекциялық өңдеу үшін санитарлық көлікті шығатын және
кіретін жерден оқшауланған жерден қарастыру керек.
5.4.1.3 Зертхана ғимараты дербес жер телімдерінде немесе санитарлық-
эпидемиологгиялық қызмет объектілерінің аумағында орналастырылуы тиіс.
5.4.1.4 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілері зертханасының жайларын
жобалаған кезде оларды:
- дербес ғимаратта;
- кіріктірме-жапсарлас немесе жеке қабаттарда орналастыру қажет.
5.4.1.5 Уақытша зертханаларды қауіпсіздікті, судың, электр энергиясының жеткілікті
мөлшерін, сондай-ақ канализация жүйесін ескере отырып, оқшауланған ғимараттарда,
жайларда орналастыруға жол беріледі.
5.4.1.6 Қойма кешенінің аумағын электр қондырғыларын орнатудың қолданыстағы
ережесінің талаптарына сәйкес қоршаумен және жарықтандырумен қамтамасыз ету қажет.
5.4.1.7 Дезинфекциялық құралдар қоймаларын санитарлық-эпидемиологиялық
қызметтердің негізгі ғимараттарына орналастыру керек.
5.4.1.8 Виварий жайларын жеке тұрған ғимаратқа, санитарлық-эпидемиологиялық
қызметтер объектілеріне немесе жоғарғы қабаттарға орналастыру қажет.
5.4.1.9 Виварийдің жеке тұрған ғимараттары саңылаусыз қоршаумен қоршалуы және
санитарлық-қорғаныс аймағының тұрғын үй аумағынан алыс болуы тиіс, аумақты
көгалдандыру қажет.
5.4.1.10 Виварий жайларын күзетпен және өрт сигнализациясымен қамтамасыз ету
қажет, ыңғайлы кіретін жол қарастыру керек.