Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет10/55
Дата15.10.2022
өлшемі1,6 Mb.
#43240
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   55
ҚР ҚН 3.02-14-2014 
 

5.3.6 Өртке қарсы қабырғалар іргетасқа немесе іргетас арқалықтарға сүйенуі және 
ғимараттың бүкіл биіктігіне салынуы тиіс, олар жабыннан жоғары болуы тиіс.
5.3.7 Өртке қарсы қабырғалар, егер жабынды қоса алғанда, төсем мен шатырдың 
барлық элементтері жанбайтын материалдардан орындалғанда, жабыннан жоғары 
болмауы да мүмкін. Сонымен қатар жанбайтын немесе қиын жанатын материалдардан 
орындалған сыртқы қабырғалары бар ғимаратта өртке қарсы қабырғалар карниз бен 
шатыр асылмасынан, сыртқы қабырғалар тегістігінен шығып тұруы тиіс.
5.3.8 Қаңқаның оны толтырғышпен және бекіту жіктерімен бірге отқа төзімділік 
шегі өртке қарсы қабырғаның типіне сәйкес келетін талап етілетін отқа төзімділік шегінен 
кем болмауы тиіс.
5.3.9 Ғимаратты бөлу кезінде өрт бөліктеріне биік және кең бөлік қабырғасын 
қолдану керек.
5.3.10 Баспалдақтар санын және олардың санитарлық-эпидемиологиялық қызмет 
объектісі жоспарында орналасуын сәулет-құрылыс шешіміне, ғимараттың отқа төзімділік 
шегіне, қабат санына және адам ағындарының қарқындылығына байланысты белгілеу 
қажет.
5.3.11 Барлық баспалдақтарда аралықтар санын бірдей, алаңдарды марш еніне тең 
немесе одан үлкен етіп қабылдау қажет. 
5.3.12 Жүк көтергіш лифтілік шахталардың есіктері аспалы құлыптармен, 
кергіштермен, қарапайым хабарлағыштармен және т. б. құрсаулануы тиіс. 
5.3.13 Кіреберіс тамбурлардың жоспарын шешкен кезде адам ағындарының еркін 
қозғалысын ескеру қажет.
5.3.14 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін өртке қарсы қорғаныс 
жүйесімен жабдықтау керек, ол үшін мынадай міндетті элементтерді қарастыру қажет: 
- түтінге қарсы қорғаныс; 
- ішкі өртке қарсы су құбыры және автоматты түрде өрт сөндіру құралы; 
- өрт бөлімшелеріне арналған лифтілер; 
- автоматты өрт сигнализациясы; 
- өрт туралы хабарлау және адамдарды эвакуациялауды басқару жүйесі.
5.3.15 Барлық жүйелерді басқаруды бір орталық пульттен жүзеге асыру керек.
5.3.16 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінде ішкі өртке қарсы су 
құбыры мен автоматты түрде өрт сөндіру жүйелерін бөлек қарастыру қажет. 
5.3.17 Оқшауланған баспалдақ құдықтарындағы, лифтілік шахталар немесе соған 
ұқсас өзге орындардағы өрт хабарлағыштарын жекелеген аймақ түрінде қарастыру қажет. 
5.3.18 Отқа қарсы қорғаныс жүйелерінің электр жабдығы өрт жағдайында адамдарды 
қауіпсіз орынға толық эвакуациялауға қажетті уақыт ішінде жұмысқа қабілеттілігін 
сақтауы тиіс. 
5.3.19 Электр техникалық қондырғылар қауіп көзін болдырмауы және жанудың 
ғимараттан тыс таралуын болдырмауы тиіс. 
5.3.20 Электр техникалық қондырғыларға қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары 
оның конструктивтік ерекшеліктері мен қолданылу саласын негізге ала отырып 
белгіленеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын 
нормативтік құжаттарға сәйкес қолданылуы тиіс. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет