Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет9/55
Дата15.10.2022
өлшемі1,6 Mb.
#43240
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55
Байланысты:
45 СН РК 3.02-14-2014

ҚР ҚН 3.02-14-2014 

5.2.10 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жобалау кезінде 
ғимараттар мен құрылыстардың көп қабатты конструкцияларының үздік пайдалану 
сипаттарын қамтамасыз ету мақсатында оның жылы жағының сыртқы қабаттарына 
қарағанда, жылу өткізгіштігі мен бу өткізгіштігі жоғары қабаттарда орналастырылуы 
керек. 
5.3 Өрт қауіпсіздігі бойынша қойылатын талаптар
5.3.1 Ғимараттың өрт қауіпсіздігі «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар», 
«Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және 
автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды 
басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламенттерінің және 
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын басқа да нормативтік құжаттар 
талаптарына сәйкес келуі тиіс. 
5.3.2 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жобалау кезінде өрт 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоймалық үй-жайлардың дұрыс жоспарлануын 
қарастыру қажет. 
5.3.3 Отқа төзімділікті арттыру мен қабырғалардың ішкі және сыртқы беттерінің өрт 
қауіптілігін төмендету мақсатында жанбайтын материалдан немесе сылақтан қаптау 
құрылғысын қарастыру керек.
5.3.4 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жоспарлау, салу мен 
пайдалану кезінде мыналар қамтамасыз етілуі қажет:
а) өрттің туындау ықтималдығын болдырмау; 
б) өрт кезінде үй-жайлардың түтіндену қаупінің алдын алу немесе шектеу; 
в) адамдарға, мүлікке және ғимаратқа өрттің қауіпті факторлары әсерінің салдарын 
шектеу; 
г) адамдарды эвакуациялауға және өрттен келетін зиянды азайтуға бағытталған өзге 
де әрекеттерді орындауға қажетті уақыт ішінде санитарлық-эпидемиологиялық қызмет 
объектілерінің орнықтылығын, сондай-ақ көтергіш құрылыс конструкцияларының 
беріктігін сақтау; 
д) іргелес ғимараттар мен құрылыстарға өртті таратпау; 
е) адамдарды өрттің қауіпті факторларының әсері салдарынан олардың өмірі мен 
денсаулығына қауіп төнгізбей қауіпсіз аймаққа көшіру (мүгедектер мен қозғалу 
мүмкіндігі шектеулі қызметкерлер топтарының ерекшеліктерін ескере отырып); 
ж) өрт сөндіру күштері құрамының ғимараттың кез келген үй-жайына қатынасу және 
өрт сөндіру құралдарын жеткізу мүмкіндігі; 
и) өрт ошағына өрт сөндіру заттарын беру мүмкіндігі; 
к) адамдарды құтқару және өрттен мемлекеттік мүлікке, сондай-ақ жеке және заңды 
тұлғалар мүлігіне, қоршаған ортаға, адамдардың өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен 
өсімдіктерге келтірілген залалды азайту шараларын жүргізу мүмкіндігі. 
5.3.5 Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында эвакуациялық шығатын есіктер 
қарастыру қажет, олардың саны эвакуацияның есептік уақытымен анықталуы тиіс. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет