ҚР ҚН 3.02-14-2014 18
кезінде климаттық аймаққа сәйкес жұмыс істеуі немесе оның жұмыс қабілеттілігін
қамтамасыз ететін саңылаусыз термиялық қаптарда орналасуы тиіс.
5.5.1.7 Лифтінің электр қондырғысы апаттық жағдайлардың, адамдардың
қатысуымен болатын апаттық немесе жазатайым жағдайлардың туындауына жол бермеуі
тиіс.
5.5.1.8 Лифтілердің барлық типтері электр байланыстарымен жабдықталады.
5.5.1.9 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жобалау кезінде оларға
инженерлік жүйелер орнатылуын, олардың телефон және электр сағаттарымен
жабдықталуын қарастыру керек.
5.5.1.10 Байланыс типтері, олардың көлемі мен мақсаты нормативтік құжаттар
талаптарына сәйкес анықталады.
5.5.1.11 Өрт сигналы жабдығын сәулелендіру деңгейінің төмендігін, дегенмен күшті
сыртқы кедергілерге төзімділігін ескере отырып таңдау және орналастыру керек.
5.5.1.12 Адамның ток жүргізу бөліктеріне тікелей жанасу мүмкіндігін болдырмау,
сонымен қатар электр жабдығына электрлік зақымдануларға, апаттарға, өрттер мен
жарылыстарға әкеп соқтыруы мүмкін сыртқы ортаның бүліну әсерлері мен өзге
факторлардың ықтимал әсер етуінен қорғанысты қамтамасыз ету қажет.
5.5.1.13 Электрлік қорғаныс аппараттары жүктеменің есептік тогының ұзақ мерзімді
ағынына және шекті токтың қысқа мерзімді әрекетіне сай есептелуі тиіс.
5.5.2 Сумен қамту және канализация 5.5.2.1 Шаруашылық-ауыз су, өртке қарсы, ыстық және суық сумен қамту,
канализация жүйелерін жобалау кезінде ҚР ҚН 4.01-01, ҚР ҚН 4.01-03 және
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын басқа да нормативтік құжаттар
ережелерін ескеру керек.
5.5.2.2 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жобалау кезінде
канализация жүйелерін біріктіру тиімділігін қарастыру, техникалық, экономикалық және
санитарлық талаптарды ескеру қажет.
5.5.2.3 Канализация жүйесін беттік ағын суларға қойылатын талаптарды, климаттық
жағдайларды, елді мекеннің жер бедері мен өзге факторларды ескере отырып таңдау
керек.
5.5.2.4 Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және адамдардың денсаулығын қорғау
мақсатында нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес шаруашылық-ауыз су
мақсатындағы су сапасының жоғары сапасын қамтамасыз ету қажет.
5.5.2.5 Аспаптарға жеткізуден басқа, ыстық сумен жабдықтау жүйесінің құбырын
жылу шығынын сақтау үшін оқшаулауға жол беріледі.
5.5.2.6 Арналарға, шахталарға, санитарлық-техникалық кабиналарға, тоннельдерге,
сондай-ақ ылғалдығы жоғары үй-жайларға жүргізілетін ыстық сумен жабдықтау
жүйесінің құбырларын (тұйыққа тірелген өрт тіреушелерінен бөлек) ылғалдың суға
айналуын болдырмау үшін оқшаулау керек.