Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет17/55
Дата15.10.2022
өлшемі1,6 Mb.
#43240
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55
ҚР ҚН 3.02-14-2014 
15 
5.4.6.5 Ұсақ кеміргіштер бар виварийлерде, қабылдау бөлімінің алдында түскен 
жануарларды машина тиейтін және түсіретін жылытылған тамбур орнатылады. 
5.4.6.6 Зертханалық корпустар виварийлерін орналастыру кезінде қабылдау бөлімі 
мен жылытылған тамбур тек зертханалық жануарларды көтеру үшін қолданылатын лифт 
арқылы вивариймен байланыстырылады. 
5.4.6.7 Карантин бөлмелеріне ауру және ауру деп күдіктенген жануарларға арналған 
оқшаулау бөлмесімен шектеседі. 
5.4.6.8 Зертханалық жануарларды орналастыруға арналған үй-жайлар желдету 
жүйесіне қосылған торларға арналған шкафтармен жабдықталуы тиіс. 
5.4.6.9 Бастапқы өңдеу камерасының бөлмесін өзгелерден бөлу және тарту-сору 
желдеткішімен және камералардағы арнайы құралдармен бөлу керек. 
5.4.6.10 Қазандық бөлмесінде ұсақ жануарлардың өліктері мен қалдықтарды өртеуге 
арналған үй-жай қарастыру керек. 
5.4.6.11 Патологиялық-анатомиялық мақсатта союға дейін жануарлардың өліктерін 
сақтау үшін виварий бөлімінің диагностикалық бөлмесіне арнайы тоңазытқыш қарастыру 
керек.
5.4.6.12 Жемдер мен жартылай фабрикаттарды осы мақсат үшін арнайы бөлінген 
жер – қоймада сақтау керек.
5.4.6.13 Виварийдің «таза» үй-жайларына, жеке тұрған ғимараттарға кіру гардероб 
арқылы орындалады. 
5.4.6.14 Жануарларды, изоляторларды қабылдау, карантиндеу, тәжірибелік және 
жұқтырылған жануарларды орналастыру бөлмелерінің, зарарсыздандыру бөлмесінің, ас 
үйдің, дезинфекциялық-жуу бөлімінің, құрал-саймандар қоймасының, қызмет көрсететін 
қызметкерлердің тұрмыстық үй-жайларының, дәліздердің едендері су өткізбейтін 
материалдан, ернеуліктерсіз болуы тиіс, канализацияға жалғанған ағызу жолдарына, 
науаларға көлбеу болуы қажет. 
5.4.6.15 Шырағдандар мен жабық типті жарықтандыру арматурасы ылғалды тазалау 
үшін қолжетімді болуы тиіс. 
5.4.7 Санитарлық қондырғыларды орналастыру 
5.4.7.1 Қызметкерлерге арналған тазалау кабиналары мен душ бөлмелерінің 
өлшемдерін Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құжаттар 
талаптарына сәйкес қарастыру керек. 
5.4.7.2 Жедел бөлімше мен зертхана қызметкерлеріне арналған санитарлық 
тораптарды бөлек қарастыру керек.
5.4.7.3 Зертханалар қызметкерлердің қолдарын жууға арналған раковиналармен 
жабдықталады. Сонымен қатар ыдыстарды, араластырғыштар арқылы суық және ыстық 
су жеткізілетін құрал-саймандарды жууға арналған раковиналар немесе ванналар 
орнатылады. 
5.4.7.4 Инфекциялық бөлімдер зертханаларына, бактериологиялық зертханаларға, 
сонымен қатар қызметкерлерге арналған санитарлық өткізу орындарына, шлюз-бокстарға, 
жартылай бокстарға және санузелдерге кіре беріс алдындағы үй-жайларды шынтақпен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет