ҚР ҚН 3.02-14-2014
10
5.4.2.2 «Жұқпалы» аймақта мынадай үй-жайлар орналасуы керек:
- жұқпалы заттар мен іш киімді қабылдауға арналған үй-жайлар;
- дезинфекциялау камераларын жүктегіштер;
- дезинфекциялауға және кір жуу құралдарына арналған зат бөлмесі;
- күтуге, қайта киінуге, қарауға арналған үй-жайлар, душ бөлмелері;
- кір жуу цехтары.
5.4.2.3 Қызметкерлер тұрақты келетін орындарды дезинфекциялау заттарын сақтауға
арналған үй-жайда жайғастыруға жол берілмейді.
5.4.2.4 Санитарлық-гигиеналық жағдайлары әртүрлі учаскелерді бір ғимаратқа
біріктірген кезде жұмыс істейтіндерге, сондай-ақ осы объектідегі тұлғаларға зиянды
факторлардың әсерін ескерту жөніндегі шараларды (оқшаулау, әуе шымылдықтары, жеке
үй-жайда орналастыру және басқалары) қарастыру керек.
5.4.2.5 Зертханалық үй-жайларды дезинфекция (зарарсыздандыру), дезинсекция
жә
не дератизация, қатерсіздендіру құралдары үшін санитарлық-эпидемиологиялық
нормалар мен Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын басқа да
нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес бөлу керек.
5.4.2.6 Биологиялық, емдік-профилактикалық және диагностикалық препараттарға
арналған реттелмелі температура режимі бар камералар орналасқан үй-жайларды
бөліктерге ортақ тамбур құрылғысы арқылы бөлу керек.
5.4.2.7 Зиянды, сондай-ақ агрессивті заттар бөлінетін дезинфекциялау бөлімдерінде
конструкциялардың қабырғалары, төбелері мен беттері үшін сіңуді болдырмайтын және
ылғалды тазалауға, жууға жол беретін өңдеу қабатын қарастыру керек.
5.4.2.8 Дезинфекциялық құралдар өндіруге арналған үй-жайларда химиялық
заттардың әсеріне төзімді жабындардан тұратын едендер қарастыру керек.
5.4.2.9 Ішкі әрлеу үшін санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілеріндегі үй-
жайлардың функционалдық мақсатына сәйкес материалдар қолданылуы тиіс.
5.4.2.10 Үй-жайлар қабырғаларының, едендері мен төбелерінің беттері тегіс,
ақаулықтарсыз, ылғалды тазалау үшін оңай қолжетімді және жуу мен дезинфекциялау
құралдарымен өңдеуге төзімді болуы тиіс. Панельдерді қолдану кезінде олардың
конструкциясы да тегіс бетті қамтамасыз етуі тиіс.
5.4.2.11 А және Б тазалық класындағы үй-жайларда төбе мен қабырғаның барлық
биіктік бойымен орналасқан жабындары тегіс, ылғалға төзімді, жуу және дезинфекциялау
құралдарын қолдану кезінде орнықты болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: