ҚР ҚН 3.02-14-2014 14
5.4.5.4 Биологиялық, емдік-профилактикалық және диагностикалық препараттарға
арналған реттемелі температура режимі бар камералар орналасқан үй-жайларда бөліктерді
ортақ тамбур арқылы бөлу керек.
5.4.5.5 Еден жабыны, қабырғалар, төбелер, қойманың ішкі конструкциясы үшін
химиялық әсерлерден қорғауды қамтамасыз ететін және бетіне ылғал жинамайтын және
зиянды немесе агрессивті заттардың сіңуін болдырмайтын және ылғалды тазалау мен
жууға жол беретін материалдарды (керамикалық плита, майлы бояу) қолдану керек.
5.4.5.6 Үй-жай
температурасы
Қазақстан
Республикасының
аумағында
қолданылатын нормативтік құжаттарға сәйкес жол берілетін деңгейден төмен болмауы
тиіс.
5.4.5.7 Қойма үй-жайы жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттар құрамының шекті
жол берілген шоғырдан аспауын қамтамасыз ететін желдеткішпен (табиғи немесе
механикалық) жабдықталады.
5.4.5.8 Қоймаларды тек орталықтан (бу, су) ғана жылытуға жол беріледі.
5.4.5.9 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жүк көтергіштермен
жабдықтау керек.
5.4.5.10 Көтергіштер саны Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын
нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес анықталады. Бұл ретте бактериологиялық және
вирусологиялық зертханаларда бөлек көтергіштер қарастырылуы тиіс.
5.4.5.11 Таза (қосалқы) құрал-сайман қоймасын қарастыру, оны дезинфекциялық-
жуу бөлімінің жанына орналастыру қажет.
5.4.5.12 Дезинфекциялық құралдарды сақтауға арналған үй-жай құрғақ болуы керек.
5.4.5.13 Дезинфекциялық құралдарды тікелей күн сәулелерінің әсерінен жасырын
орындарда сақтау керек.
5.4.6 Виварий үй-жайлары 5.4.6.1 Виварий үй-жайлары бір-бірінен оқшауланған мынадай үй-жайлар тобынан
тұруы тиіс:
- жануарларды ұстауға арналған;
- карантиннен;
- изолятордан;
- манипуляциялық;
- жануарларды жұқтыруға арналған;
- асханалар мен өзге үй-жайлардан.
5.4.6.2 Тәжірибеде қолданылатын қос мекенді жануарлар мен балықтар механикалық
түрде жұмыс істейтін тарту-сору желдеткішімен жабдықталған астыңғы немесе
жертөлелік үй-жайларда орналасуы тиіс.
5.4.6.3 Изолятор, карантин, жануарларды жұқтыруға арналған үй-жайларды, ас
үйлер, сонымен қатар ұсақ жануарлар мен қалдықтарды өртеуге арналған үй-жайларды
жекелеген сыртқы кіре беріс жолмен жобалау керек.
5.4.6.4 Әрбір виварийде түсетін жануарларды қабылдауға арналған үй-жай болуы
тиіс.