Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет21/55
Дата15.10.2022
өлшемі1,6 Mb.
#43240
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   55
ҚР ҚН 3.02-14-2014 
19 
5.5.2.7 Шаруашылық-ауыз су құбыры жүйесіне орнатылатын қысым реттеуіштері 
статистикалық жұмыс режимінде де, динамикалық жұмыс режимінде де есептік қысымды 
қамтамасыз етуі тиіс. 
5.5.2.8 Ғимараттар мен құрылыстарда судың ауыстырымдылығын қамтамасыз ету 
үшін өрт тіреушелерін тиекті арматура орнату арқылы бір немесе бірнеше су ірку 
тіреулермен шеңберлеуді қарастыру керек. 
5.5.2.9 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілері үшін ішкі өртке қарсы су 
құбырын ғимараттың өртке төзімділік дәрежесіне және өрт қауіпсіздігі санатына, сонымен 
қатар ғимараттың функционалдық мақсатына байланысты орнату керек. 
5.5.2.10 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінің кіре берісіне 
гидростатикалық қысымды кепілдендірілген қысымнан жоғарылату қажеттілігі немесе 
оның мерзімді жетіспеушілігі, сонымен қатар мәжбүрлі айналымын қолдау қажеттілігі 
жағдайында орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесіне сорғы 
қондырғысының орнатылуын қарастыру қажет. 
5.5.2.11 Санитарлық-эпидемиологиялық 
қызмет 
объектілерінде 
сорғы 
қондырғыларын (өрт сөндіру құрылғыларынан бөлек) адамдар ұзақ орналасатын үй-
жайларға тікелей орналастыруға жол берілмейді. 
5.5.2.12 Сорғы қондырғыларын және олардың жұмыс істеу режимін техникалық-
экономикалық салыстыру негізінде анықтау керек. 
5.5.2.13 Әрбір кіреберіске жеке сорғы қондырғыларын орнату кезінде кіреберістерді 
біріктіру талап етілмейді. 
5.5.2.14 Зертханада орталықтандырылған суық және ыстық сумен жабдықтау, 
канализация, электрмен жабдықтау, жылыту жүйелері болуы тиіс.
5.5.2.15 Елді мекенде орталықтандырылған су құбыры мен канализацияның болмауы 
жағдайында дербес жүйелер орнатылуы тиіс. 
5.5.2.16 Зиянды газдар бөліну арқылы химиялық реакциялардың жүруі жағдайында 
суағарларды біріктіруге жол берілмейді.
5.5.2.17 Газдар (булар, ұшқыш құрауыш бөліктер мен өзге заттар) бөлетін өндірістік 
ағын суларды бұру және жіберу жағдайында олардың үй-жайларға енуіне қарсы шаралар 
қарастыру керек. 
5.5.2.18 Жергілікті қондырғылардағы суды тазалағаннан кейін ағын судың сапасы 
оларды сыртқы канализация желісіне қабылдау техникалық шартына және санитарлық-
гигиеналық талаптарға сәйкес келуі тиіс. 
5.5.2.19 Жергілікті тазалау құрылыстары мен құрылғыларының жабдығы мен 
сызбасын ағын сулардың құрамындағы ластаушы заттардың шоғырына, айналмалы сумен 
жабдықтау жүйесіндегі су сапасына қойылатын талаптарға байланысты жобалау керек. 
5.5.2.20 Эфирдің және өзге жеңіл тұтанатын заттардың ерітінділерін су құбырының 
раковиналарына немесе ағызу құйғыштарына құюға жол берілмейді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет